Руханият

Аша Матай тікелей эфирде ұятқа қалды 

Белгілі әзілкеш Нұрболхан шуға толы “Қалаулым” бағдарламасының өтірігін әшкереледі. Ол тікелей эфирде болған жайтты жариялап, Аша Матайдың жүргізушілік қабілетіне күмән келтірді, деп жазады Stan.kz. Видеода Аша Матай құлағына сыбырлаған сценаристің сөздерін айна-қатесіз қайталайды. Осыған қарап әзілкеш “Қалаулымның” шынайылығына күмән келтірді. “Разоблачение Қалаулым! Ашаның құлағындағы ушканың даусын басып қойса қайтедi. Ар жағындағы сценаристiң даусы головной микрофонға естiлiп тұр ғой, қасқа. Сонда, Аша ...

Читать далее »

ОҚО ӨНЕРПАЗДАРЫ ШВЕЦИЯДА НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Финляндияға аттанған Оңтүстіктің өнер майталмандары Шведциядагы қазақ ұлттық мəдени орталығының Наурыз мейрамына қатысты. Қазақстанның өнер сәлемін арқалай барған делегаттарға аталған орталықтың жетекшісі Гүлмира Асылбекова алғысын білдірді. Шетелдегі қандастармен бірге Ұлыстың ұлы күнін тойлап, қазақтың әнін, төгілген күйін қасиетті домбырамен паш етіп, мың бұралған би өрнектерімен көрермен жүрегіне жол салған Наурыз мерекесінде Қазақстанның Швециядағы Елшісінің көмекшісі Жәния Мухадиева ұлық мерекемен құттықтап, ...

Читать далее »

Күнгейде «Наурыз көктем – Шымқала» айтысы өтті

Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз көктем-Шымқала» айтысы өтті. Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арналған биылғы айтыстың ерекшелігі –дәстүрлі түрдегі дода бағытында емес, айтыс-шоу түрінде ұйымдастырылды. Айтысқа елімізге белгілі 14 айтыскер ақын қатысып, Қазығұрттан бастау алған әз Наурыз мерекесі мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңірімізде жасалған үлгі боларлық оңды істер ...

Читать далее »

ОҚО-да «Отырарды қорғау» атты мультфильм жарыққа шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында «Отырарды қорғау» атты анимациялық фильм көрерменге жол тартты. Тұсауы кесілген туынды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың идеясымен дайындалған. Қазақ халқының тарихынан сыр шертетін шығарманың салтанатты тұсау кесер рәсіміне облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты. Жиында сөз алған өңір басшысы фильмді дайындаудағы мақсатына тоқталды. «Мемлекет басшысы мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың ...

Читать далее »

Шымкенттің оқушысы халықаралық байқаудан жеңіспен оралды

Шымкент қаласындағы №1 балалар саз мектебінің оқушысы Даниал Бектай Әбу-Дабиде өткен халықаралық байқауда лауреат атанып қайтты. Жуырда Біріккен Араб Әмірлігінің астанасында «Abu Dhabi Music competetion» атты халықаралық байқау өткен болатын. Бұл өнер сайысына Қазақстан, Италия, Ұлыбритания, Мальта, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елден үміткерлер қатысты. Осы сайысқа Қазақстанның атынан қатысқан Даниал «Аспаптық музыка» номинациясы бойынша сынға ...

Читать далее »

Бүгінгі беташар қалай өтіп жүр?

Ерте замандардан бері тіні үзілмей бүгінгі күнге жеткен тағылымы мол салт-дәстүрлеріміз жетіп артылады. Дегенмен тым «қазақбайский» болып көрінгісі келмегендердің кесірінен кейбір дәстүріміздің энциклопедиялық мұраға айналып кеткені де шындық. Ал жаңа өмірге қадам басқан жас келіннің бетін ашу салты шүкір бүгінде ғасырлар қойнауында қалып кетпей, өзінің орнықты орнын алды. Беташар салтының ұлттық тіннен ажырамай келе жатқанына қуансақ та, кейде кері тартатын ...

Читать далее »

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІНДЕ ТҮРКIСТАН ТЕАТРЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНА ІЛІКТІ

«Театр көктемi – 2017» дәстүрлi халықаралық фестивалi биыл да көрермендердi Оңтүстiк көктемiнiң жанға жайлы шуағындай рухани шаттыққа бөледi. Фестивальде жергiлiктi облыстық бес театр, Астана қаласының Жастар театры, Павлодар облыстық және Қырғызстан, Өзбекстан республикаларының театрлары төрт күн бойы қойылымдарын көпшiлiк назарына ұсынды, деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» газеті.Мәдениет мерекесiнде театрсүйер қауым Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық театры сахналаған «Арқалық батыр» драмасын, Р.Сейтметов атындағы ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАСТА ҚЫЗҒАЛДАҚТАРДЫ ҚОРҒАУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтау жөніндегі бастамасы аясында Түлкібас ауданындағы Шұбайқызыл шоқысында «Шырайлым Шұбайқызылым» атты фестиваль өтті. Фестивальде жастарды табиғатты аялау, қорғау, сақтауға шақыру мақсатында «Шұбайқызыл шоқысының» тарихы жайлы мағлұмат беріліп, жас ақындардың өлеңдері оқылып, табиғат тақырыбында көрме мен жас суретшілердің сурет байқауы өткізілді. Шұбайқызыл шоқысын да еліміздің «Қызыл кітабына» ...

Читать далее »

КҮНГЕЙДЕ ҮШ ЭТНОҚАЛАШЫҚ САЛЫНАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындаға Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданыда дүниежүзілік талаптарға сай этноқалашықтар бой көтеретін болады. Ондағы мақсат – көне мұраларды сақтап, туристерге өңір тарихын кеңінен насихаттау. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісінде мәлім болды. Кеңес отырысына ҚР Сәлетшілер Одағының Төрағасы Ақмырза Рүстембеков пен елімізге танымал сәулетшілер мен қалалық әкімдіктің өкілдері, ...

Читать далее »

Азиядағы алып глобус

Оңтүстік Қазақстан облысында жасалды Шымкент қаласындағы №90 орта мектептің оқушылары Орта­лық Азиядағы алып глобусты 6 айда жасап шығарды. Жер шарының көшірмесін дайындауға аталған білім ұясының 300-ге жуық шәкірті жұмылдырылған. – Глобустың қаңқасын құрап болған соң, сыртын гипсокартонмен қаптадық. Дайын болған макет қабырғаларын гипспен сыладық. Ал глобустың графикалық бейнесіне қажетті бұйымдар елімізде табыл­мағандықтан, Ресейден арнайы алдыр­дық, – дейді глобусты жаса­ған оқушылардың ...

Читать далее »