Шаһардың ішіндегі қалаға айналуы тиіс нысанның жалпы көлемі 427 га. Қалашық 70 мыңға жуық тұрғынға есептелген. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, мұнда 316 үй соғылады. 9, 12, 16 қабаттан тұратын баспаналар құрылысының орталығында көлемі 49 га болатын саябақ алаңы орналаспақ. Жобалаушылардың ойынша, «Шымкент-сити»-де жанға жайлы қажеттіліктің бәрі қарастырылмақ. Әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, емханалар және шаһарлықтардың бір ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Әдебиетіміздің асыл кені
Жамбыл бабамыз өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады, поэзия әлеміндегі туған халқының мақтанышы, әлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нәзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер әрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз – есімі қазақ әдебиетінде алтын әріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы! Ақиық ақынның ...
Читать далее »Сүлеймен патша заманының құпиясы
Қазіргі заманғы Израиль жерінің түстігіндегі Тимна жазығында ертедегі энеолит дәуірінен орта ғасырларға дейін мыс өндірген кен орындары болған. Бірқатар зерттеушілер бұл жерде Тәуратта кездесетін белгілі патша Сүлейменнің найзасы жатқан деседі. Ал мұндағы шахталар ауасының құрғақтығынан органикалық материалдар, соның ішінде дән, тері және мата жақсы сақталады екен. Жақында Тимна жазығында болып қайтқан Тель-Авив университетінің экспедициясы Дәуіт және Сүлеймен пайғамбар-патшалар өмір сүрген ...
Читать далее »Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мұрасы сақталады
АСТАНА. 29 наурыз. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және саяси қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мәдени мұраларын сақтау және шығармаларын көпшілікке таныту жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық мәдениет басқармасы комиссия мүшелерін анықтап, іс-қимыл жоспарын жасақтайды. «Әбіш аға тек қана біздің аймаққа емес, сондай-ақ барлық елге танымал тұлға. Оның аты ...
Читать далее »Айтулы азамат еді
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсанов өмірінің маңызды кезеңдерінің бір бөлігі Мырзашөл жерімен байланысты. Сонымен қатар, ол кісінің жан жары Саида жеңгеміз – киелі Жетісай өңірінің қызы. Мұстақым ағамыздың жалындаған жастық шағы, албырт кезеңі Мырзашөлдің ыстық алқабында құрыштай шыңдалды. Мұстақым Біләлұлы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген соң Алматы қаласы Фрунзе аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. Содан кейін ...
Читать далее »Әлихан әлемі
Алаш арыстары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков пен Жақып Ақбаевтың туған жері Қарағанды облысының бұрынғы Қоңырат, қазіргі Ақтоғай ауданы. Осы ауданды «контрреволюция ордасы» деп атап, оның халқын бертінге дейін айрықша бақылауда ұстады. Осы аудан орталығында Әлиханмен аталас Кейкі төренің қабірінің көртопырағын ештеңеден сескенбей тегістеп, тақтай еден төсеп, төрт құлақты саман кірпіштен қаланған мазарының төбесін шатырлап, НКВД аудандық бөлімінің кеңсесіне айналдырғанын, оның ...
Читать далее »Түркия президенті ТҮРКСОЙ-ды қабылдады
22 наурыз күні Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дың делегациясын Бестөбе сарайында қабылдады. Кездесуге ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастаған ресми делегация мен Әзербайжан, Гагаузия (Молдова), Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Македония, Моңғолия, Түрікменстан сынды елдерден келген өнерпаздар қатысты. Сонымен қатар, кездесуде Түркия Премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш, Түркияның Мәдениет министрі Махир Унал болды. Түгел түркі жұртының, ...
Читать далее »Алғашқы қызғалдақ
Оңтүстік өңірінде қауыз ашты Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қырдың қызыл қызғалдағы гүлдеді. Әдетте, бұл гүлдер сәуір айында қауыз жарып, көздің жауын алатындай болып жайқалатын. Биыл оңтүстік өңірде көктем ерте шықты. Өсімдіктер де ерте оянып, мерзімінен бұрын гүлдей бастады. Осының бір дәлелі қырдың алқызыл қызғалдағы қауыз жарып, даланы гүлге бөледі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемде қызғалдақтың 83 түрі ерекше қорғалатын өсімдіктер ...
Читать далее »Азиядағы алып глобус
Оңтүстік Қазақстан облысында жасалды Шымкент қаласындағы №90 орта мектептің оқушылары Орталық Азиядағы алып глобусты 6 айда жасап шығарды. Жер шарының көшірмесін дайындауға аталған білім ұясының 300-ге жуық шәкірті жұмылдырылған. – Глобустың қаңқасын құрап болған соң, сыртын гипсокартонмен қаптадық. Дайын болған макет қабырғаларын гипспен сыладық. Ал глобустың графикалық бейнесіне қажетті бұйымдар елімізде табылмағандықтан, Ресейден арнайы алдырдық, – дейді глобусты жасаған оқушылардың ...
Читать далее »Миды басқаратын құрылғы
Көкшетауда мектеп оқушысы Александр Данилов ми импульсын басқаратын құрылғы ойлап тапты. Авторлық жұмысының арқасында ол халықаралық конкурста екінші орынды иеленді. Бұл құрылғыға мамандар ерекше қызығушылық танытып отыр. Ал еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары 11 сынып оқушысын грант негізінде оқуға қабылдауға дайын. Жаңа құрылғыны №19 физика-математикалық мектептің оқушысы өзінің ұстазы Виктор Гайдаренконың көмегімен құрастырып шығарған. Ол зерттеу жұмысымен бесінші сыныптан бері ...
Читать далее »