Экономика

Түркиялық тұқымнан сапалы өнім

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі «Нұр-Кетебай» өндірістік кооперативі 1125 гектар жерден өнім алып шаруасын шалқытып отыр. Тек қана мақта өсірумен ғана шектеліп қалмай,  ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресетін биолабораториясы, тұқымдық мақта шитін тазалайтын, іріктейтін, дәрілейтін тұқым цехы бар. Әрдайым жаңа технологиялардан да қалыс қалмай өнім өндіруде жаңа әдістерді де енгізуде. Кооператив «Максимумнан» жылына 16 млн, «Аграрлы несие корпорациясынан» ...

Читать далее »

Еңбек майданы қызу

Мақтарал ауданында қарқынды бау шаруашылығымен айналысатын «Аботя» шаруа қожалығында бүгінде мақта, жүзім, қауын қарбыз өсіріледі. Шаруашылық өнімін қайда өткіземін деп шаршамайды. Егіс басынан пышақ үстінен үлестіріп әкетеді. Көктемнің әр күнін жылға азық санайтын шаруа бүгінде қызу еңбек үстінде. Күннің көзі жылт ете салысымен кетпенін күнге сүйдіріп, қолын жауыр етіп еңбек майданына кірісіп кеткен. Топырақ астында көмулі жатқан жүзімдікті аршып алып, ...

Читать далее »

Жеңсік астың төркіні Қазақстан

Түркістан облысында бүгінде балық өндірумен және өңдеумен айналысатын зауыттардың қатары көбейіп келеді. Олардың басым бөлігі өнімдерін шетелге экспорттауда. Шардарадағы балық өңдеумен айналысатын «Хамит» өндірістік кооперативі заманауи үлгіде жарақтандырылған. Аталмыш зауытта балықтың сүбе еті және ысталған балық өндіріледі. Өндіріс орнында өткен жылы 1132 тонна балық өңделіп, 1 180 410,0 мың теңгенің өнімі өндірілген. Негізінен өнімнің 85-90 пайызы, Ресей, Германия, Израиль елдеріне ...

Читать далее »

Әмбебап көпфункционалды аспалы қондырғыға сұраныс көп

Түркістан облысында өндіріске ендірілген жаңалықтар көп. Облыстағы маңдайалды оқу орны ОҚМУ ғалымдарының ғылыми инновациялық жобасы «Әмбебеп көпфункционалды құрылғысы» бүгінде қағаз бетінде қалып кетпей өндіріске ендірілген. Нұрлыбай Танабаев, техника ғылымдарының кандидаты: «Менің жасап шығарған «төртеуі біреуінде аспалы әмбебап көпфункционалды аспалы қондырғының» артықшылығы көп. Ауыл шаруашылығы диқандарымыз арық қазғыш каналқазғыштарды пайдаланады. Арықжапқыш құрылғыны пайдаланатын. Бұл құрылғының құрамында үш агрегат бар каналқазғыш, заравниватель, ...

Читать далее »

Кәсіпорындарға жасалар жеңілдік көп

Түркістан облысындағы өзге аудан, қалалар сияқты Кентау қаласында да индустриялық аймақ құрылған кезінде.  Аталған аймақ 25 гектар аумақты алып жатыр. Индустриялық аймақтың 4,3 гектарына инфрақұрылым жүргізілген. Осында өнім өндіретін кәсіпорындарға барынша жағдай жасалған. Коммуникация желілерін жүргізу үшін 1,4 миллиард теңгедей жұмсалды. Оның 930 миллионына шағын электр станциясы салынған. Соның арқасында индустриалды аймақт электр энергиясы 30 пайыз арзан. Бұл өз кезегінде ...

Читать далее »

Берік әрі төзімді

Түркістан облысында бүгінде жолдар сапалы құрылыс материалдарынан салынуда. Сол себептен де пайдалану мерзімі ұзақтау, әрі тақтайдай түзу. Ал осы жол құрылысына тек отандық өнімдер ғана пайдаланылады. Бүгінде облысаралық, ауданаралық жолдарды салып, тіпті халықаралық маңызы бар ірі жобаларға да өз үлесін қосып жүрген «Береке корпорациясы» ЖШС-і облысымыздағы іргелі кәсіпорындардың бірі. Жыл сайын 500 шақырымнан астам жол құрылысын жүргізетін кәсіпорынның жұмысы әрдайым ...

Читать далее »

Түркістан облысында 30 ірі экспорттаушы кәсіпорын бар

Алыс және жақын шет елдерден тамақ өнеркәсібі мен химия және тоқыма бұйымдарына деген сұраныс жыл өткен сайын көбейіп отыр. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен баспасөз мәслихатында «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ның мамандары мәлімдеді. Жергілікті кәсіпкерлер өндіріп жатқан күнделікті тұтыну тауарларын шет елдің нарығына шығару мақсатында келісімдер де жасалыпты. Бұған дейін Кедендік Одақ аумағына шығарылып ...

Читать далее »

Шетелде сұраныс жоғары

Түркістан облысында шығарылатын шифер. Отандық өнім. Сапалы. Бағасы да қымбат емес… «Tectum Engineering» ЖШС-нің өнімдері бүгінде аса сұранысқа ие. Елімізде баламасы жоқ өндіріс орны деуге болады. Ресейлік өніммен бәсекелестікте. Шетелдік өнімді нарықтан ығыстырып шығаруды көздеп отыр. Әрине сапасының жоғарылығы мен бағасының арзандығы өтімділігін өкіртетіні анық. Бүгінде зауыт өнімін Тәжікстанға экспорттауда. Айына 2-3 вагон жөнелтіледі. Ал негізінде ішкі нарықта сатылымы жоғары. ...

Читать далее »

Құрылыс индустриясы қайнап тұр

Тамыз айының басында Төле бау ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен «Леңгір қаласы аумағын аббаттандыру туралы» жиналыс өтіп, аудан әкімі қала әкіміне қаланың безендірілуін басты назарда ұстауды тапсырған болатын. Нәтижесінде араға екі апта салысымен аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмыстар басталып та кетті. Аллея сағат стелласымен бірге «Ұлы Отау» тойханасына қарсы бетте Қапал батыр көшесінде орналасатын болады. Қазіргі таңда мұнда монтаждық жұмыстар, ...

Читать далее »

Жергілікті бюджеттен қомақты қаражат

Бүгінде Жетісай ауданында 1 қала, 1 кент және 11 ауылдық округ бар. Олардағы 104 елді мекенде 172903 халық тұрады. Аталған елді мекендердегі қолданыстағы су құбырларының ұзындығы 951 шақырымды құрайды. Бұл су құбырларында 94 дана ауыз су ұңғымасы, 83 су мұнарасы, 24 су сақтағыш санитарлық қорғау аймақтары жұмыс істеп тұр. 2018 жылы аудандағы 24 сағат ауыз су беріліп отырған елді мекендер ...

Читать далее »