Авторские архивы: admin

Қала әкімдігінің назарында болады

Шымкент қалалық әкімдігі жуырда қаладағы 4 аудан бойынша табысын жасырғандардың тұрмысынан түсірілген суреттер жарияланды. Шымкент Қаласы əкімдігінің Ақпараттық Коммуникациялық орталығында өткен жиын барысында 4 аудан бойынша табысын жасырған отбасылар туралы нақты дəлелдер келтірілді. Қала əкімінің орынбасары Ербол Садыр жалпы АӘК алу барысында бұзылған тəртіп мысалдарын атап өтті. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсырған қала тұрғындары еңбек қызметінің табысын азайтып көрсеткен. Жеке кəсіпкерлер кірісін жасырған. ...

Читать далее »

Елге қызмет – абыройлы міндет!

Шымкент қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен Мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу отаншылдық рухта өтіп, Оразкүл Асанғазықызы өзінің еңбек жолы мен өмірбаяны туралы аппарат қызметкерлеріне айтып өтті. Айта кетейік, Оразкүл Асанғазықызы өзінің еңбек жолын тоқсаныншы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында атқарған. 1995-1996 жылдары — Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, ...

Читать далее »

Жылу деңгейін бақылауды тапсырды

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов жылуға жауапты мамандарымен, аудандағы жылудың сапасын бақылау мақсатында, көпқабатты тұрғын үйлердегі, әлеуметтік нысандар және мектептердегі жылудың сапасын тексерді. Сонымен қатар, «Спорт» шағынауданы және Есіл көшесінде орналасқан қазандықтарға келіп жатқан жылу нормативтерімен танысып, жылуға жауапты мамандарға алдағы уақытта ауа-райына байланысты жылу деңгейін нормативке сәйкес берілуін бақылауды тапсырды.

Читать далее »

Насихат жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданының әкімі аппаратында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға жәрдемақы, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша мемлекеттік көмектің жаңа түрін түсіндіру жұмыстары және «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндіру жұмыстары  жүргізілді. Жиынға 200-ге жуық тұрғын қатысты. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. ...

Читать далее »

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беру – қоғам алдындағы жауапкершілік

Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуі кезінде айтты. – Мен кеше Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым. Қабылдауымда 80-нен аса азамат болды. Осы қабылдау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арыз-шағымын тыңдадым. Олар қала ауруханаларында, сондай-ақ қоғамдық көліктерде жүріп-тұру қиын екенін, ондағы жағдай мүгедектерге бейімделмегенін жеткізді. ...

Читать далее »

Шымкент: Елбасы күніне БАҚ спартакиадасы өтуде

Шымкент қаласында ішкі саясат және дін істер басқармасы мен Журналистер Одағының қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтуде. Спартакиаданың ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай қатысушыларды Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, спорттық бәйгеде сәттілік тіледі. – Оңтүстік журналистикасы — өңірдің өркендеуіне ерен еңбек етіп келеді. Ал Шымкент қаласы еліміздегі көнеден келе жатқан ...

Читать далее »

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде қоғамдық кеңестің рөлі ерекше

Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуі кезінде айтты. – Ең бастысы, білім сапасы жақсармай, қоғам дамымайды. Құқықтық сауаттылыққа көбірек мән беру керек. Бұл ретте Қоғамдық кеңестің рөлі өте зор. Яғни, бірлесе отырып шешетін мәселелер жеткілікті. Біз Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін толық пайдалана алмай отырмыз. Қоғамдағы өзекті мәселелерді ...

Читать далее »

Шымкент үшінші мегаполис қала атанғалы қарқынды даму үстінде

«Шымкент үшінші мегаполис қала атанғалы қарқынды даму үстінде. Осыған байланысты біз халықтың әл-ауқатын көтеру үшін тиісті жұмыс атқаруымыз керек. Мәселен, Түркістан облысымен бірлесіп азық-түлік белдеуін құру күн тәртібінде тұрған мәселе. Одан бөлек, қалада агро-индустриалды аймақ құруды жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы халықты сапалы әрі отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жасалынып жатқан жұмыстар»,-деді Ерлан Қуанышұлы. Жуырда ғана қаламызға ат басын бұрған АҚШ-тың ...

Читать далее »

Электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы  орналасқан 11 шағынаудан мен 11 тұрғын алап, 2 саяжайда 247 мыңнан астам халық тұруда. Аудан көлемі 32 256 гектарды құрайды. Аудан бойынша 47 202 жеке тұрғын үй болса, оның 37 511 яғни, 79,5% тұрғын үй тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылған. Аудан аумағында жалпы – 47 202 тұрғын үй қоныстанған болса, оның 38 142 үй, яғни (80,8%) — қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансындағы, ал, 9 060 үй (19,2%)  жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын ...

Читать далее »

Инновация және кәсіптік білім жас мамандардың біліктілігін арттырады

Шымкенттегі Жол-көлік колледжінде республикалық семинар өтті. Маңызды жиында еліміздің 14 өңірінен келген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандары бас қосты. Қатысушылар білім беру және бизнестің интеграциясы негізінде өз тәжірибесімен бөлісті. Ағылшын тілін білу, өндірістік тәжірибеден өту жайы сөз болды. Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Балмаржан Нарбекова қатысушыларды құттықтап, семинар-практикумның сәтті өтуіне лебізін білдірді. Балмаржан Полатқызының айтуынша, Шымкентте техникалық ...

Читать далее »