Cаясат

Әлихан Смайылов Еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичпен келіссөз жүргізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Марос Шефчович Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Премьер-Министр Қазақстан Еуропалық Одақпен инвестициялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар соңғы жылдары аса маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі де өзекті болып отыр. Әлихан Смайылов ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге және Үндістан халқына теміржол апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. – Одиша штаты, Баласор елді мекенінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. ...

Читать далее »

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің екінші кездесуіне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттердің Шолпан-Ата қаласында өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы екінші кездесуіне қатысты. Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіске қарамастан, аймақтық диалогты күшейткеніне ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, бұл істе Еуропалық Одақтың атқарған рөлі зор. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Орталық Азия мен ЕуроОдақ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасы мол.  – Өткен жылдың қорытындысы бойынша Еуропадан Қазақстанға тартылған инвестиция ...

Читать далее »

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің бірлескен баспасөз-коммюникесі

2023 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов (Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов тұлғасында) және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель Шолпан-Атада жоғары деңгейдегі екінші өңірлік кездесудің өткізілуін құптады. Ашық және сындарлы кездесу барысында қатысушылар өткен жылғы Астана қаласындағы ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде сөз сөйледі

«Былтыр қараша айында Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бірге Тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңғыртылатын сутектің құнын жасақтау тізбегі бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойдық. Біздің көпқырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін мүмкіндік мол. Географиялық жағдайын ескере отырып, Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді кооперацияны кеңейту үшін өзінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің барлық спектрін іске ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен кездесті

«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті аясында Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельмен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті. Еліміздің Еуропалық Одақпен жасаған Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде ЕуроОдақ – Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласына жұмыс сапарымен барды Мемлекет басшысын әуежайда Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды. Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер Кабинеті ...

Читать далее »

АҚШ және Орталық Азия елдерінің сапаршылары қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Қауіпсіздік саласында маманданған АҚШ және Орталық Азия елдері сарапшыларының қатысуымен қауіпсіздік жөніндегі С5+1 жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Қазақстан тарапынан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев әріптестерді Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды. Отырыс барысында өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, оның ішінде физикалық және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Читать далее »

Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағына 30 жыл

2023 жылғы 2 маусымда Қазақстан мен Индонезия дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай айтулы күнді атап өтуде. Осы күннің құрметіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу индонезиялық әріптестеріне құттықтау хаттарын жолдады. Мерейтойлық дата – Қазақстан мен Индонезия мемлекеттерінің өзара тиімді әріптестік байланыстарын сыйластық пен теңдік негізінде нығайту жолындағы ілгерілемелі қозғалысының көрінісі. 1993 ...

Читать далее »

БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетіне Қазақстаннан үміткер Женева алаңында таныстырылды

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігінде танымал қазақстандық дипломат Мадина Жарбосынованың БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетіне үміткерлігін таныстыру өтті. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қатысушы елдердің делегациялары алдында сөйлеген сөзінде М. Жарбосынова ұлттық және жаһандық деңгейде әйелдер мен қыздардың құқықтарын ілгерілету және қорғау мәселесі бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар ҚР өкілі еліміздің прогрессивті бастамалары мен ...

Читать далее »