Без рубрики

Шымкент: Тұрғындардың өтініші орындалуда

Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру негізінде, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әкімдік ғимаратында Еңбекші ауданының белсенді тұрғындарымен кездесті. Қаңтар айында қала басшысы Еңбекші ауданының шалғай жатқан 16 елді мекен тұрғындарымен жүздесіп, олардың өтініштерін тыңдаған болатын. Кездесулер барысында ауыл билері мен тұрғындар тарапынан 47 өтініштер мен мәселелер көтерілді. Олардың 27-не кездесу барысында нақты жауаптар берілген болса, қалған ...

Читать далее »

«Емханаға апарып, зорлады»: Нұр-Cұлтанда фельдшер екі күн бойы мүгедек қызға қорлық көрсеткен

Елордалық ана, мүгедек қызына екі күн қорлық көрсеткен фельдшер жазасыз қала ма деп қауіптенеді. Арнамызға арызын арқалай келген шарасыз жандар арсыздыққа жол берген ақ халаттының жұмыстан да қуылмағанын түсіне алар емес. Құзырлы органдарға арыз жазған. Содан бері 5 ай өткенімен, іс орнынан қозғалмады дейді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.  Елордалық ана өзін де, науқас қызын да көрсеткісі келмеді. Бірақ мәселелерінің сиырқұйымшақталып ...

Читать далее »

“ШЕВРОН” КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФ ТАБЫСТАДЫ

«Шеврон» COVID-19 індетімен күресті қолдау аясында Қазақстанның медициналық мекемелеріне алты компьютерлік томографты табыстады. Алматы, Қазақстан, 2021 ж. 16 қыркүйек — Қазақстан Республикасына коронавирус пандемиясымен күресуге гуманитарлық көмек көрсету бойынша кең ауқымды бағдарламасының аясында, «Шеврон» компаниясы елдің медициналық мекемелеріне Aquilion PRIME SP сериялы алты компьютер томографын сатып алып, тегін табыс етті.  Бүгін А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында осы жабдықты ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен ...

Читать далее »

Ақ халаттыларға алғыстарын жаудырды

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының 2021 жылғы 6 тамыздағы «Инфекциялық стационарды ұйымдастыру туралы» №379-н/қ бұйрығы бойынша, Шымкент қаласындағы М.Х. Дулати көшесі 205 мекен-жайында орналасқан Политехникалық колледжінің базасында инфекциялық стационар 9 — тамыздан бастап ашылды. Сол күннен бастап COVID-19-бен ауырған науқастар ем қабылдауда. Емхананың медицина қызметкерлері күндіз-түні науқстарға ем-дом жасауда. Медицина мекемесінің білікті дәрігерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында ауруынан айыққандар қатары артып ...

Читать далее »

Сайлауалды бағдарламадағы негізгі басымдықтар бойынша қоғамдық кеңестердің кезекті бірлескен отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес пен Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті. Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратовтың төрағалығымен өткен жиында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтар — ...

Читать далее »

«DENSAULYQ» КӘСІПОДАҒЫ ҮЗДІК МАМАНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Түркістан облыстық «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы атынан медицина қызметкерлерінің күніне орай «Үздік маман» номинациясы бойынша облыстағы емдеу мекемелеріндегі қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Аталған кәсіподақ атынан марапатталғандардың басым бөлігі «COVID-19» індетімен күрес кезінде ерекше көзге түскен медицина саласының қызметкерлері.Нақтырақ айтқанда, инфекциялық стационар мамандарынан бастап, реаниматолог, пульманолог, инфекционист, фельдшер, медбикелер, жалпы тәжірбиелі сынды медицина мамандары. Түркістан облыстық «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ...

Читать далее »

Шымкент: Жаңадан ашылған 6 автобус бағыты қайда қатынайды?

Шымкенттің қоғамдық көлік саласында тағы да өзгеріс. Қалада жаңадан 6 автобус бағыты ашылды. Жаңа бағыттарға қатынайтын 100 жаңа автобус берілді. 1 маусымнан бастап ашылған автобус бағыттарын көруге Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов келді. Ол маршруттар картасын қарап, қызметкерлерге сәттілік тіледі, деп хабарлайды otyrar.kz.   Әкімнің сөзінше, жыл соңына дейін тағы 290 жаңа автобусты жолға шығару жоспарланған. Осылайша, қаладағы қоғамдық көліктер базасы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА АФРИКА ЖАЙЫНЫ ӨСІРІЛУДЕ

  Келестік кәсіпорын балықтың жаңа түрін өсіруді қолға алды. Жыл он екі ай аптапта тіршілік етуге бейімделген «Африка жайынын» өсірген жеке кәсіпкер жылына 160 тонна жаңа балық тұқымын алуды көздейді. Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіндегі «Бижігіт-Ата» ЖШС-і Ақ амур, күміс сазан, көксерке балық түрлерінің әрқайсысынан жылына 10 тонна өнім алады.   Уылдырықтарды қолдан ұрықтандыру, балық өсіру және балық етін өңдеумен ...

Читать далее »

TURKISH AIRLINES ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН- ЫСТАМБҰЛ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ҰША БАСТАДЫ

    Turkish Airlines түрік әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға жаңа халықаралық тұрақты рейсті іске қосты. Билет құны 119 500 теңгеден басталады. Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай кезең-кезеңімен ұлғая отырып, аптасына 1 рейс жиілігімен (сенбі) Б-737 типті әуе кемесінде орындалатын болады. Азаматтық авиация комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму ...

Читать далее »

ІТ мамандар дайындаудағы жаңа тұжырымдама

Halyk Bank пен ХАТУ IT-мамандарды даярлаудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Бүгін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (“ХАТУ” АҚ) Halyk Academy қоғамдық жобасы бойынша алғашқы зертхананың ресми ашылуы өтті. Бизнесті цифрландыру серпілісі Қазақстан үшін білікті мамандардың тапшылығын туғызды. Сондықтан Halyk Bank және халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (“ХАТУ” АҚ) Орталық Азияның ірі банкінің талаптарына сәйкес келетін бейіндік бос орындарға, сондай–ақ қажетті стэк технологияларға мамандарды даярлау ...

Читать далее »