Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, халықаралық құрылымдардың өкілдерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр. Ресей Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Қазақстанның шығыс аймағындағы алапат орман өртіне байланысты өзінің қолдауын және жылы лебізін білдірді. – Табиғат апатының ауыр салдары еңсеріліп, зардап шеккен аумақтар қалыпты өмірге оралатынына ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Түркия тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Өзбекстан Президенті Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қаза тапқан азаматтардың отбасының қайғысына ортақ екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растады және ...
Читать далее »Қазақстан мен Вьетнам СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Вьетнам Социалистік Республикасының Сыртқы істер министрі Буй Тхань Шонмен телефон арқылы сөйлесті. Министр Б. Шон Абай облысындағы адам шығынына әкелген ауқымды өрттің салдарына байланысты Қазақстан халқы мен басшылығына көңіл айтып, өңірдің тез арада қалпына келуін тіледі. Сонымен қатар тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы ...
Читать далее »Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті. Өзбекстан СІМ басшысы Абай облысындағы ауқымды өрттердің салдарынан адам шығынына байланысты Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтты, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына жанашырлық пен қолдау білдірді. Сонымен қатар сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және алдағы іс-шаралар кестесін талқылады.
Читать далее »Канада өкілдері Астана халықаралық форумына қатысу бойынша өз әсерлерімен бөлісті
Канадалық сарапшылар жергілікті мекеме мен іскер қоғамдастық үшін олардың ү.ж. 8-9 маусымда Қазақстан елордасында өткен Астана халықаралық форумының жұмысында қатысу қорытындылары бойынша онлайн іс-шара өткізді. Іс-шараға Канаданың мемлекеттік органдары, аналитикалық орталықтары мен іскерлік топтарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. Қазақстандық қоғамның өзгермелі құрылымы мен динамикасы, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, жасыл энергетикаға көшу, жасанды интеллект пен көпжақты ...
Читать далее »HALYK BANK 3 МЛН ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК БЕРЕДІ
Абай ауданындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасыларына Halyk-тан үш миллион теңге беріледі. Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына қаржылай көмек жібереді. Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің Halyk Bank-тегі бар несиелері есептен шығарылады. Банк басшылығы мен қызметкерлері қызмет кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады. Halyk bank Баспасөз қызметі ttjk.info
Читать далее »Қазақстан СІМ-де БҰҰ Даму бағдарламасымен көпжоспарлы ынтымақтастық талқыланды
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Еуропа мен ТМД үшін Өңірлік бюросының директоры Ивана Живковичпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «БҰҰДБ-мен өзара іс-қимыл Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) тұрғысынан БҰҰ жүйесі шеңберіндегі ынтымақтастығымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады және біз БҰҰДБ-ның мемлекетіміздің дамуына қосқан ...
Читать далее »Қазақстан-Қырғызстан консулдық саладағы консультациялары туралы
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасында екі елдің құзыретті органдарының қатысуымен консулдық саладағы консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Руслан Амангелдин, қырғыз делегациясын СІМ Консулдық департаментінің директоры Алмаз Букалаев басқарды. Кездесу барысында тараптар екі мемлекет азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған өзара іс-қимылдарды, консулдық-құқықтық саладағы екіжақты және көпжақты келісімдерді іске ...
Читать далее »Қазақстан мен БҰҰ АТМЭӘК одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) Атқарушы хатшысы Армида Алисжабанамен кездесті. Қ. Омаров еліміз мен АТМЭӘК арасындағы сауда және транзиттік-көліктік логистика, экономикалық интеграция, энергетика және цифрландыру сияқты салалардағы ынтымақтастықтың өзектілігін атап өтті. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі орнықты даму жөніндегі күн тәртібін ұлттық әрі өңірлік ...
Читать далее »