Әлеумет

Жастардың қылмысқа баруы жыл сайын төмендеп келеді

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен жыл басынан осы уақытқа дейін жасалған жастар арасында құқықбұзушылықтарға анализ жасалды. Қылмыстың алдын алу бойынша АІІБ, аудандық Прокуратура, Білім бөлімі, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мектеп басшыларының тәрбие орынбасарларының қатысуымен жиын болып өтті. Жл қортындыс жаман емес. Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау ор­ган­дарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, басқа да мемлекеттік ...

Читать далее »

Келес ауданының жастары тың бастама көтерген

Қайырымдылық қылсаң қайыры Алладан қайтады.Осы ұстанымды жадына тоқыған қазақ ешқашан жетімін жылатып, жесірін қаңғыртпаған. Тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларына да бей-жай қарамаған.  Келес ауданында Әлеуметтік жағдайы төмендеу отбасылар үшін арналған тегін таратылатын киім-кешек дүкені ашылды. Бұл игі бастаманы жергілікті жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен мешіт қызметкерлері қолға алған. Тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін жаңа дүкеннің есігі әрқашан ашық. Ұйымдастырушылар ...

Читать далее »

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі

Балаға тәрбие беру балабақшалардан бастау алады. Бүгінде осы міндеттің үдесінен шығып отырған бөбекжайлардың бірі — Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан «Күншуақ» балабақшасы. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бүгінгі таңда 280 баланы 12 топқа бөліп тәрбиелеуде. 1986 жылы құрылған мекеме 2012 жылы күрделі жөндеуден өтіп заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған. Бүлдіршіндер мекемеде қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерінде білімнің алғашқы сабақтарын ...

Читать далее »

Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі зор

Қазығұрт ауданында  Қыздар арасында әлім жеттілікпен ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбы аясында психолог, учаскелік инспекторлардың қатысуымен кездесу болып өтті. Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралғыларымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте ...

Читать далее »

Оқушылардың құқықтық сауатын аттыруда

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының» ұйымдастыруымен өтетін шара оқушылардың құқықтық сауатын аттыруда. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтарды, ертежүктіліктің және аутодеструктивті мінез құлық, қалыпты емес дағдарыстың, құқықбұзушылықтың, алдын-алуға бағытталған жиын бұл жолы Жетісай ауданы, Ділдәбеков ауылдық округі, Жаңа дала ауылында «Жаңа дала» атындағы жалпы орта мектебінде болып өтті. Келелі кездесуге Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерінің, аудандық ІІБ ...

Читать далее »

Cуицидпен күресуді психологтар бірлесе қолға алды

  Түркістан облысында жасөспірім­дер арасында суицидтің алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі психо­лог­тардың бірлесе қолға алған және бес кезеңнен тұратын жоба. Әрине, бұл мәселеге ерекше назар аударып, ауқымды жұмыстардың қолға алынуы бекер емес. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің азаймай, көбейе түсуі негізгі себеп болып отырғаны мәлім.  Деректерге жүгінсек, жастар ара­сында зорлық-зомбылық және өзіне-өзі қол жұмсау көрсеткіші биыл 30-ға артқан. ...

Читать далее »

Қыз бала тәрбиесі бойынша өткізілген шаралардың үлесі артқан

  «Жастар арасындағы келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтарды, ерте жүктіліктің және аутодеструктивті мінез құлық, қалыпты емес дағдарыстың, құқықбұзушылықтың, алдын-алу». Осы мақсатында ұйымдастырылатын кездесу Жетісай ауданы, Құрбан ата ауылы, «№8 Н.Оңдасынов» атындағы жалпы орта мектебі және «№12 Аманкелді» атындағы жалпы орта мектебінде жалғасын тапты.  Күн тәртібінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, соның ішінде педофильдік іс-әрекеттерді болдырмау сондай-ақ, ерте жастан жүктіліктің алдын-алу және ...

Читать далее »

Жат әдеттің алдын алу бағытындағы кездесу жалғасын табуда

Жетісай ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалардың, ерте жүктіліктің, зорлық – зомбылықтың алдын алу бойынша кездесу өз жалғасын табуда. Жетісай  ауданына қарасты Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің қыз балалары арасында алқалы жиын болып өтті. «Жастар ресурстық орталығы» мен «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының» ұйымдастыруымен өткен шара келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтарды, ерте жүктіліктің және аутодеструктивті мінез құлық, қалыпты емес дағдарыстың, құқықбұзушылықтың, ...

Читать далее »

Мизам мерекесі отбасылық құндылықтарды айшықтайды

«Мизам – береке бастауы». Осындай атаумен Мақтаарал ауданында фестиваль болып өтті. Халқымыздың өмір салтында бар, алайда көп тойлана бермейтін, мал семіріп, егін орылып, шөп шабылып, елдің берекеге кенелетін кезінде атап өтілетін «Мизам» ұлттық мерекесін халық арасында кеңінен насихаттау, ұмытыла бастаған осы дәстүрдің көне дәстүрге сай нұсқасын БАҚ арқылы ел арасына тарату – іс-шараның басты мақсаты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова ...

Читать далее »

Жас талант шығармашылық кешін өткізді

Түркістан облысы білім басқармасының «Арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «а» сынып оқушысы Айша Бақытжан «Өмір ғажап сіздерменен» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған концерттік кешін өткізді. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қарт келіп сәлем берер. Ата салған жолмен кешке арнайы Мақтарал ауданының әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, жас дарын иесіне аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады. «Құрметті Айша! Бүгінгі концерттік ...

Читать далее »