Оңтүстік Қазақстан облысын «Алтын құрсақты аналар» аймағы деп атаса да артықтық етпейді. Күнгейде өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген «алтын құрсақты» аналар жеткілікті. Республикадағы әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келетіні баршаға мәлім. Бүгінде өңірімізде 169 330 көп балалы аналар есепте тұрады. Олардың 6157-і «Батыр аналар», 25426-ы «Алтын алқа», 34 756-ы «Күміс алқа» иегері. Ал, 8791 ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Орындық «синдромы» опық жегізбесін…
Осы біз орындыққа бауыр басып қалғанымызды білеміз бе? Үйде отырамыз. Теледидардың алдында. Жұмыста отырамыз. Компьютердің алдында. Автобусқа кіре сала бос орын іздейміз. Жастар орын бере қоймаса бұрқылдаймыз келіп. Рас қой. Бүгінгі өмірімізді орындықсыз елестете алмайтын болдық. Сөйтіп отыру өмір салтымыздың ажырамас бір бөлігіне айналып кетті. Қимыл-қозғалысты азайтып, өз-өзімізге ауру тілеп алғанымызды байқамаймыз да. Біле тұра жұмыстан жаяу қайтуды, отырудың орнына ...
Читать далее »ТҮЛКІБАСТА 3 РЕТ ЕГІЗДІ БОЛҒАН АНАҒА «АЛТЫН АЛҚА» ТАПСЫРЫЛДЫ
Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында Ғалбият Ғалымның отбасында 8 ұл-қыз өсіп келеді. Оның 30 жастан асқан жас жұбайы – үш рет егіз перзентті дүниеге әкелген батыр ана. Жаста болса батыр ана атанған Ұлбосын Жасымбекованы Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков арнайы қабылдап, «Алтын алқа» тақты.Жас отбасы 2012 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтылған. Бүгінде егіздердің ата-анасы аудандық емханада дәрігер болып ...
Читать далее »Бүгінгі беташар қалай өтіп жүр?
Ерте замандардан бері тіні үзілмей бүгінгі күнге жеткен тағылымы мол салт-дәстүрлеріміз жетіп артылады. Дегенмен тым «қазақбайский» болып көрінгісі келмегендердің кесірінен кейбір дәстүріміздің энциклопедиялық мұраға айналып кеткені де шындық. Ал жаңа өмірге қадам басқан жас келіннің бетін ашу салты шүкір бүгінде ғасырлар қойнауында қалып кетпей, өзінің орнықты орнын алды. Беташар салтының ұлттық тіннен ажырамай келе жатқанына қуансақ та, кейде кері тартатын ...
Читать далее »ТҮРКІ ӘЛЕМІ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІНДЕ ТҮРКIСТАН ТЕАТРЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНА ІЛІКТІ
«Театр көктемi – 2017» дәстүрлi халықаралық фестивалi биыл да көрермендердi Оңтүстiк көктемiнiң жанға жайлы шуағындай рухани шаттыққа бөледi. Фестивальде жергiлiктi облыстық бес театр, Астана қаласының Жастар театры, Павлодар облыстық және Қырғызстан, Өзбекстан республикаларының театрлары төрт күн бойы қойылымдарын көпшiлiк назарына ұсынды, деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» газеті.Мәдениет мерекесiнде театрсүйер қауым Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық театры сахналаған «Арқалық батыр» драмасын, Р.Сейтметов атындағы ...
Читать далее »ТҮЛКІБАСТА ҚЫЗҒАЛДАҚТАРДЫ ҚОРҒАУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтау жөніндегі бастамасы аясында Түлкібас ауданындағы Шұбайқызыл шоқысында «Шырайлым Шұбайқызылым» атты фестиваль өтті. Фестивальде жастарды табиғатты аялау, қорғау, сақтауға шақыру мақсатында «Шұбайқызыл шоқысының» тарихы жайлы мағлұмат беріліп, жас ақындардың өлеңдері оқылып, табиғат тақырыбында көрме мен жас суретшілердің сурет байқауы өткізілді. Шұбайқызыл шоқысын да еліміздің «Қызыл кітабына» ...
Читать далее »КҮНГЕЙДЕ ҮШ ЭТНОҚАЛАШЫҚ САЛЫНАДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысындаға Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданыда дүниежүзілік талаптарға сай этноқалашықтар бой көтеретін болады. Ондағы мақсат – көне мұраларды сақтап, туристерге өңір тарихын кеңінен насихаттау. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісінде мәлім болды. Кеңес отырысына ҚР Сәлетшілер Одағының Төрағасы Ақмырза Рүстембеков пен елімізге танымал сәулетшілер мен қалалық әкімдіктің өкілдері, ...
Читать далее »«ШЫМКЕНТ-СИТИ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 300-ДЕН АСТАМ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Шаһардың ішіндегі қалаға айналуы тиіс нысанның жалпы көлемі 427 га. Қалашық 70 мыңға жуық тұрғынға есептелген. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, мұнда 316 үй соғылады. 9, 12, 16 қабаттан тұратын баспаналар құрылысының орталығында көлемі 49 га болатын саябақ алаңы орналаспақ. Жобалаушылардың ойынша, «Шымкент-сити»-де жанға жайлы қажеттіліктің бәрі қарастырылмақ. Әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, емханалар және шаһарлықтардың бір ...
Читать далее »Әдебиетіміздің асыл кені
Жамбыл бабамыз өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады, поэзия әлеміндегі туған халқының мақтанышы, әлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нәзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер әрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз – есімі қазақ әдебиетінде алтын әріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы! Ақиық ақынның ...
Читать далее »Сүлеймен патша заманының құпиясы
Қазіргі заманғы Израиль жерінің түстігіндегі Тимна жазығында ертедегі энеолит дәуірінен орта ғасырларға дейін мыс өндірген кен орындары болған. Бірқатар зерттеушілер бұл жерде Тәуратта кездесетін белгілі патша Сүлейменнің найзасы жатқан деседі. Ал мұндағы шахталар ауасының құрғақтығынан органикалық материалдар, соның ішінде дән, тері және мата жақсы сақталады екен. Жақында Тимна жазығында болып қайтқан Тель-Авив университетінің экспедициясы Дәуіт және Сүлеймен пайғамбар-патшалар өмір сүрген ...
Читать далее »