Түркістан облысындағы алпауыт компаниялар бүгінде импорт өнімдерді нарықтан ығыстырып шығара бастады. Бұрын шетелден тасымалданатын өнімдер енді өзіміздің өндіріс орындарында өндірілуде. Автокөлікке қажетті мотор майларын бұрын шеттен сатып алсақ бүгінде матор май материалдарын өндіретін «HILL» ЖШС зауыты «Оңтүстік» индустриялық аймағында бұл қажеттілікті өтеп отыр. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының шарапатын көріп отырған жоба республикада бірінші болып табылады. алдағы уақытта кәсіпорын қуаттылығын арттыруды көздеп ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Кілем орталығының келешегі кемел
Түркістан облысы кілем орталығына айналып келеді. «Назар Текстиль» ЖШС 2012 жылы Қазақстан Республикасының аумағында кілемдер мен кілем өнімдерін көтерме және бөлшек саудалық қызметімен негізгі қызмет бағыттары бойынша құрылды. Компанияның қызмет аясын кеңейтуді жоспарлау кезінде, Қазақстан Республикасында өзіндік кілем фабрикасын салу туралы шешім қабылданған болатын. Инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында облыс әкімдігі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылыс алаңын берді. 2014 ...
Читать далее »Бюджет қоржыны қомақты
Төле би ауданында контингент жоспары 1 млрд 035,6 млн теңгеге жоспарланған. 2018 жылдың 1 тамызына нақты 1 млрд 063,9 млн теңге, немесе 102,7 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде аудан бюджеті 2018 жылдың 7 айында 615,2 млн теңгеге жоспарланса, нақты 641,3 млн теңге, немесе 104,2 пайызға артығымен орындалды.2018 жылдың 7 айында шығыстардың жоспары 11 млрд 042,4 млн теңге болса, кассалық игерілуі 10 ...
Читать далее »Қожалық иесі ауылдықтардың әлеуметтік ахуалын көтеруге септесуде
Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында жылыжай шаруашылығымен айналысатындар көп. Олардың басым бөлігі қызанақ, қияр өсірумен айналысады. Ал гүл өсіруді кәсіп қылғандардың қатары да артып келеді. Аудандағы шаруа қожалығы биылғы көктемде 50 мың дана раушан гүлін сатылымға шығарып, рекордтық көрсеткіш орнатты. «Гүл Мансур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 1 гектар жылыжайында бүгінде «Черная магия» тұқымды раушан гүлі өсіріледі. Аталмыш гүлді сатып алуға құмбылдар көп. ...
Читать далее »Суармалы жер қайта айналымға қосылады
Төле би аудандық бюджетінен 34,1 млн. теңге бөлініп, Алатау ауылдық округі, Қайнар елді мекені аумағындағы «Кәусар-1», «Кәусар-2», «Кәусар-3» және Кәусар-4» тоғандары қалпына келтіріліп, толығымен тазаланды, қазіргі таңда су жиналып, қажетті су агроқұрылымдарға берілуде. Нәтижесінде жалпы 357 га жер суландырылды. 2018 жылы арна түзеу, жаға бекіту және тазалау жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 200 млн теңге қаржы қарастырылып аудан бойынша 1 су ...
Читать далее »120 миллион теңге инвестиция тартылды
Түркістан облысына қарасты Төле би ауданы тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Мал басын көбейтіп, мал бордақылаумен нәпақа тауып отырғандардың қарасы қалың. Одан бөлек тау жағалай қоныстанған ауылдардың дені, сиыр сауып, май айырып, «Фуд мастерге» өткізеді. Одан бөлек бие сауып қымыз бизнесін дамытып отыр. Ауданда ет өндіру — 100,2% (8 274,3), сүт- 106,3% (38 954,6) тонна, жұмыртқа- 84,9% (11,3) миллион дананы ...
Читать далее »Бизнес саласында бағын сынап көрмекті құп көретіндердің қатары көп
Түркістан облысындағы дербес қала Кентаудың экономикасы жыл жылжыған сайын дамып келеді. Бүгінде қалада шағын және орта бизнестің 3338 субъектісі бар. Оның басым бөлігі белсенді жұмыс жасайды. Әрі ірі кәсіпорындар да бар. Оның үстіне кәсіпкерлердің саны жыл өткен сайын 5-10 пайызға артып келеді. Бизнес саласында бағын сынап көрмекті құп көретіндердің қатары артып келе жатқаны бек қуантады. Шағын және орта бизнестің қалыпты ...
Читать далее »Толық шешімін таппақ
Ел экономикасының өркендеуі қалалардың көркеюінен, барлық инфрақұрылымның болуынан да байқалса керек. Соңғы 3 жылдан бері облыс көлемінде газдандыру мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Моноқалалардың алдыңғы көшінде тұрған Кентауда да инфрақұрылым мәселесі біртіндеп әкелінуде. Қаланы газдандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі күні автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы мен 53 шақырымдық магистральды құбырдың құрылысы бітіп, даяр тұр. АГТС-тың жобалық құны 4 миллиард ...
Читать далее »Құс шаруашылығы қарқынды дамуда
Бүгінде Түркістан облысындағы Төле би ауданында құс шаруашылығы жоғары деңгейде дамып келеді. Ауданда алып құс фабрикасын салу жоспары бар. Құс фермасын салу бойынша үш жақты келісімшартқа сәйкес меже 1 бірлік жоспарланған болатын. Оның жүзеге асқаны 7 бірлік, яғни 7 есе артығымен орындалды. Демек алдағы уақытта ауданның қазанын қомақтыландыруға сеп болмақ. Атап айтқанда, Киелітас ауылдық округінде «Леңгер құс» ауыл шаруашылық өндірістік ...
Читать далее »Тиімді тәсілмен ұсынады
Ауылдағы ағайынның мол табыс тауып, шаруасын дөңгелету үшін техниканың алар орны ерекше. Бүгінде «Ырыс» микроқаржы ұйымы ескі ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында тиімділігі мол бағдарламасын ұсынып отыр. «Жуырда Бәйдібек ауданында іссапармен болдық, – дейді «Ырыс» МҚҰ директоры Д.Арынғазин. – Шаруалармен тілдесе келе, оларға ауыл шаруашылығы техникалары ауадай қажет екенін білдік. Жалпы, мұндай мәселенің қазір ауданның барлығында да өткір күйінде тұрғаны ...
Читать далее »