Месячные архивы: Июль 2024

Жас боксшы жеңіске жетті

Түркістан облысы Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №93 Абылайхан атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Айтуған Нұрислам Нұрбекұлы байрақты бәсекеге қатысып, ауданымыздың абыройын асқақтатуға зор үлес қосты. Жас спортшы Еркін күрестен Азия чемпионаты атанды.  Жақында Таиландтың Сирача қаласында 15-19 шілде аралығында еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл мәртебелі турнир құрлықтың түкпір-түкпірінен үздік жас палуандардың басын ...

Читать далее »

«Көркем әжелер» тобы өнер фестивалінде екінші орынды иеленді

    Сайрам ауданынан «Керкем» тобы Халықаралық «Ыр Кербен» фестиваліне қатысты. Жақында Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы өнерлі әжелерден жасақтаған «Керкем» әжелер тобы Қырғызстанның көрікті Ыстық көлінің жағасында өткен «Ыр Кербен» халықаралық фестиваліне қатысып қайтты. «Ән керуені» деп те аталатын бұл ән байқауы жыл сайын өткізіліп, әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды тартады. Алғашында «Ыр Кербен» фестивалі Қырғызстанның Ош қаласының тұрғындары үшін ұйымдастырылған шағын ...

Читать далее »

Археологияны сүйетіндердің үлкен қызығушылығын тудырады

  Археологиялық ескерткіштердің өткеннен нақты деректер беру арқылы халқымыздың тарихын, тамырын зерттеуде маңызы зор. Осындай айтулы орындардың бірі – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Арыс өзенінің жағасындағы Мәдени ауылында орналасқан көне Ханқорған қалашығы.   Ханқорған қалашығы – үлкен тарихи маңызы бар нысан. Алыстан көрінетін көне қала Оңтүстік өңірдегі Абылай ханның резиденциясы болған. Абылай хан саналы ғұмырын қазақ халқының бірлігін сақтауға арнаса, ...

Читать далее »

Суретшінің Қазақстанның ұлттық мәдениетіне қосқан үлесі қомақты

  Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданын нағыз таланттардың мекені деуге болады. Бір ғана ауылдан әлемге танылған 17 суретші шыққан. Бүгінде олардың туындылары халықаралық көрмелерде ілулі тұр. Солардың бірі де бірегейі Құттыбек Жақып. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі талантты суретші ұлттық қолөнері де дамытып жүр. Теріге жан бітіріп, бүгінде бірегей өнердің көпке танылуына мұрындық болып отыр. Атақты суретші осыдан үш жыл бұрын ...

Читать далее »

Тарихи мұра обьектілерін тіркеудің маңыздылығы айтылды

  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековтің Бәйдібек ауданының ардагерлерімен және зиялы қауымымен кездесу өткізді. Осы кездесуде ол заңнама саласындағы жұмысына кеңінен тоқталып, қабылданып жатқан заң жобаларының ел үшін маңыздылығын атап өтті.   Ұласбек Сәдібеков назар аударуды қажет ететін бірнеше негізгі мәселелерге тоқталды. Депутат Бәйдібек ауданын экологиялық аймақтар тізіміне енгізу туралы тиісті министрліктерге сауал жолдағанын айтты. Бұл қадам экологиялық ...

Читать далее »

Тарихи мұра обьектісінің атауы жаңғырды

Түркістан облысының тарихы мен мәдениетінде «Шаян мешіт-медресесінің» алатын орны ерекше. Бұл жай ғана діни ғимарат емес, еліміздің маңызды тарихи жәдігері. Мешіт-медресе іргетасы қаланған күннен бастап діни ағарту және рухани ағарту орталығы қызметін атқарып келеді. Міне, осы мекеме қабырғасында жастар имандылық туралы білім алып, діни сауатын шыңдады.   Тарихи аты айтып тұрғандай «Шаян мешіт-медресе» халықтың имандылығын оятып, діни сауаттылығын арттыруға қызмет ...

Читать далее »

Облыстық жас ақындар сайысы өтті

  Бәйдібек ауданында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен облыстық жас ақындар жиыны өтті. «Тәуелсіз елдің ақындары» атты жыр мүшәйрасының басты мақсаты – жастар арасында отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас ақындардың шығармашылығын қолдау болды.   Шараның басты мақсаты – жастардың патриоттық сезімін, туған жерге деген сүйіспеншілігін поэзия арқылы нығайту. Іс-шара жас дарындарды анықтау және қолдау, олардың өзін-өзі көрсету ...

Читать далее »

Кітапхана – жастардың кітаптан рухани нәр алатын маңызды мәдени ошақтары

  Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының «Жастар» ресурстық орталығы ең үздік орталық номинациясын жеңіп алды. Аталмыш орталық бүгінде қарқынды жұмыс атқаруда. Ауданда 19 742 жас тұрады, мұндағы қоғамдық өмірдің бір қыры – жергілікті кітапханалар өткізетін іс-шараларға жастардың белсене қатысуы. Кітапхана қызметкерлері жастардың мекемелермен байланысын мұқият қадағалап, олардың ауданның мәдени өміріне белсене араласуына жан-жақты басшылық жасауға ұмтылады.   Кітапханалар – жастардың ...

Читать далее »

Ұлттық аспапқа арналған көрме ашылды

  Түркістан облысындағы Бәйдібек аудандық сәулет және өнер мұражайы ұлттық мұра мен мәдениетті насихаттауға ұмтылып, көне жәдігерлерді мұқият сақтауда. Мұражайдың маңызды жобаларының бірі – қазақ домбырасын және басқа да ұлттық аспаптарды кеңінен насихаттауға бағытталған «Қазақстан халқының ұлттық музыкалық аспаптары» көрмесі. Көрмеге Қазақстанның және көршілес елдердің бай музыкалық мәдениетін көрсететін түрлі музыкалық аспаптар қойылған:   Қазақтың қара домбырасы – қазақ халқының ...

Читать далее »

Ұлағатты ұстаздың өнегелі ісі

  Оқушыларды дене тәрбиесі мен шынықтыруда Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Сарыбұлақ білім беру мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Есімхан Балқыбековтың еңбегі зор. Оның тынымсыз еңбегі мен жанкештілігі шәкірттерінің көптеген жетістіктерінен көрінеді. Есімхан Балқыбеков бар күші мен тәжірибесін балаларды оқытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортқа деген сүйіспеншілікке баулуға жұмсайды. Оның күш-жігері оқушылардың физикалық дамуына ғана емес, жан-жақты дамыған тұлға етіп ...

Читать далее »