Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Медицина өкілдері «Қырғы базары» аумағындағы саудагерлер мен таксистерге келер жылдан бастап медициналық көмекті қалай алу керектігін түсіндіріп, сақтандыру қорына төленетін жарналар туралы айтып береді. Сондай-ақ, шара барысында мамандар радиорубка арқылы хабарландыру жасап, ақпараттық-танымдық материалдар таратты. ...
Читать далее »Әлеумет
Шымкентте мектеп психологтары арасында семинар-тренинг өтуде
Жасөспірімдердің психологиясымен дұрыс жұмыс жүргізу. Шымкентте мектеп психологтары арасында семинар тренинг басталды. Білім ұясындағы мамандарға медицина ғылымының докторы тәрбиесі қиын оқушалармен жұмыс жүргізудің жолдарын үйретуде. Психологтардың біліктілікті арттыру арналған семинар Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өтуде. Мектеп психологтарына арналған семинар үш күнге жалғасады. Бұл дәрісті медицина ғылымының докторы, психотерапевт дәрігері, медицина психологы Асимов Марат жүргізуде. ...
Читать далее »«Қауіпті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтуде
Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Қауіпті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында орта мектеп психологтары арасында семинар-тренинг өтуде. Семинар-тренингті жүргізіп жатқан тренерлер: профессор, медицина ғылымдарының докторы, врач-психотерапевт М.А.Асимов, врач психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты Багиярова Ф.А. (Алматы). Семинар-тренингтің мақсаты: • қиын жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастырудың міндеттері мен тәсілдерін түсіну; • жасөспірімге/оқушыға және оның ата-анасына қолдау көрсету мүмкіндігі; • мектеп психологтарының өз ...
Читать далее »Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі №2 ауруханасында жұмыс істейді
Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі Шымкент қалалық №2 ауруханасында жұмыс жасайды. Атап айтқанда қаланың бас нейрохирургі Сәрсен Маханбетұлы, бас аллерголог Сауғабаева Сарсенкүл Қалмахановна, бас пульмонолог Байташов Оразгелді Такешұлы, бас ревмотолог Тен Светлана Владимировна. Бұл аталған 4 дәрігерде №2 аурухана дәрігерлері. Олардың міндеттеріне науқастарды жүргізу тактикасын әзірлеу бойынша жүгінген кезде халыққа, бейінді денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына практикалық ...
Читать далее »Шымкентте аллергияны қайда емдейді?
Аллергия маусымы басталды. Түшкірініп, пысқырынатын уақыт келді. Көз қышып, мұрын бітеледі. Мазасы кетіп, дем жетпей жүргендерді жиі көруге болады. Және де жас талғамайды. Түшкірсе болды, кейбіреу өзін «аллергиямын» дейді. Диагноз қоюмен шектелсе жақсы ғой. Өз бетінше ем-шараға кіріседі. Ауырған адам не қолданбайды дейсіз. Денсаулығыма қауіп келеді деп ойламайды. Осы кезде оны қалай және қайда емдейміз деген сауал туындайды. Шымкентте аллергияны ...
Читать далее »Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағыты талқыланды
Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалында Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағыты және қолжетімді медицина тақырыбы төңірегінде семинар өтті. Жиынға қатысқан жетінші қалалық емханасының бас дәрігері Оспанова Айман Қожанқызы денсаулық сақтау саласындағы сақтандыру турасында толық ақпарат берді. Айман Қожанқызы: «Бұрынғыдай алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем шақыру, санитарлық авиация көмегі, басқа да науқастың өмірін құтқаруға қажетті дәрігерлік көмектің барлығы тегін көрсетіледі. ...
Читать далее »«Денсаулық фестивалі – 2019» өтті
Түркістан қаласында «Денсаулық фестивалі – 2019» ауқымды іс-шарасы өтті. Осымен 20-мәрте ұйымдастырылған фестиваль «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 10 мыңға жуық қала тұрғындары және мекеме-ұйым қызметкерлерінің жаппай қатысуымен таңғы жаттығу жасаудан басталды. Сондай-ақ, қаладағы «Парасат» саябағынан «Арбат» демалыс аймағына дейін велошеру ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов пен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев «Денсаулық» қалашығындағы дәрігерлердің ...
Читать далее »Шымкентте «Денсаулық жолы» акциясы жалғасуда
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қаланың шетіндегі халыққа білікті дәрігерлерден құралған топ жылжымалы медициналық кешенмен барып медициналық көмек көрсетуде. Бүгін № 9 Шымкент қалалық емханаға қарасты Жиделі елді мекенінде бейінді дәрігерлер қабылдау жүргізіп, жергілікті тұрғындар үшін тегін диагностикалық тексеру жұмыстарын өткізуді. «Денсаулық жолы» акциясы аясында өткізілІліп жатқан шараға тұрғындар белсене қатысып, ақ ...
Читать далее »Вирусты гепатиттен қалай сақтануға болады?
Жыл сайын 28 шілдеде дүниежүзінде Гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі. Осы жолы бұл шара «Ресурстарды гепатитті жоюға жұмсайық!» ұранымен өтеді, әр адамды сырқатпен қалай күресуге болатынын білуге шақырады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) деректері бойынша әлемде 325 млн адам В немесе С вирусты гепатитіне шалдыққан, жыл сайын осы дерттен 1,4 млн адам көз жұмады. Өлім-жітім деңгейі жағынан аталған инфекциялық ...
Читать далее »Түркістан: Науқастарға 1 млрд-тан астам теңгенің дәрі-дәрмегі берілді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, МСҚ мен «СҚ-Фармация» ЖШС бірлесіп өткізген шара аясында биылғы 12 сәуір мен 30 маусым аралығында SMS-хабарлама жүйесін іске қосқан болатын. Атап айтқанда, 2019 жылдың сәуір-маусым айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттердің телефондарына SMS-хабарлама жіберілді. Барлығы 1 миллионнан астам SMS-хабарлама жіберілген. Хабарламада рецептінің нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетілді. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттерге SMS-хабарламаға ...
Читать далее »