Авторские архивы: admin

Солтүстік өңірден келген делегацияның қатысуымен жиын өтті

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниетті азамат тарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар облысынан 18 азаматтан тұратын топтық құрам келді. Республикамыздың солтүстік өңірлеріне ерікті қоныстандыруды насихаттауға Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесу мақсатында топтық құрам бөлініп, Рысқұлов ауылдық округінде; Майлыкент, Кемербастау ауылдық округтерінде және Түлкібас поселкесінде, Машат, Мичурин ауылдық округтерінде ...

Читать далее »

Автокөлік иелерінен 82 миллион жиналды

Түлкібас ауданы бойынша биылғы жылдың алты айында тек жеке тұлғалардың көлік салығының өзінен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 млн. артық түсті. Бұл өсу қарқыны 145,2 пайызды құрайды, өткен жылы 60 миллион, биыл 82 миллион жиналған. Жеке кәсіпкерлердің табысынан ұсталатын  жеке табыс салығы бойынша өткен жылы 33 млн.теңге түскен болса, биыл 48 млн. теңге немесе 15 млн.теңге артық түсіп, өсу ...

Читать далее »

Салық түсімі артығымен орындалды

Түлкібас аудандық кірістер басқармасында 24 штатты қызметкер жұмыс істейді, төрт бөлім бар. Салықты әкімшіліктендіру бөлімі, есептеу және талдау бөлімі, ақпараттарды қабылдау және өңдеу бөлімі, мерзімінде төленбеген қарыздарды мәжбүрлеп өндіру бөлімі жұмыс істейді. Бюджеттің барлық деңгейі бойынша биылғы жылдың алты айындағы жоспар артығымен орындалды.  Атап айтқанда, өзіміздің аудандық бюджеттен бастасақ, жоспардағы 1 млрд 463 млн теңгенің орнына 1 млрд 560 млн. ...

Читать далее »

Мал баққанға бітеді

«Хавет» шаруа қожалығының төрағасы, Түлкібас ауданы Жыланды ауылының тұрғыны Зейнулла Ахмедов нағыз еңбек адамы. Ешқашан ерінбей-жалықпай, бәрін ережеге сай тиянақты атқаратын адам. Кіре-беріс ауласынан-ақ тәртіптің, істің адамы екені көрініп тұр. Зейнулла ағаның қорасында бордақыға арналып алынған 25 бас ірі қара малы бағулы. Малға азық болатын бидайды өз алқабынан егіп әкеледі. Жем-шөбін қыздың жасауындай, шашау шығармай жинап қойған. Осыған дейін мектепте ...

Читать далее »

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде балабақша ашылады

Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылының бетке ұстар орталық көшесіндегі бұрынғы «Нұр» дәмханасы енді мұнан былай 100 орындық балабақша болып ашылмақ. Ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер Жанна Сапарбаева қолға алған бұл жоба – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге аспақ. Балабақша құрылысы қыркүйек айында толығымен бітеді деп күтілуде. Қазіргі таңда ашылу рәсімін өткізуге әне-міне қызу дайындық үстінде. Сонымен қатар, ауданның 90 жылдығы қарсаңында округ әкімдігінің ...

Читать далее »

Жеке кәсіпкер ауылды көркейтуде

Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылдық округінің даму тұжырымдамасы бойынша ашылуы тиіс нысан – республикалық маңызы бар жол бойындағы аялдаманың салынуы. Мұндай аялдаманың басы Т.Рысқұлов ауылының кіре-беріс тұсында салынған болатын. Ендігі кезекте осы секілді аялдама  Жаскешу, Азаттық, Тастұмсық ауылдарының тұсынан түспек. Тастұмсық ауылының Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінің қасынан осы күні жеке кәсіпкер Умут Таштемировтің демеушілігімен жаңа аялдама соғылып жатыр, аялдаманың жартысы ...

Читать далее »

Демалыс аймағы ашылмақ

Түлкібас ауданы Тастұмсық ауылдық округ әкімі Қайрат Сәрсембаевтың айтуынша, жыл басында Тастұмсық ауылдық округінің даму тұжырымдамасы бекітіліп, бұл құжатта биылғы жылы 3 нысан ашылады деп жоспарланған болатын. Оның бірі – туризм саласын жандандыру үшін Амангелді ауылының тұсынан, Арыс өзенінің бойында демалыс кешенін салу. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кеткен екен, тіпті тамыз айының ортасына таман пайдалануға беріледі деп күтілуде. Расында, ...

Читать далее »

Түркістандық диқаншылар 374 мың тонна өнім жинауды мақсат етіп отыр

Түркістан облысында биыл 233 мың гектардан астам жерге масақты дақылдар егілген. Оның 191 мың гектары бидай болса, 42,5 мың гектары арпа. Жер емген диқандар егілген дәнді дақылдардың әр гектарынан 16 центнерден, яғни 374 мың тонна өнім жинауды мақсат етіп отыр, деп хабарлайды 24kz. Ал Қазығұрт ауданындағы іріленген шаруа қожалығы астық оруды аяқтап, жерді тыңайтуға көшкен. Жиналған өнімді тіпті ауылдастарына пай ...

Читать далее »

Мемлекеттік жеңілдіктерге ие

Бүгінде Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығына мән беріліп, кооперативтердің жұмысы жандануда. Солардың қатарында «Алғабас-Ағыбет» өндірістік кооперативі мен «Ерсұлтан-агро» ЖШС-гі бірлесіп егін шаруашылығымен айналысуда. Бұл шаруашылық Алғабас, Ағыбет ауылдық округі аумағынан   2000 гектар жерге бидай, 1500 гектар жерге мақсары, 500 гектар жерге арпа, 400 гектар жерге жоңышқа еккен. Кооперативте 20-ға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, маусымдық жұмыстар қызған ...

Читать далее »

Агросаладағы тың жоба жүлдесіне ангус малы

Еліміздегі ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Түркістан облысына арнайы келді. «NEO NOMAD» тақырыбында іскерлік ойында бас қосты, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Бұл жоба әзірге ойын түрінде өткенмен, келешекте өңіріміздің даму жоспарына айналады. Жиын әзірге ет өнімін өркендетуге арналып отыр. Басты мақсат — «Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын» жобалық басқару. Осы орайда облыста ет өндірумен айналысатын шаруашылықтардың жоспарын ...

Читать далее »