Месячные архивы: Апрель 2024

САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Сарыағаш орталық ауруханасының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді. Бүгін азық-түлік, тұрмыстық әрі гигиеналық заттар мен көрпе төсек,әлеуметтік қажетті заттар тиілген 2 жүк көлігі Атырау облысына жөнелтілді.­ Апатты аймақтағы тұрғындарға жәрдем қолын созуға Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Мирзалиев бастаған ұжым қызметкерлері белсенді атсалыстып жатыр. “Еліміздің бірнеше аймағында болып жатқан көктемгі су тасқыны жергілікті ағайын-жұртты ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАН АУМАҒЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өткізілмек. Сауран ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Қазіргі таңда аудан көлемінде ағаштардың түбін қопсыту, сырт келбетін көріктендіру, көшет орындарын дайындау жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда. Алдағы уақытта 26 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Бұған дейін наурыз айында Сауран ауданына ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түркістан облысының барлық қала, аудандары тазалық жұмыстарын бастап кеткен. Нақтырақ айтсақ, «Таза өлке – Түркістан» науқаны бойынша Түлкібас, Шардара аудандарында күллі мұсылманға ортақ Рамазан айт мейрамы қарсаңында тазалық жұмыстары қарқын алды. Түлкібас ауданында жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазарту, ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарына тұрғындар белсене кіріскен. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 201 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛЫП, 317 МЫҢ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

Аббаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын сапалы жүргізбеген аудан, қала әкімдерінің жұмысына кезекті рет сын-ескертпе айтылды. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мәселе арнайы қаралды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де өз деңгейінде жүйеленбегенін айтып, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді. – Әкімі қандай болса, көшесі сондай болады. Бірнеше рет бұл мәселе бойынша тапсырма берілді. Бірнеше аудан, қалада ғана сәл ...

Читать далее »

САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨСІРІЛГЕН БАНАН МЕН ӨҢДЕЛГЕН ЖЕМІС ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекеттік қолдаулар көп. Ниет білдіргендерге түрлі бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие де қарастырылған. Бұл бағытта сайрамдықтар да өз ісін дөңгелетіп отыр. Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «GEN GROUP KAZAKSTAN» жылыжайына барды. Фермерлік жылыжай кешені 2023 жылдың маусым айында іске қосылған. 150 адам тұрақты жұмыс ...

Читать далее »

Жеке үйде орналасқан есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті 22 наурызда жеке үйде орналасқан психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.   Осы құқық бұзушылық жасады деген күдікпен екі шетелдік ұсталды. Тінту барысында 20 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 мың литр прекурсорлар мен «синтетика» жасауға арналған жабдықтар алынды.   Алдын ала табылған шикізат шетелден логистикалық компаниялар арқылы жасырын түрде жеткізілгені анықталды. Қылмыстық Кодекстің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МАТРАЦ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ

Бүгін Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінде матрац шығатарын шағын цех іске қосылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, ауылдық округ әкімі Сыздық Пірметов, зиялы қауым өкілдері мен ауыл ақсақалдары қатысты. Аталған жоба 2023 жылы бастау алып, биыл пайдалануға беріліп отыр. Жобаның құны 300 млн теңгені құрайды. Қуаттылығы жылына 3600 дана матрац шығаруға қауқарлы. Бүгінде тұрақты 5 адам жұмыспен қамтылған. ...

Читать далее »

Халық саулығын жақсарту

  Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты Ақбура дәрігерлік амбулаториясының мамандары «Денсаулық күні» атты ұлттық бағдарламасы бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Амбулатория қызметкерлері ауылдағы мектептерге арнайы барып, оқушылардың саулығын жақсарту үшін іс шаралар өткізді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесіп, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Денсаулық күні» атты ұлттық бағдарламасының мақсаты – құрамында тұз, қант, әртүрлі майлар бар азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АТЫНАН СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЛЕГІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Қарғын судың астында қалған ауылдарға ағылған халық көмегі сүрінгенге сүйеу, құлағанға демеу болып, жұдырықтай жұмылған бірлігімізді көрсетуде. Су басқан аймақтардың тұрғындарына арналған азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсеніш, тұрмысқа қажетті басқа да заттарды жинап жөнелтуге жалпы тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, депутаттық корпус өкілдері, азаматтық ұйымдар, волонтерлар, діни ұйымдардың қызметшілері, Жастар ресурстық орталықтары мен жас белсенділер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, «AMANAT» партияcының өкілдері, күш біріктіріп, қиындықты ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕ КЕЛГЕН ШЕТЕЛ ТУРИСТЕРІНІҢ САНЫ 5 ЕСЕ АРТТЫ

Түркістан облысына шетелден келетін қонақтардың саны артып отыр. Е-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіштерге сүйенсек, биылғы жылдың І тоқсанында 4485 шетел турисі келген. Олардың қатарында Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Франция, ҚХР, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея, Үндістан елінің тұрғындары бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 есе көп. Өткен жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш – 980, 2022 жылы 358 болған. Шетелдіктердің басым ...

Читать далее »