Авторские архивы: admin

ШЫМКЕНТ: МӘМС БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Үшінші мегаполисте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, қалалық әкімдік басқармаларының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында аймақтық штаб мүшелері жыл басынан бері жаңа жүйе бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, сақтандыру жүйесі аясында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІНІҢ СЕМИНАРЫ ӨТУДЕ

  Шымкентте «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің семинар тренингі басталды. «Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы семинарға бастауыш партия ұйымы жетекшілері, белсенді мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары қатысуда. Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысынан да жалпы 100-ге жуық адам жиналған. Саяси менеджмент мектебінің директоры Шыңғыс Нұрланұлының айтуынша, биыл еліміз бойынша 1700 белсенді азаматты оқыту жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – көпшіліктің алдында дұрыс сөйлеу, партиялық ...

Читать далее »

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Шымкент шаһарына келді

«Nur Otan» партиясы басшылығының аймақтарға сапары осы аптада еліміздің Оңтүстік өңірлерінде жалғасты. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек алдымен Шымкентке ат басын тіреп, қаладағы бірқатар проблемалық нысандарды аралады. Сондай-ақ бүгін кезектен тыс конференцияда қала әкімі Мұрат Әйтенов қалалық филиал төрағасы болып сайланды. Ол жұмыс сапарын қала әкімімен бірге Шымкенттің Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесінің өткен жылы үйлері өртенген тұрғындарымен кездесуден бастады. Бұл проблемалық нысан ...

Читать далее »

Шымкент қаласындағы мектептерде медициналық кабинеттер жаңартылуда

Шымкентте МӘМС жүйесі бойынша мектеп қабырғасында балаларға көрсетілетін медициналық көмекті БАҚ-на таныстыру үшін пресс-тур өтті. Шара барасында тілшілер №65 мектеп қабырғасындағы медициналық пунктің жағдайымен танысты. Атап айтқанда, журналистер қабылдау бөлімі мен ем-шара кабинетінің жұмысын көріп шықты. Мектептегі медициналық кабинеттерде алғашқы медициналық көмек және профилактикалық қызметтер көрсетіледі. Мұндағы медицина мамандары автоматандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бірыңғай жүйе арқылы мектептегі медицина ...

Читать далее »

Шымкент: «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай 34 іс-шара өтеді

  Мұрат ӘЙТЕНОВ: «Қаланың жоспары айқын, мақсаты биік». Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берген Шымкент қаласының әкімі жоспарларымен бөлісті. – Мұрат Дүйсенбекұлы, биылғы жыл – шымкенттіктер үшін ерекше жыл. Өйткені Шымкент шаһары 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып жарияланды. Шын мәнінде, бұған қуанып жатқандар аз емес. Осы атаулы жылға байланысты үшінші мегаполисте қандай іс-шаралар ұйымдастырылмақ? Алғашқы сауалды осыдан бастасақ. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ «ТҰРАН» ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

  Таяуда өткен қала әкімінің есебінде бірқатар шағынаудан тұрғындары инфрақұрылым мәселелері жөнінде шағымдарын жеткізген еді. Сол шағымдар бойынша бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» және «Тассай» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен «Тұран» шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерімен танысты. Онда тұрғындарды газ, су, жарық жүйелері құрылысы алаңдатады. Қала әкімі бұл жұмыстардың бәрі жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. – Мәселелеріңіз уақыт сәтімен шешіледі. ...

Читать далее »

Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жиын өтті

  Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, аумақтық департаменттер мен басқарма басшылары және қоғам өкілдері қатысты. Басқосуда қала әкімі бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесі қалыптасқанын ...

Читать далее »

Шымкентте алып кітаптың тұсауы кесілді

Ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай салмағы 27 келі болатын кітап жарық көрді. Қалалық білім басқармасына қарасты №1 жалпы орта кешкі мектебі мен №167/3 түзету мекемесінің ұжымы бірлесіп ұлы ақынның туған жерінде өтетін мерекеге ерекше сый жасап отыр. Көлемі мен салмағы жағынан еліміздегі ең үлкен кітапқа Абайдың қара сөздері жинақталған. 24 беттен тұратын кітаптың көлемі – 122 х ...

Читать далее »

Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы қызу жүргізілуде

  Шымкент қаласы инфрақұрылымын дамыту барысында Қарабастау елдімекеніндегі Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы қарқын алған. Аталған көпір құрылысын “АРТ-Құрылыс” мердігері жүргізуде. Көпір құрылысы 2020 жылдың маусым айында толық аяқталатын болады. Еске сала кетсек, 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы «Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзені үстіндегі көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілген болатын.

Читать далее »

Түркістан облысының 47 нысаны ең ірі TripAdvisor саяхат туралы сайт тізіміне енді

Түркістан облысының 47 нысаны әлемдегі ең ірі TripAdvisor саяхат туралы сайт тізіміне енді. Бұл дегеніміз, әлемнің кез-келген нүктесінен саяхатшылар облыстың бірегей орындары туралы ғана біліп қоймай, сондай-ақ кеңестерді пайдалана отырып, саяхаттың жеке бағдарын жасай алады. Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін туристің ең өзекті бес бағыт бойынша бірнеше жадынамасы әзірленді: «Шымкент-Түркістан», «Шымкент-Сарыағаш-Шардара», «Шымкент — Төлеби ауданы», «Шымкент — Түлкібас ауданы», «Сайрам-Өгем ұлттық паркі». ...

Читать далее »