Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербететін әйелдер қай салада болсын осал емес. Ерлермен иық тіресе, батыл қадамдар жасайтын нәзік жандылар өз кәсібіне деген ерекше ықыласы, шексіз сүйіспеншілігі мен тиянақтылығы арқылы көзге түседі. Тіпті, ер азаматтар көтере алмайтын жауапкершілік жүгін арқалап, сол істі абыроймен атқарады.Жыл өткен сайын іскер әйелдердің қатары артуда. Бірі жеке кәсібін өрге жүргізсе, енді бірі билік басында ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Қоғамда әйелдің орны қандай?
«Әйел қырық шырақты». Атадан қалған қанатты сөз әліге дейін өз маңызын жойған емес. Билік басында да, ошақ қасында да, бизнестің биігінен де нәзік жандылар бой көрсетеді. Жоқтан бар шығарып, берекенің ұйытқысы бола білген бұрымдылар бұдан кейін де тоқтап қалмасы анық. Әлемді нәзіктігімен ғана емес, іскерлігімен баурап жүрген әйелдерге қоғамның көзқарасы қалай? Көз жүгіртейік. Шалқар Құттыбаев, жеке кәсіпкер: — Әйелдер бастаған ...
Читать далее »Отбасы бірлігі — Отан бірлігі
«Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасы бірлігі – Отан бірлігі. Ағайынның татулығы – атамекеннің тұтастығы. Бақытты балалық шақ пен алаңсыз қарттық — әрбір отбасының шаттығы». Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың осы сөзі Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі мен құрметінің айғағы. Себебі, мемлекеттің негізі- отбасы. Халқымыз ежелден елдің тыныштығы мен отбасының құндылығын басты назарға алған. Қазіргідей алмағайып заманда мұның маңызы зор. Сол себептен ...
Читать далее »Отбасы құндылығы жайлы қоғам пікірі
Отбасы – мемлекеттің негізгі тірегі. Отбасының татулығы- ел тұтастығының кепілі. Әке, ана, баладан құралатын шағын мемлекеттің өз заңдылықтары мен құндылықтары бар. Қазіргі таңдағы отбасы интитутының рөлі қанша? Жанұя жылуы мен құндылығы жайлы қоғамның пікірі қандай? Назар аударайық. Рая Құттыбаева, зейнеткер: Отбасы қоғамның ажырасамас бөлшегі. Менің түсінігімде отбасының құндылығы бірлікте, ауызбіршілікте. Ер мен әйелдің өзара келісімінің негізінде дені сау, көзі ашық, ...
Читать далее »«Ақ Маржан- LTD» жылына 34320 тонна өнім шығарады
Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков қала әкімі Болат Әділбековпен бірге Леңгір қаласында орналасқан нысандармен танысты. Алдымен, аудан әкімі «Алатау» мөлтек ауданына тас төсеу жұмыстарымен танысудан бастады. Ары қарай жұмыс сапарын ұн, кебек, бидай қалдығын өндіретін «Ақ Маржан- LTD» акционерлік қоғамымен танысумен жалғастырды. Қуаттылығы жылына 34320 тонна өнім шығарылатын мекеме басшысы Таубазаров Ержан Тұрсынұлының қарамағында 76 жұмысшы жұмыс ...
Читать далее »Құрылыс жұмыстарымен танысты
Түркістан облысына қарасты Төле би ауданының әкімі Омарбеков Бауыржан аудандық мәслихат хатшысы Қойбағаров Нұрланмен бірге Алатау ауылдық округі аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысу барысында нысандарды аралады. Бірінші кезекте Қайнар елді мекеніндегі тұрғындардың демеушілігімен салынып жатқан спорт залдың құрылыс жұмыстарымен танысты. Содан соң, елді мекендерді газдандыру бойынша жүргізілген жұмыстарды қарады. Бүгінде ауданға қарасты ауыл аймақта құрылыс қызу жүргізілуде. Сондай ақ, Алатау ...
Читать далее »«Жылыжайда көкөніс дақылдарынан экологиялық таза өнімге қол жеткізу»
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек», – деген болатын. Осы орайда, Түркістан облысындағы Шымкент аграрлық колледжінде «Жылыжайда көкөніс дақылдарынан экологиялық таза өнімге қол жеткізу – бүгінгі күннің талабы» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: Жылыжайда көкөніс дақылдарынан бәсекелестікке қабілетті, экологиялық ...
Читать далее »Айналма жолдың құрылысы басталмақ
Келес ауданынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолының айналма жолын салу жобасымен танысу мақсатында қоғамдық тыңдау болып өтті. Бүгін, 11 – қазан Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Келес ауданы әкімі аппаратың қолдауымен «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, Бас жобалаушы «Инженерлік орталық «АСТАНА» ЖШС-мен қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Қоғамдық тыңдауға Келес ауданының әкімі А.Есбаев, аудан әкімінің орынбасарлары А.Жаңбырбаев, С.Қарақұлов және А.Сексенбаев, ауылдық округтердің ...
Читать далее »Отырарлық шаруалар жаңа жобамен жұмыс істеуге ниетті
«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысында жаңадан «Ырыс-өркендеу» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым шаруаларға аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл туралы бүгін «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесуде сөз етті. Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиында ауылшаруашылығы техникалары мен жабдықтарын ...
Читать далее »Жастар арасында флэшмоб өтті
Түркістан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қолдауымен «Алтын орда» қоғамдық бірлестігі және Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Әль-Фараби» алаңында «Біз экстремизмге және терроризмге қарсымыз!» атты жастар арасында флэшмоб өтті. Мақсаты: Қоғамдағы өзге ағымдар мен түрлі жаман әдетке жастардың шатасып араласып кетуі. Мысалы айтқанда нашақорлық пен есірткіге, түрлі өзге ағымдарға, ғаламтор арқылы уақытты өлтіріп, ғылым ізденуден ...
Читать далее »