Без рубрики

Индустриялық аймақтар инфрақұрылыммен толық қамтылған

Шымкентте 2 индустриалды аймақ және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы бар. Енді олардың қатары «Жұлдыз» индустриалды аймағымен толықпақ. Аймақ учаскелері толық жобалармен қамтылып, әрі қарай дамыту мақсатында 3-ші жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру жұмыстары басталып кеткен. Жобада 2021-2013 жылдары 20 млрд.теңгеге 1000 жаңа жұмыс орнымен 20 жоба жүзеге аспақ.Жалпы индустриалды аймақтар құрылғалы бері бюджетке 10,9 млрд. теңге салық түскен. Оның ішінде ...

Читать далее »

Сапалы ауыз суды тәулік бойы пайдаланады

Шымкент қаласы маңындағы елдімекендерді дені сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал Жыланбұзған ауылының тұрғындары сапалы ауыз суды тәулік бойы пайдалануға қол жеткізді.Қала маңындағы ауылдардың дені инфрақұрылыммен толық қамтылған. Ал Жыланбұзған ауылының тұрғындары осы уақытқа дейін су мұнарасының қуаттылығы ауылды тек 4 сағат ауыз сумен қамтуға күші жететін. Су жүйесін қалпына келтіруге 107 млн. теңге қарастырлды. Су беру мұнарасы жаңғыртылғаннан кейін жыланбұзғандықтар ...

Читать далее »

Медицинаға бөлінген қаржы көлемі артуда

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың халық денсаулығын сақтау жолындағы жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін, бірінші кезекте, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуына әрі жеке медицинаның өркен жаюына септігін тигізіп, медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуына мүмкіндік береді. «Мемлекет халыққа көрсетілетін тегін медициналық қызметтерге жыл сайын бір триллион теңгеге жуық қаржы бөледі. Айта ...

Читать далее »

Шымкенттің мұғалімдері Елорданы Елбасының атымен Нұрсұлтан деп атауды құптайды

Елбасымыздың айдай әлемге жасаған және де бір өзінің ғана емес, барша қазақ жұртын талпындырған тағы бір қадамы – бүгінгі Астананың салынуы. Өзінің қолымен салған, кешегі бабаларымыздан қалған әпсана самұрықтың алтын ұясын, бәйтерегін орналастырып, сол жерге қазақтай ел болатын Қазақ елі монументін қою, мұның барлығының астарында қазақтың дамуы, қазақтың келешекке деген даңғыл жолы жатыр. Сол үшін де біз, Шымкент қаласының бүкіл ...

Читать далее »

1 қыркүйектен бастап психологтар біліктілігін арттыру үшін қосымша төлемдер алады

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап психология мұғалімдері жаңа сертификаттау жүйесімен бекітілген қосымша төлемдер мен біліктілікке ие болады, деп хабарлады білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова. Бұл туралы  Informburo хабарлайды. Жалақы есептеу үшін коэффициентті анықтаудағы негізгі көрсеткіштер мемлекеттік қызметшілер тізілімінде анықталған байланыс пен деңгей болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрығымен педагог-психологтар туралы білім және ...

Читать далее »

Педагогтің кестесін жасауға бір әдістемелік күн берілуі керек

Елбасының «Қазақстандық¬тардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында білім саласына ерекше көңіл бөлінді. Ал қостанайлық мұғалімдердің пікірінше, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын қабылдау жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Эльмира Шауенова — С.Мәуленов атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 23 жыл үздіксіз мектепте жұмыс атқарып келеді. Жоғары санатты мұғалімнің облыстың «Үздік ...

Читать далее »

Шымкентте автобустың қайда келе жатқанын көрсететін  ShymQala қосымшасы іске қосылды

Шымкент қаласында автобустардың қай жерде келе жатқанын көрсететін ShymQala атты мобильді қосымша іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері хабарлады Олардың айтуынша, мобильді қосымша қалаішілік №141, 147, 147А 148А, 148Б, 102ША, 109ША, 118ША, 26 бағыттарына пилоттық режимде енгізілген. Аталған қосымшаны смартфон иелері Play Market немесе Арр Store дүкендерінен жүктеп ала алады. Телефоныңыздың экранына автобустар ...

Читать далее »

Мұғалім мәртебесі. 30 жылдық жұмыс өтілі барлар кәсібилігін неге тағы дәлелдеуі керек?

Бүгінде қызу талқыға түскен «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы екінші оқылымға дайындалуда. Жан-жақты пікірмен толығып, ұсыныстармен үстемеленген жаңа құжат жыл ортасына қарай халық қалаулыларының қарауына жолданбақ. Жобаның кемшін тұстары қандай? Берер жемісі бар ма? Білім нәрімен сусындатқан тәлімгерге қандай артықшылықтар бермек? Осы және басқа сауалдарды саралаған білім саласының үздігі Нұржамал Садықова педагог мәртебесін көтеруге бағытталған болашақ заң осы қалпында қабылданса ...

Читать далее »

Емxаналардың электрондық базасы неге істемей қалады?

Бүгінде еліміздегі емxаналардың басым бөлігі электрондық қызмет көрсетуге көшті. Алайда, Астананың өзінде кейбір медициналық мекемелердің электрондық жүйесі істемей қалады. Содан xалықтың кезегі көбейеді. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев аталған мәселенің негізгі себебін түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Иә, емxаналарда «компьютер зависать етіп қалды», «база істемей қалды» деген мәселелер бар. Жаңа компьютер алсақ та, ол проблема шешілмейді. Себебі медициналық мекемеде бір ...

Читать далее »

«Атамекен» кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуді бастады

Бүгін кәсіпкерлердің мәселесін білу мақсатында сауалнама жүргізуді бастадық. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев мәлімдеді. Елімізде 1 млн 200 мың кәсіпкер бар. Осы орайда «Атамекен» ҰКП әрбір кәсіпкермен жеке байланыс орнатып, оларды толғандырып жүрген мәселерді білмек. «Сондықтан бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының 300-ден астам қызметкері еліміз бойынша сауалнаманы жүргізуді бастады. Мысалы, сауалнама жүргізуді Маңғыстау облысында Түпқарағай ауданынан, ...

Читать далее »