Авторские архивы: admin

ТҮРКІСТАН: «OPEN LIBRARY» ЭСТАФЕТАСЫ КЕЛЕС КІТАПХАНАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Келес ауданында Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен«Open Library-2023» эстафетасы өтті. Шараны Келес ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Сариев ашып беріп, кітапханадағы ашық есік күнінің мақсаты мен маңызына тоқталды. – Халықты кітап оқуға шақырудың жаңа әдістерін ұсыну, кітапханаларға оқырман тарту және басқа облыстар мен қалалық, аудандық кітапханашылар арасында әріптестік байланысты нығайтуды, өлкеден шыққан қаламгерлерді көпшілікке таныта отырып жігерлендіруді мақсат еткен ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 20 ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛАДЫ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған болатын. Осыған орай «Түркістан» ӘКК» АҚ тарапынан көлемі 50 шаршы метрді құрайтын жаңа әлеуметтік дүкендерді салу, олардың санын 50-ге жеткізу бағытында жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні бұрыннан жұмыс атқарып келген көлемі 24 шаршы метрлік 13 әлеуметтік дүкенге қосымша жаңадан әрқайсысының көлемі 50 шаршы метрді құрайтын 17 жаңа әлеуметтік дүкен салынып, ...

Читать далее »

Жастар тарихи орындарға саяхаттады

Шымкент қаласындағы ерекше күтімді қажет ететін жастар Цитадель көне қалашығына экскурсия жасады. Игі іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды. Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру. Экскурсияда кешеннің бұқаралық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаушысы Арайлым Ералы жастарға көне қалашықтың тарихын баяндап, ерекше жәдігерлерімен таныстырды. —Кезінде осы жерді мекен еткен ...

Читать далее »

АСТАНАДА PRO.NRG FEST ҒЫЛЫМИ ОТБАСЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

2023 ж. 9 қыркүйек күні астанада PRO.NRG FEST – балаларға және ересектерге арналған ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті. PRO.NRG FEST –бұл танымдық отбасылық уикенд форматында өткізілетін ауқымды ғылыми-көпшілік іс-шара. PRO.NRG FEST екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең ірі ғылыми-көпшілік фестивалдерінің бірі болып келеді. Оқушылар сарайында күні бойы лекциялар, интерактивті шоулар мен қойылымдар өткізілді, бұл отбасыларды ғылым мен технологиялар, қызықты ашылымдар ...

Читать далее »

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 2,5 МЫҢ ЖАҢА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІСІ ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, аймаққа инвестицияларды тарту тапсырмасын жүктеген болатын. Облыс басшысының бастамасымен үстіміздегі жылдың шілде айында Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы және Түркістан облысының оңтүстік аудандарының бірнеше басшылары Қытай мемлекетіне іссапарға барды. Ондағы мақсат — экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру болып ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЖИҺАЗ ШЫҒАРУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы бірнеше кәсіпкерлік нысандарында болып, жұмысымен танысты. Кәсіпкерлермен жеке-жеке сөйлесіп, өндіріс көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын көбейту, шетелдік нарыққа шығу жөніндегі жоспарларын, өтініштерін тыңдады. Қандай қолдау қажет екенін сұрап, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Бүгінде Түркістандағы «ASIA BREND» жиһаз компаниясы жылына 22000 дана жиһаз шығаруға қауқарлы. Жылдық қаржылық айналымы – 1,1 млрд. теңге. Кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи ...

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН VI ФЕСТИВАЛІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨШ БАСТАДЫ

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, теңге ілу, аударыспақ, жекпе-жек және жамбы ату мен саятшылық бойынша жеңімпаздар белгілі болды. Түркістан облысының спортшылары барлық спорт түрі бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Қазақ күресінен жалпыкомандалық 1-орынды алса, тенге ілуде де түркістандықтар ешкімге дес бермей, 1-орыннан көрінді. Сондай-ақ жерлестеріміз жамбы атуда ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Түркістанда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы «Тайқазан» халықаралық ұлттық және этникалық киімдер байқауы өтті. Халықаралық шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, ашып берді. – Халықаралық шараның мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен аталуы бекер емес. Өйткені қазақ халқы үшін Өзбекәлі аға тайқазанның киелі шаһарға қайта оралуына, Наурыз мерекесінің қайта жандануына тікелей себепкер болды. Қазір Түркістанымыз да облыс орталығына ...

Читать далее »

АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР

Бүгін Алматыдағы Біріккен ұлттар ұйымының ғимаратында “Есік” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Талғар және Қойлық қалашықтары Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің құрамдас бөлігі ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарын бастады. Шараның ашылу салтанатында “Есік” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова ханым халықаралық семинардың басты мақсатына тоқталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Тарихи-мәдени басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева ...

Читать далее »

КҮЗДІҢ КЕРЕМЕТІН КАПАДОКИЯДА КӨРІҢІЗ

Кападокия Түркияға баратын барлық саяхатшылардың сүйікті бағытына айналған. Аспанға ұмтылған жартастар, ондаған метрлік туннельдері бар керемет жерасты қалалар, жартастан соғылған үйлер, тарихи шіркеулер, монастырлар, жылдар бойы көкте қалқыған әуе шарлары мен үңгірлерден ашылған қонақүйлер Кападокияны өзге аймақтардан ерекше етеді. Күз айларының басталуымен орташа температура біршама қалыпты деңгейге түсіп, табиғат қоңыр түске боялып, Кападокиядағы туристерге керемет көңіл-күй сыйлайды. Әуе шарымен аспанға ...

Читать далее »