Cаясат

МӘМС: Шымкентте медицина қызметкерлерінің жалақысы артты

Шымкентте дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысы артты. Жаңа жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға артса, орта буынды қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға артып отыр. Бұл туралы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Шымкентке келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов аймақтық штаб мүшелерімен бірігіп, Шымкент қаласындағы біршама медициналық ұйымдарды аралап, өзекті мәселелер бойынша медицина ...

Читать далее »

Түркістан облыстық медициналық ұйымдарының МӘМС жүйесіне дайындығы жоғары деңгейде

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуіне тексеру жүргізген штаб мүшелері мәлім етті. Делегация құрамы Түркістан облысындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралап, қызмет көрсету сапасын тексерді. Министрліктің стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Айнұр Айтаханова бастаған бір топ азаматтар алдымен облыстық клиникалық ауруханада болды. Тарихы одан да тереңде жатқанымен, ресми түрде 1947 жылдан бастап облыстық аурухана ...

Читать далее »

Шымкент: Вице-министр әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыстарымен танысты

Шымкент қаласына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында вице-министр Шымкент қаласының əкімі Ерлан Айтахановпен бірге қаладағы әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыстарымен танысты. Айта кетсек, мемлекет тарапынан көп балалы аналардың әл-ауқатын арттыру мақсатында мемлекеттік жәрдемақы тағайындалуда. Ал атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматта төленеді. Біріншіден, АӘК-ке құжат әр үш ай ...

Читать далее »

АӘК шаралары бойынша еріктілер жұмысқа кірісті

  Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 22 жас еріктілер (волонтерлар) жұмысқа кірісті. Ал, атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар қабылдайтын 4 аудан әкімдіктерінде қосымша 6 еріктіден бекітілген. Еріктілер тұрғындардың өтініштерін қабылдау жұмыстарын түсіндіру шараларына жұмылдырылған. Бұл қызметкерлер мен тұрғындар арасындағы түсініспеушіліктерді ретке келтіреді. Яғни, еріктілер келушілерге мәселелерімен қайда бару керек екендігін көрсетеді. Өйткені орталықта қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, ...

Читать далее »

Шымкент: Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті кімдер, қай күні тапсыратыны белгілі болды

АӘК-ге өтініш білдіруші тегінің (фамилия) бірінші әрпі бойынша қабылданады. Шымкентте АӘК-ге құжаттар тапсыру 2020 жылдың 5 қаңтарында басталады, деп хабарлайды мамандар. Шымкент қаласында АӘК-ге құжат тапсыру тәртібі: 1. Өтініш білдіруші тегінің бірінші әрпі бойынша қабылданады А, Ә – 5-6 қаңтар; Б, В – 8-9 қаңтар; Г, Ғ, Д – 10-13 қаңтар; Е, Ё – 14-15 қаңтар; Ж, З – 16-17 ...

Читать далее »

Еріктілер жылы марафонмен басталды

Шардара ауданында Еріктілер жылы марафонмен басталды. Аудан әкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қыс – 2020» тақырыбымен өткен марафон жарысына қала және ауылдық округтерден мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, спортшылар мен басқа да тұрғындар тартылды. Жаңа жылдың алғашқы іс-шарасы басталар алдын аудан әкімі Қайрат Жолдыбай құттықтау сөз сөйлеп, биылғы Еріктілер жылының мән-мағынасына кеңінен тоқталып өтті. Мемлекеттік әнұранымыз орындалып болған ...

Читать далее »

Шымкентте бір мезетте 400 қонаққа қызмет көрсететін туристік нысан ашылды

Еліміздің үшінші мегаполисінде «City» қонақ үй кешені қайта жөндеуден соң өз жұмысын бастады. 1970-ші жылдары «Южный» қонақ үйі болған ғимарат қайта жөндеуден өтіп, жаңа сәулеттік келбетпен қайта құрылды. Бұл Шымкент қаласындағы бір уақытта 400 қонаққа қызмет көрсете алатын жалғыз қонақ үй кешені болып табылады. Аталған ғимаратты арнайы аралаған Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов туристік нысан халыққа ыңғайлы, әрі қолжетімді болатынына ...

Читать далее »

Шымкентте үздік жастар марапатталды

Бүгін Шымкент қаласында жастар жылы қорытындыланып, онда әр саланың үздік жастары марапатталды. Шараға қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов түрлі салада өз еңбегімен оқ бойы озық келе жатқан білімді де өнерлі жандарға арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс етті. Номинация иегерлерін жеңістерімен құттықтаған қала басшысы жастар – еліміздің болашағы екенін атап өтіп, ел мүддесі үшін еңбек ету әркімнің міндеті екенін айтты. ...

Читать далее »

Жаңа жәрдемақы азаматтарды еңбекке ынталандырады

Министрлік атаулы әлеуметтік көмек берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтарды еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты әділдік пен ашықтық қамтамасыз ету үшін заңға тиісті өзгерістер дайындалды. Ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар: — көпбалалы аналарды қолдауды; — жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті; — ...

Читать далее »

Жаңа жыл қарсаңында түлкібастық 192 отбасы қоныс тойын тойламақ

Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылына қарасты Бағыспаев пен Пушкин көшелерінің қиылысындағы 64 пәтерлік 3 тұрғын үйлер ел игілігіне пайдалануға берілді. Мерекелік шараны алғы сөзбен аудан басшысы Н.Тұрашбеков ашып, жиналған қауымды жаңа жылмен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыс етті. Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 2083 азамат болса, соның ішінде 192 азамат жаңа баспанаға қол жеткізгелі отыр. Оның ішінде ...

Читать далее »