Қасым-Жомарт Тоқаев Желька Цвияновичке ілтипат білдіре отырып, Астана халықаралық форумының жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты. Президент бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты іске асыру үшін жақсы мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаны Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Балқан аймағындағы перспективті сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын айтты. Желька Цвиянович қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны, ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Президент БҰҰ делегациясын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясымен – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Атқарушы хатшысы Армида Алисджабанмен, Бас хатшының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчимен және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі Ивана Живковичпен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен БҰҰ институттары арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын ...
Читать далее »Түркістанда 16-28 маусым аралығында Халықаралық өнер фестивалі өтеді
Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, 16-28 маусым аралығында облыс орталығында АРТ Түркістан халықаралық өнер фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Бейнелеу өнері музейінің директоры Айнабек Оспанов мәлім етті. Мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған фестиваль облыстық Бейнелеу өнері музейі және облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Спикердің мәлімдеуінше, фестивальға еліміздің 12 үздік қылқалам ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА БИЫЛ 7 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі өткен жылы 19 млрд 671 млн 500 мың теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 429,2 млн теңге, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 113,6 млн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков айтты. Спикердің сөзінше, өткен жылы ауданда 14 275 га жерге егіс егілген. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
Түркістан Облысының Полиция Департаментінің жаңа ғимараты ашылды. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан Полиция департаментінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Қаланың сәулеттік стиліне үйлесімді көпқабатты нысанның лентасын қиып, аралап шықты. Жаңа ғимаратта тәртіп сақшылары алаңсыз жұмыс істеуі үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, барлық жағдай жасалған. Одан бөлек ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 5 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділ Қонысбеков мәлім етті. Биыл Түркістан облысының құрылғанына тура 5 жыл толып отыр. Президент жарлығымен 2018 жылдың 19 маусымында жаңадан Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл тарихи шешім өңірге жаңа серпін берді және жан-жақты даму мүмкіндіктеріне жол ашты. «Осынау аз ғана уақыт ішінде өңіріміз ...
Читать далее »Қазақстан Женевада өткен Азиялық фестиваліне қатысты
Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі Женевадағы Азия елшілерінің әйелдер қауымдастығы (AAWAG) ұйымдастырған Азия фестиваліне қатысты. Іс-шараға 26 Азия елдерінің делегациялары қатысып, өз елдерінің бай мәдениетін, аймақтық және діни әралуандығын көрсететін сүйіспеншілік пен бақыт мерекесін тойлау дәстүрлерін ұсынды. Қонақтарға үйлену тойының ерекше әдет-ғұрыптары мен зергерлік бұйымдарымен қоса ерекше кәдесыйлар мен сыйлықтар және ұлттық тағамдар ұсынылды. ҚР Тұрақты өкілдігі азиялық ...
Читать далее »Астана халықаралық форумы шеңберінде Қазақстан мен Болгария ғылым академиялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Ғылыми-академиялық саладағы ынтымақтастықты нығайту және өзара іс-қимылды тереңдету мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің белсенді қолдауымен Астана халықаралық форумы аясында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ (ҰҒА) мен Болгария ғылым академиясы (БҒА) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға қазақстандық тараптан ҰҒА президенті Күнсұлу Закария және болгар тарапынан БҒА төрағасы Юлиан Ревалски қол қойды. Бұл құжат Қазақстан мен Болгарияның ғылыми ...
Читать далее »Қазақстан СІМ басшысы ЮНЕСКО Бас директорымен кездесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуленің Қазақстанға бірінші сапары аясында кездесу өткізді. М. Нұртілеу Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы барлық деңгейдегі көпжақты ынтымақтастығы ЮНЕСКО жарғысының білім, ғылым және мәдениет саласындағы мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар ол ЮНЕСКО басшылығына қазақстандық бастамалары мен номинацияларына көрсеткен үздіксіз қолдау үшін өз ризашылығын білдірді. ...
Читать далее »Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma SA компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ фармацевтика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Президентке Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан ірі ғылыми-зерттеу орталығы мен зертхана құрылысының барысы жөнінде мәлімет берілді. Орталықта озық әлемдік талаптарға сай келетін толық өндірістік цикл іске қосылады. Қасым-Жомарт Тоқаев компания басшылығының Қазақстандағы фармацевтика өнеркәсібін дамыту қызметіне жоғары баға берді. Сонымен қатар Президент отандық денсаулық сақтау ...
Читать далее »