Авторские архивы: admin

Жүзеге асқан жобалар көп

Бүгінде Түркістан облысында ірі кәсіпорындар қатары артып келеді. Былтыр ғана  жұмысын бастаған  «Дезфумекс» ЖШС-нің бетон өндіріс зауыты бүгінді ісін ілгерілетіп отыр. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. Сонымен бірге, «Химфарм» АҚ қатты дәрілік өндіріс формалар өндірісін іске қосты. Жобаның жалпы құны 4 266 млн теңге болса, зауыт жылына 200 миллион таблетка шығаруға қауқарлы. Сарыағаш ауданында ашылған «База-Service» ЖШС-нің консервілеу ...

Читать далее »

Бизнес бикештерге зор мүмкіндік

Бүгінде Түркістан облысында  ісін ілгерілетіп, кәсібін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектер көп. Кондитерлік өнімдер өндіріп, ауыл шаруашылығында тер төгіп жүргендер жетерлік. Бұрымды бизнес-бикештер осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктерге ие болып келді. Енді нәзікжанды кәсіпкерлер 10 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады. Жеңілдетілген несиенің жаңа бағдарламасын нәзік жандыларға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұсынып отыр. Бұл бастама «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Күні кеше ...

Читать далее »

Гүл бизнесінің болашағы зор

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында жылыжай шаруашылығымен айналысатындар көп. Олардың басым бөлігі қызанақ, қияр өсірумен айналысады. Ал гүл өсіруді кәсіп қылғандардың қатары да артып келеді.  Аудандағы шаруа қожалығы биылғы көктемде 50 мың дана раушан гүлін сатылымға шығарып, рекордтық көрсеткіш орнатты. «Гүл Мансур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 1 гектар жылыжайында бүгінде «Черная магия» тұқымды раушан гүлі өсіріледі. Аталмыш гүлді сатып алуға құмбылдар көп. ...

Читать далее »

Полипропиленді жіп өндіретін корпус пайдалануға берілмек

Түркістан облысы кілемдердің орталығына айналып келеді. «Назар Текстиль» ЖШС 2012 жылы Қазақстан Республикасының аумағында кілемдер мен кілем өнімдерін көтерме және бөлшек саудалық қызметімен негізгі қызмет бағыттары бойынша құрылды.  Компанияның қызмет аясын кеңейтуді жоспарлау кезінде, Қазақстан Республикасында өзіндік кілем фабрикасын салу туралы шешім қабылданған болатын. Инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында облыс әкімдігі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылыс алаңын берді. 2014 ...

Читать далее »

Кешеннің өндірістік қуаты мықты

Түркістан облысындағы көкөніс өндірумен айналысатын республикадағы ірі жылыжай кешені бүгінде табысты жұмыс атқаруда. Өңірде агроөнеркәсіп кешені үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Мемлекет ауыл шаруашылығын дамыту ісіне жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті қаражат бөлуде. Бес жылда өңірде 2,3 миллион тонна көкөніс өндірілді. Қазақстанда мұндай жоғары көрсеткіштері мен табиғи жағдайлары бар басқа өңір жоқ. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекара ашылуда. Осыған байланысты ішкі ...

Читать далее »

Асылтұқымды мал басын көбейтпек

Түркістан облысындағы Төлеби ауданының шаруа қожалықтары асылтұқымды мал басын көбейтпек. Өйткені ауданда жайылымдық жер жоқ. Сондықтан олар саннан сапаға көшуді жоспарлап отыр. «Ол үшін қолда бар мал басын асылдандырып, өнім көлемін арттыру маңызды», –дейді мамандар. Сол себепті шаруалар жақында Қостанайдан сүтті бағыттағы асылтұқымды 400 бас ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Мәселен, бұл фермада қазір 570 бас ірі қара бар. ...

Читать далее »

Көшет өсірудің білгірі

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Сайдусман ата» шаруа қожалығы биыл 1,5 млн түп көшет өсіруді жоспарлаған болатын. Бүгінде жоспарлары табысты жүзеге асырылуда. Бау бақша егудің қыр сырын жетік меңгерген мамандары арнайы оқыту курстарында білімдерін жетілдіріп отырады. Аталған кооператив 3 гектар жылыжайда көкөніс өнімдерін өсіріп, бау-бақша көшеттерін дайындаумен айналысып келеді. Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылдық округіндегі бақша өнімдерімен айналысатын «Сайдусман ата» шаруа ...

Читать далее »

Бәсекелесі жоқ компания

Түркістан облысында ақ алтынмен аты шыққан Мақтаралда бүгінде мақта өндірісі мықты дамығаны белгілі. Мақтаны өсіріп қана қоймай оны әжетке жарату жағы да жақсы жолға қойылып келеді. Мақта құрамды шикізаттан гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасының және техникалық қырыққабат-метилцеллюлозаның өндірісі даму үстінде. Ол үшін «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС бүгінгі таңда Қазақстандағы мақта шикізатынан гигроскопиялық мақта жүнді, мақта целлюлозасын, техникалық және тазартылған карбоксиметилцеллюлозаның жалғыз өндірушісі болып ...

Читать далее »

Экспорт үшін зор мүмкіндік

Бүгінде балабақшаларда қазақы оюмен нақышталған әдемі кілемдер төсеулі жатады. Баланың ой санасы енді қалыптасып келе жатқанда қазақы ою-өрнектің, ұлттық нақыштың бала санасына сіңгені қандай ғанибет. Ал осы қазақы кілемдерді «Бал Текстиль» ЖШС –і өндіріп отыр. Аталмыш кәсіпорын Түркістан облысындағы ғана емес — Қазақстандағы ең ірі кілем фабрикасы. Компания Бельгияда шығарылған қазіргі заманғы MICHEL VAN DE WIELE жабдықтарында BCF, Heat-Set, Frize ...

Читать далее »

Сыртқы нарыққа саудалауда

Түркістан облысында қауын, қарбыз егетін шаруашылықтар жетерлік. Жазы тым ыстық болатын Түркістан, Ордабасы, Мақтарал, Сарыағаш, Жетісай өңірлері нағыз қауын қарбыздың отаны деуге болады. Әсіресе Мақтаралдың дәмі бал татитын қауын қарбызы өзге аудандардан озық. Биыл Мақтааралда қауын-қарбыз ерте пісті. Ерте пісетін бақша дақылының түрін еккен шаруалар бүгінде 55 тонна қауын, 45 тонна қарбыз жинап, алғашқы өнімін Ресейге жөнелтуде, деп хабарлайды ernur.kz. ...

Читать далее »