Авторские архивы: admin

Түркістандық цемент үлкен сұранысқа ие

Қазақстанда жасалған цемент өнімдері Өзбекстан нарығында жоғары сұранысқа ие. Оны жергілікті сатушылар да растап отыр. Отандық брендтердің арасында Түркістан облысындағы цемент зауыттарының өнімі мол, деп хабарлайды 24. kz. Сатушылардың айтуынша, шағын ғана құрылыс базарынан айына 300 тоннаға дейін біздің елде жасалған өнім сатылады екен. Бұл көрсеткіштің одан да артатын түрі бар. Өйткені Өзбекстанда құрылыс қарқын алған. Оған қоса, алып-сатарлар да ...

Читать далее »

Қырман дәнге толды

Түркістан облысындағы Қарашық ауыл округіндегі «Насыр ата» iрiленген шаруа қожалығында бүгінде жұмыс қайнап жатқан уақыт. Дихан қауым күзгі жауын шашынға іліктірмей ертерек жинап теріп алуды құп көріп отыр. Қауын-қарбыз алқабында сол күнi пiсiп-жетiлген қауынды қорапша iшiне жайғастырып, көлiкке артып жатқан дихандарды кездестiрдiк. Қауын-қарбыздың бабын бiлген өзбекстандық дихандарға сенiм артқан шаруашылық қарбыздың әр келiсiн 30-40 теңгеден, қауынды даналап 100-120 теңгеден өткiзiп ...

Читать далее »

«Яссы» құс фермасының 2-кезеңі іске қосылды

2016 жылы Түркістан қаласындағы Оранғай ауылдық округінде жеке кәсіпкер А.Сыздықов «Яссы» құс өсіру фермасының 1- кезеңін ашып, италяндық «Факко» фирмасының құрал-жабдықтарымен жұмыс кезеңін бастаған болатын. Содан бері жұмыртқа өндіру бағытында жұмысын жүргізіп жатқан «Яссы» құс фермасында Германиялық «Ломан ЛСЛ» тұқымды 18 мың дана тауық өсіріліп, күндігіне 16 мың дана жұмыртқа өндірілсе, жылына 3-3,5 млн жұмыртқаны нарыққа шығаруда, деп хабарлайды облыс ...

Читать далее »

Түркістанда жылыжай көлемін ұлғайту қолға алынуда

Агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту елімізде басты орында тұр. Қазақстан экономикасының қалыптасуы агроөнеркәсіп өндірісінің өнімдік кешендер жүйесін дамытуға жағдай туғызды. Ауыл шаруашылығын өркендету, инновациялық технологияларды ендіру, соның бір басым бағыты ретінде жылыжай салып, бақша, көкөніс өнімдерін еселеп арттыру, жерді тиімді игеру осы арқылы көрші елдердің көкөніс импортынан арылу мәселелері жолға қойылуда. Нарық жағдайында Отандық ауыл шаруашылығы саласында меншік түрлерінің және нарықтық ...

Читать далее »

Шетел инвесторларымен кездесу

Түркістан инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда көш бастап тұр. Аумақта ауыл шаруашылығы да жандана түскен. Осы орайда «GOLDEN CAMEL» ЖШС қолға алған жобаның тиімділігі орасан. Бастамашыл топ Түркістан қаласының әкімімен кездесті, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Агросаланы дамыту ел межесі екені, игерілуге сұранып тұрған жобалар  мемлекет тарапынан қолдау табатыны айтылды. Кәсіпкер Янг Джи  түйе мен бие сүтін өңдеу ісі отандық тамақ өнеркәсібіне, ...

Читать далее »

Кәсібің — нәсібің

Былғарыдан аяқ киiм жасаушы шебер түркістандық Баһадүр Сәйдiғаниевтiң осы салада еңбек етiп жүргенiне 30 жылға жуық уақыт болыпты. Оның айтуынша бұл өнердiң бүгiнгi күнi кешеуiлдеп тұрған жайы бар. Ол 9-10-сыныпта оқып жүргенде көршiсi, етiкшi Түркістан қаласының тұрғыны Нарзулла Сайдуллаұлына қолғабыс жасап жүрiп осы iспен айналысуға қызығушылығы артқан. Мектеп бiтiрген соң қаламыздағы “Горпром” комбинатына аяқ киiм жасаушы шебер болып жұмысқа орналасқан. ...

Читать далее »

Өнеркәсіп өнімі артқан

Облыс орталығы болған Түркiстан қаласында кәсiпкерлiктi, ауыл шаруашылығын және туризмдi дамытуға баса мән берiлмек. Әсiресе, өнеркәсiп жетекшi салаға айналуы тиiс. Себебi, жаңа өндiрiс орындары ашылса ғана жұмыссыздық азаймақ. Бүгiнде Түркiстандағы индустриалды аймақта түрлi жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында индустриалды аймақтағы кәсiпорындардың өндiрген өнiм көлемi 343,3 млн теңгенi құраған. Ағымдағы жылдың 3 айында өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 4331,2 млн ...

Читать далее »

Құрылыс қызу жүргізілуде

Түркiстан қаласы облыс орталығы болғалы берi тұрғындар арасында «Биыл тұрғын үйдiң құрылысы жалғасын таба ма?» деген әңгiмелердi жиi-жиi естiп жүрмiз. Ал, тұрғын үйге кезекке тұрып, кезегiн күтiп жүрген қаншама жан бар. Осы сауалдарға жауап iздеп қала құрылысы мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы Сейiтмұрат Сейiлбековты сұхбатқа тартқанымызда: “Бүгiнгi таңда Отырар мөлтек ауданында 5 қабатты 60 пәтерлi 11 тұрғын үйдiң құрылысы басталып кеттi. ...

Читать далее »

Жоңышқа мен жылыжай – табыс көзі

Түркістан облысындағы Құмтүйiн елдi мекенiнiң тұрғыны Әзiмхан Қалданов диханшылықпен айналысып жүргенiне 10 жылдан асқан. Биыл өзiне тиесiлi 2 га жерге жоңышқа егiптi. Алқапта 2-шi орым қызған шақта жеке кәсiпкердi сұхбатқа тарттық: “Өткен жылы жоңышқаның әр гектарынан 4 тележкадан өнiм алсам, биыл сол көрсеткiштiң жартысына дейiн жеттiм. Жоңышқа үшiн ең қажеттiсi су. Биыл су мәселесi өте қиын болды. Кезекпен берiлетiн судың ...

Читать далее »

Несібесін жер-анадан терген шаруашылық

Ерте көктемде егiстiк алқапта тiршiлiгiн жасап, жер жыртып, минералды тыңайтқыштарды дер кезiнде сеуiп, ағын суды орынды пайдалана бiлген диханның iсi оңға басып, тiрлiгi берекелi болары анық. Түркістан қаласы маңындағы Қарашық ауыл округiндегi «Насыр ата» iрiленген шаруа қожалығының 104 га алқабында бүгiнде жұмыс қызған. Диханшылықтың тiлiн бiлiп, табыстың дәмiн татып жүрген Заир Исмаилов жетекшiлiк ететiн шаруа қожалығының 20 га алқабында мақта, ...

Читать далее »