Без рубрики

Шымкентте Түркияның «ACIBADEM» клиникасының өкілдігі ашылды

Түркия – медицинасы қарқынды дамыған елдердің бірі. Сондықтан да аталған елге барып емделуге құмбылдардың қарасы қалың. Басты байлықтың қамын ойлаған қалың ел енді Шымкенттен шықпай-ақ түркиялық мамандардан кеңес ала алады. Әрі Түркияға барып емделуге де мол мүмкіндік туып отыр. Күні кеше үшінші мегаполисте түріктің «ACIBADEM» клиникасының өкілдігі ашылды. Бұл халықаралық деңгейдегі емхананың әлемдегі 46 — филиалы. Орталық өкілдері науқастардың Түркия ...

Читать далее »

Атыраулық жас робот жасаушылар «KazRoboSport» ұлттық чемпионатына қатысады

60-тан астам оқушылар мен студенттер Атырау облысындағы робототехника бойынша ең ірі жарыста үздік әзірлемелерді ұсынып, тәжірибе алмасты Атырау, 2022 ж. 30 мамыр – Атырауда робототехникадан облыстық чемпионат өтті. Чемпионатқа 35 команда, робосумо 10х10, биатлон, кегельринг-квадро және робосумо 25х25 санаттары бойынша облыстың барлық аймақтарынан 60-тан астам оқушылар мен студенттер қатысты. Нәтижесінде әр түрлі жас топтарында 30 адам жүлделі орындарға ие болды. ...

Читать далее »

Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсетінін айтты

Бұған дейін президенттің тапсырмасымен заңнамаға өзгерістер енгізілген болатын. Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорт жарыстары мен әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық университеттерге грантқа түсе алады.   Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадалардың, спорт және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.   «Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық университеттерде бейінді бағытта білім ...

Читать далее »

Түркітілдес Журналистер қоры үш қалада семинар өткізді

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы, Шымкент, Қостанай қалаларында «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Аталған жобаға Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясы қолдау білдірді. 2022 жылдың 8-9 сәуірі мен 11-12 сәуірінде Алматы, Шымкентте ұйымдастырылған семинар-тренингке Британиядан «Avrupa» медиа холдингінің қожайыны, журналист Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншікті тілшісі Юсуф Өзкан шақырылды. Шараға Алматы қаласымен бірге ...

Читать далее »

Биыл оқушылардың 9 % мектеп мұғалімі мамандығын таңдады — министр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына қазақстандық жасөспірімдердің мамандық таңдауы туралы ойын жазды. «Бүгін білім сапасы бойынша елдердің рейтингісі ретінде жиі қабылданатын зерттеу туралы жазғым келеді. Әңгіме PISA зерттеуі туралы болып отыр», — деген ведомство басшысы PISA-ның көптеген рейтингтен айырмашылығы — ұпайларды ғана емес, сонымен бірге контекстік факторларды да зерттейтінін айтады. «Осындай факторлардың бірі – 15 жастағы оқушылардың мансаптық ...

Читать далее »

183 балаға «мүгедек бала» санаты белгіленді

2022 жылғы 20 сәуірде Мемлекет басшысының «Зейнетақыларды, жәрдемақыларды арттыру және мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы қолдау бағдарламасы» аясындағы тапсырмасын орындау мақсатында әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Б.А.Өнербаев баспасөз мәслихатын өткізді. Брифинг барысында басшы  департаменттің 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы толық түсіндірме берді. Соның ішінде арнайы жәрдемақы, зейнетақы, әлеуметтік ...

Читать далее »

«7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үй алуға 12 мыңға жуық өтінім түскен

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлер алуға жалпы 2022 жылғы 11 сәуірден жұмыс уақытымен cағат 09:00 ден 15 сәуір сағат 19:00 аралығында 11919 өтінім келіп түсті. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.   Оның ішінде: 1-бөлмелі – 3324 өтінім, 2-бөлмелі пәтерлерге- 4592 өтінім, 3-бөлмелі пәтерлерге-4003 өтініш ...

Читать далее »

Мамырда «Түркістан» туристік-рекреациялық кешеніне су жіберіледі

Түркістанда құрылысы жүріп жатқан «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы жағажай туризмін дамытуға серпін береді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған нысанға барып, кезекті рет қадағалаудан өткізді. Бұл су кешеніне «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасынан су жеткізіледі деп жоспарланған.   – Мамыр айында жасанды көлге су жіберілуі тиіс. Суды сараптамадан өткізіп, қауіпсіздігін зерделеңіздер. Су кешеніне алдын ала су жіберіп, жақсылап тексеру қажет. Мұндағы су тек жағажай ...

Читать далее »

Түркістан: Ордабасы ауданында Калифорния шылаушанын өсірушілер көбейді

Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінде аудан шаруаларына биогумус органикалық тыңайтқышын өндірудің қыр-сырын үйретуге арналған семинар-кеңес өтті. Калифорния шылаушыны арқылы биогумус өндіруді үйреткен кездесуге Алматы, Ақтөбе қалалары мен облысымызға қарасты барлық аудан-қалалардан, ауылдық округтен 100-ден астам шаруа қатысты. Бұл бастама Ордабасы ауданыың әкімі Бағлан Батыршаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылды.   Кездесуде сала мамандары биогумус бизнесі бойынша тәжірибемен бөлісіп, ...

Читать далее »

Білім ошақтарын пайда көзіне айналдырғандарды жауапқа тарту керек

Білім ошақтарын өз пайда көзіне айналдырғандарды лауазымына қарамастан жауапкершілікке тарту керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ақ жол» партиясы өткен жылы Қазақ білімінің қара шаңырағы, қоғамда заңды резонанс тудырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тиесілі жер телімдерінің аумағы белгісіз себептермен азаюына байланысты Бас прокурор мен Білім министріне сауал жолдаған болатын. Өкінішке қарай, еліміздің ...

Читать далее »