Cаясат

Мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлерге арналған жеке тұрғын үй бағдарламасын дайындау ұсынылды

Ауылдық дәрігерлер мен мұғалімдердің 7-20-25 бағдарламасы бойынша баспана алуға мүмкіндігі жоқ. Сенат депутаттары осылай дейді. Олардың есептеуінше, бюджет саласының қызметкерлерінің алып отырған жалақысы жеңілдікпен берілетін баспананы алуға жетпейді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz. «Жоғары санатты дәрігер кезекшілікті қоса алғанда 86 мың теңге, қатардағы қызметкер 77 мың теңге алады. Осы себепті ауыл және аудандағы бюджет қызметкерлері бұл бағдарламаға ілінбей қалады», — дейді сенат ...

Читать далее »

Елбасының әлеуметтік бастамасын бизнес қолдайды

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» съезінде атқарушы билікке, партияға және «Атамекенге» нақты тапсырмалар берді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да аталмыш бастаманы іске асыруға дайын. Елбасы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларына қосымша қаражат бөлуді тапсырған болатын. Осы орайда шағын және орта бизнесті дамыту, жаппай кәсіп-керлікке бет бұру арқылы азаматтардың тұрақты табыстарын арту мен жұмыспен қамты-луына тоқтала кетейін. Кәсіпкерлікке баулу мектеп ...

Читать далее »

Ұстаздар үздік білім қызметкерлерін көтермелеу туралы құқықтық норманы қайтаруды сұрады

Шығысқазақстандық ұстаздар үздік жұмыс үшін қолданылған көтермелеу шараларын қайтаруды талап етуде. Бұл жөнінде ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды, деп хабарлайды baq.kz. «Шығыс адалдық алаңы» жобалық офисі білім саласы қызметкерлерінің басын ауыртып, балтырын сыздатқан бірнеше мәселені қарады. Соның бірі осыған дейін қолданыстан алынып тасталған көтермелеу шаралары болды. «Біз мектептердегі қорғаншылық кеңестері қызметінің жұмыстарын сараладық. Мектеп директорларының басын ...

Читать далее »

Мұғалімдерді сенбілікке шығуға мәжбүрлейтіндер жазаға тартылуы мүмкін

Қазақстанда мұғалімдерді «сенбіліктер» мен қоғамдық жұмыстарға тартуға құмар шолақ белсенділер үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылуда. Мұндай идея «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша Астанада өткен дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Бұдан бұрын мұғалімдер жалақы көлемін кем дегенде 300 мың теңгеге дейін өсіруді сұраған болатын. Сонымен қатар, еңбек демалысы кезінде екі қызметтік жалақы көлеміндегі жәрдемақы беруді сұраған. Бұл нормалар ...

Читать далее »

Мұғалімнің айлығы 300 мың теңге болуы керек

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева мұғалімнің айлығы 300 мың теңгеден кем болмауы керек деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Педагогтардың айлық ақысын есептеу үшін пайдаланылатын базалық индикатор — базалық лауазымдық жалақыны (БЛЖ) күнкөріс минимумына ауыстыруды ұсынамыз. Егер мұндай өзгеріс енгізілетін болса, біздің педагогтардың айлығы екі есеге артатын еді», — дейді Айгүл Мұқашева қазақстандық білім және ...

Читать далее »

«Тату отбасы» бағдарламасы жалғасуда

Қазіргі таңда зияткерлік мектептер жүйесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірге (United Nations Office on Drugs and Crime) «Тату отбасы» жобасын жүзеге асыруды қолға алып отыр. Жоба жасөспірімдер тәртібіне әсер ететін отбасылық факторлар санын азайту мен олардың ата-аналарымен жақсы қарым-қатынас орнатуына жол ашып, көмектесу мақсатын негіздейді. Осыған орай, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұлыбританияның Оксфорд ...

Читать далее »

«Шым ҚАЛАДА шаттанамыз !» атты шара өтті

Шығармашылық — адам өмірінің маңызды бөлігі, ол тіпті түбімен шындықты өзгертуге де қабілетті. Тек бұл қабілетті өмірдің әр сәтінде шыңдап шығармашылық тәжірибе жасаумен ғана дамытамыз. Бүгін дәл осындай мақсатты көздеген Шымкент қаласындағы Химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Шым ҚАЛАДА шаттанамыз !» атты балалар шығармашылығының фестивалін өткізді. Әрбір балаға өздерінің шығармашылыққа деген талаптарын таныту және оны дамыту жолында жағдай жасау ...

Читать далее »

Шымкентте скринингтік тексерулер өтетін медициналық ұйымдардың қатары артты

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқарамасының емдеу-прфилактикалық қызметті үйлестіру  бөлімінің  басшысы Айгул Иманалина  баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Профилактикалық жұмыстарды өткізетін ұйымдардың саны биыл 35-ке жеткен.  Скринингтік тексерулер  ересек тұрғындарды  қан айналымын жүйесінің, қант диабетінің, глаукома, жатыр мойын обырын, сүт безі обырын, тоқ және тік ішек обырының алдын алу және ерте анықтау мақсатында жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген скринингтік тексерулердің барлық түрлерін тіркелген БМСК ...

Читать далее »

Дарындылар мектебінде инттелектум кабинеті ашылды

Облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын №1 мектеп-интернатында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау барысында «Ұлы даланың ұландары» атты іс шара өтті. Толайым жетістіктерімен өзге білім ошақтарына үлгі болып жүрген білім ордасында Инттеллектум кабинеті ашылды. Оқушылардың озық ойлы, зерек болып өсуіне мол үлес қосатын кабинетті мектептің бұрынғы түлектері тарту етіпті. Білім бесігіндегі іс-шараға қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан ...

Читать далее »

Депутаттар мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын талқылады

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысы өтіп, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының тұжырымдамалық негіздері талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.   Кездесуге Мәжіліс депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, оқытушылар, салалық кәсіподақтардың мүшелері, ата-аналар комитеттері мен білім беру саласының сарапшылары қатысты. Қоғамда бірнеше ай бойы талқыланған заң ...

Читать далее »