Әлеумет

Сенатор әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін

Сенат депутаты Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендетуді қолдады. Ол өзінің депутаттық сауалында Қазақстанда орташа өмір сүру жасының 71-ден 70 жасқа дейін төмендеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Дана Нұржігіттің айтуынша, әйелдерде зейнет жасын көтеру туралы шешім 2015 жылы қабылданған. Бұл кезде Қазақстандағы орташа өмір сүру жасы есепке алыныпты. Алайда 2021 жылы бұл көрсеткіш 71 жастан ...

Читать далее »

Қазақстанның екі облысында бірінші сынып оқушыларының 90%-дан астамы қазақ тілінде оқитын болады

Екі айдың ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70,5 %-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.    Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет автоматтандырылды. Құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды ...

Читать далее »

Мұқтаж жандарға газ бағасы 20% арзан болады

1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын қазақстандықтар көгілдір отын ақысын арзандатылған тариф бойынша төлейді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды «Адырна» . «1 шілдеден бастап «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар» санатына жататын тұтынушылар елдің барлық газдандырылған өңірінде төмендетілген бағамен газ алу мүмкіндігіне ие болады. Жеңілдетілген газ бағасын ...

Читать далее »

Қазақстандық оқушылар экологиялық жобаларды жүзеге асыруға ақшалай гранттар алды

Қазақстанның астанасында 3700-ден астам үміткер қатысқан EcoJas жобасының нәтижелері айтылды. Елордада «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асырылатын Ұлттық волонтерлік желісінің EcoJas экологиялық жобасының жеңімпаздары марапатталды. EcoJas – бұл мектеп оқушыларына арналған білім беру-танымдық жоба, оның мақсаты балалар арасында эко-ағарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға дағдыландыру болып табылады. Жоба жыл басында басталып, Ақмола және Қарағанды облыстарының 73 мектебінен 3700-ден астам оқушыны қамтыды.   «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханованың айтуынша, бүгінгі таңда біздің табиғатқа деген көзқарасымызды ...

Читать далее »

Halyk Bank “Бөпе” науқанын іске қосты. Балаңыз үшін қажет әрі пайдалы сыйлықтарды ұтып алу үшін не істеу керек?

Алдағы үш айда ата-ана атанатындар үшін жақсы жаңалық. Неге десеңіз, олар біріншіден баланы дүниеге әкеліп өмірдегі ең бақытты сәтті сезінсе, екіншіден балаға қажетті әрі пайдалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігі бар. Halyk Bank балаларды қорғау күніне орай жаңа “Бөпе” науқанын іске қосты. 2022 жылғы 1 маусым және 31 тамыз аралығында Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы дүниеге келген балаға жәрдемақыны онлайн ресімдеген ...

Читать далее »

30 жыл ұстаздық еткендер аттестациядан босатылады ма? Министр жауап берді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еңбек өтілі 30 жыл болған ұстаздар аттестациядан босатылады деген әңгімеге нүкте қойды. Ол бұл туралы журналист Нартай Аралбайға берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, бұл ел арасында жүрген жәй ғана қаңқу сөз, деп хабарлайды Экспресс К. 30 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар аттестациядан өтпейді екен деген әңгімені қоғамда екінің бірі айтып жүр. Бірақ оның ақ-қарасын ...

Читать далее »

25 мамыр – Дүниежүзілік қалқанша безі күні

Жыл сайын 25 мамыр күні көптеген елдерде Дүниежүзілік қалқанша безі күні атап өтіледі. Бұл күнді өткізудің мақсаты – қалқанша без аурулары, оларды емдеу және алдын алудың әдістері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру. Қалқанша безі адам ағзасында маңызды орын алады. Ол жүйке, эндокриндік, иммундық, жүрек-қантамыр, тыныс алу және т.б. адам ағзасының барлық жүйелерінің жұмыс істеуіне әсер ететін гормондар шығарады. Қалқанша ...

Читать далее »

ҰБТ кезінде камера мен құлаққап қолданған түлектің тестілеу нәтижесі жойылды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында анықталған заң бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Ол ҰБТ бойынша әр заңсыз әрекет мұқият тексерілетінін атап өтті. Өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Сонымен қатар жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарымызға түскен тест тапсырушы болды.Руслан Емелбаев ...

Читать далее »

Жүлделі орынға ие болған оқушылар миллионер атанбақ: Мұғалімдер ше?

Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлем төленеді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәйкес заңға қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  «Жақында президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола ...

Читать далее »

Мектеп бітіру кешіне шектеу қойылады ма?

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мектеп бітіру кештерін өткізуге шектеу қойылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.    Қазақстанда анықталған коронавирустың «стелс-омикрон» штамы жылдам тарайды. Бірақ дельта-штаммен салыстырғанда жеңіл өтеді. Әзірше ешқандай карантиндік шектеу енгізілмейді. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бас санитардың айтуынша, түлектер кешін өткізуге ешқандай шектеу жоқ. Себебі бұған дейін карантин шаралары алынып тасталды. Алайда Есмағамбетов ата-аналарға жақсылап ойлануға ...

Читать далее »