Бүгінде Түркістан облысында құрылыс қазаны қайнап жатыр. Соған орай құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың жұмысы да тоқтаусыз жүріп тұр. Құрылыс және инфраструктура саласында өңірімізде сапаны арттыру, жасыл технологияны ендіру міндеті тұр. Ол үшін шетелден арнайы білікті мамандармен тәжірибе алмасу, түрлі семинарлар өткізілуде. «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағы бұл тарапта үлкен істер атқаруда. Жуырда өңірімізге кореялық мамандар ат басын бұрған болатын. Корейлік бетон ...
Читать далее »Экономика
Кәсібін өркендетуге даңғыл жол ашылмақ
Бүгінде өңірге инвестиция салуға қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар қатары артып келеді. Жуырда ғана облыс әкімдігі өзбекстандық «Alliance textile» кәсіпорнымен Түркістан облысында тоқыма өнеркәсібіне инвестиция салу бойынша келісімге келген болатын. Одан бөлек , «Оңтүстік» индустриалдық аймағындағы тоқыма кәсіпорындарын оңалту үшін меморандум түзілді. Яғни, көрші елдің «Казтехинпекс» ЖШС-мен, сонымен бірге медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған зауыт құрылысын салу бойынша облыс әкімдігі ...
Читать далее »Бірігудің нәтижесі береке
Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы мал шаруашылығы қарқынды дамыған аудандардың бірі. Ал егін шаруашылығы бойынша да асығы алшысынан тұр. Жыл сайын бидай ору науқаны ең алдымен Қазығұрттан басталады. Бүгінде ауданда мал сою, сүт қабылдау бекеттері мен қарқынды бау өсіру және жеміс-жидек қабылдау бекеттері сынды жалпы саны 40 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған. Оның 19 өткен жылы құрылса, биыл 21 кооператив ...
Читать далее »Кооперативтердің қатары артпақ
Түркістан облысында әр аудан жер жағдайына, табиғатына сай өнім өндіреді. Мәселен жазы аптап ыстық болатын Мақтааралды қауын қарбыз, мақта көптеп өсіріледі. Ал таулы аудан Түлкібас пен Төле биде егін шаруашылығынан бөлек алма бау өсіруге көптеп көңіл бөлінуде. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолжетімді несие қаржылармен қамтамамсыз ету, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен машина-тракторлық стансалар жүйесін жетілдіру, өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру, суармалы жерлердің ...
Читать далее »Түлкібастың бренді
2020 жылға дейiн Түркістан облысындағы Түлкiбас ауданында алма бау көлемi 3 600 гектарға жеткiзiлмек, деп хабарлайды okg.kz. Осылайша қарқынды бау өсiру дамытылып, өнiм көлемiн ұлғайту жоспарлануда. Алдағы мерзiмде алманы Түлкiбас ауданының брендiне айналдыру жолында жұмыстар атқарылатын болады. Бүгінде Қарқынды бау өсiрумен «Кентау» ЖШС, «Зерде агро» ШҚ, «Түлкiбас транссервис» ЖШС белсендi айналысуда. Шаруашылықтар жемiс ағаштарын күтiп-баптауда өркениеттi елдердiң, оның iшiнде Түркия, ...
Читать далее »Келешегі кемел 44 бизнес нысан анықталып отыр
Түркістан облысындағы тауарөндірушілердің бәсекеге қабілетті болуы үшін индустриалды-инновациялық дамудың маңызы жоғары. Сондықтан да өңірде индустриалды аймақтарды көптеп ашып, өнім өндіретін өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл көп кәсіпкердің көкейінде жүрген мәселе. Жерді тиімді пайдалану, әр ауданның мүмкіндігіне талдау жасау, сол арқылы ыңғайына қарай кәсіп көзін ашу, бәсекеге қабілеттілікті арттыру да күн тәртібінде тұрған мәселе. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» ...
Читать далее »Шырын шығаратын зауыт салынады
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер бойынша республикада екінші орында тұр. Алдағы уақытта аталмыш саланы қарқынды дамытуға екпін берілмек. Өңірде егін шаруашылығында жаңадан 1570 гектарға қарқынды бау, 1000 гектарға жаңғақ егіліп, қуаттылығы сағатына 1 тонна шырын шығаратын зауыт салынады. Жалпы сомасы 5,02 миллиард теңгеге түрлі ауыл шаруашылық техникалары алынса, жаңа тұқым өңдейтін цех орнатылады деп жоспарлануда. Ал мал шаруашылығы саласында қосымша ...
Читать далее »Жалпы өңірлік өнім межесі артып отыр
Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданы табиғатының кереметтігімен ерекшеленеді. Сондықтан да мұнда тау баурайын бөктерлей орналасқан демалыс орындары көп. Осы орындарды ашып, қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлер қазына бүйірін толтырумен қатар, ауылдықтарды жұмыспен де қамтып отыр. Ауданда бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай толымды жетістіктер жетерлік. Жоспарланған межеге жету мақсатында жалпы құны 347 млн. теңгені құрайтын «Жайлау» емдеу-сауықтыру орталығы салынады. Бұл туралы облыс әкімінің ...
Читать далее »Инвестиция құюға ниеттілер аз емес
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірімізге инвестиция құюға ниетті шетелдіктерге барынша жеңілдіктер жасалатындығы туралы үнемі айтып келеді. Оларға салық жөнінен де, жер бөлу жағынан да барынша қолайлы жағдайлар қарастырылмақ. Өңірімізге әсіресе баламалы энергия көздері жобасы бойынша инновациялық жоба болып табылатын шағын су электр станциясын салуды мақсат тұтқан шетелдіктердің қатары аз емес. Аталған станцияны салу үшін аймақта ағын су, жел, күн ...
Читать далее »Бағдарламаның үлесі қомақты
Бүгінде Түркістан облысында энергия үнемдеу мақсатында көптеген ілкімді істер қолға алынуда. Осы бағытта баламалы энергия көздерін дамыту жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл тарапта индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қосып отырған үлесі қомақты. Баламалы энергия көздерін дамыту бағытында облыста бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Арыс қаласында қуаты 14 МВт болатын күн электр стансасын салу биылғы жылдың еншісінде. Отырар ауданында «Промондис» ЖШС қуаты 35 ...
Читать далее »