Месячные архивы: Октябрь 2018

Индустриалды аймақтардың әлеуеті зор

Қазіргі таңда Түркістан облысында 11 индустриалдық аймақ құрылған. Аудандардағы және қаладағы индустриалдық аймаққа бөлінген жердің жалпы ауданы 959 га. Соның ішінде 2 индустриялды аймақ («Оңтүстік» ИА, 337 га., «Тассай» ИА 89 га.) Шымкент қаласының аумағында орналасқан. Соның ішінде, жалпы ауданы 699 га құрайтын, 9 индустриалдық аймаққа инфраструктура тартылған (Шымкент қ. «Оңтүстік» индустриалдық аймағы, Шымкент қ. «Тассай» индустриалдық аймағы(ИА), Түркістан қ., ...

Читать далее »

Ірімшік өндіруші компанияның келешегі кемел

Түркістан облысындағы  ірімшік өндіруші компания  жылына 14,0%-бен АҚ «Қазақстан Халық Банкінен» «Даму» Қорының кепілдігімен 116,0 млн теңге көлемінде несие алды. Қаражат сүтті өңдеу үшін жабдық сатып алуға бағытталды.  Түркістан облысының Сайрам ауданы адамдарының мал шаруашылығымен айналысатындығымен әрқашан танымал болған. Дегенмен, олардың алдында, сүтті жеткізушілердің барлығы кез болатын, сүтті өткізумен байланысты сұрақтар туындайды. Сол кезде кәсіпкер бауырлар Яркин және Данияр Эргешовтар ...

Читать далее »

Леңгір балмұздақтары – сұраныс мол

Бүгін біз Түркістан облысында талай жылдан бері өзгермейтін дәммен балмұздақ шығарып келе жатқан компания жайлы әңгімелейміз. «Балмұздақ» жеке шаруа серіктестігінің тарихы 1987 жылдан басталады. Ол кезде кішкентай ғана цех жанынан Леңгір аудандық тұтынушылар одағы бойынша кооператив құрылған. Ал 1998 жылы наурыз айында «Балмұздақ» ЖШС жеке фирма болып тіркелді. «Балмұздақ» ЖШС-нің сегіз адамнан тұратын негізгі жұмыскерлер тобы аудандық тұтынушылар одағының бұрыңғы ...

Читать далее »

Ауылшаруашылық саласына қаржы көптеп бөлу – жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік

Түркістан облысында мал шаруашылығын өрістетіп, оның етін экспортқа жіберіп отырған серіктестік иелері «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуын құптайды, деп хабарлайды 24.kz. Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауын мұқият зерделеген кәсіпкер Сырым Ертаев: «ауылшаруашылық саласына қаржы көптеп бөлінсе, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік болады», – дейді. Сырым Махамбетұлы басқаратын шаруа қожалығы 12 мың ірі қара бордақылайды. Иран Ислам Республикасы ...

Читать далее »

Алып қоймалар салу жоспардануда

Түркістан облысындағы Сайрам ауданы өндіріс өрлеген, шаруасы шалқыған аудан. Өйткені ауданның халқы еңбекқор, жазда кетпенін күнге сүйдіріп, ала жаздай еңбек етіп нәпақа табады. Одан бөлек ірі өндіріс орындары да аз емес. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған жобалар да жоқ емес. Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында орналасқан «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілдуе.  Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын ...

Читать далее »

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі арта түспек

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында ағымдағы жылы жалпы құны 20,4 млрд.теңгені құрайтын ПУИД-2 жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба бойынша жалпы суармалы жер көлемі 39757 гектарды құрайтын Жаңа жол, Еңбекші, Иіржар, Бірлік, Жамбыл, Мақтаарал, А.Қалыбеков ауылдық округтеріндегі «Казсушар» РМК мекемесінің теңгеріміне өткізілген ағын су нысандарына (каналдар, ағын су қашыртқылары мен тік дранажды ұңғымалар) Үкімет тарапынан қаржы бөлу арқылы қайта қалпына келтіру жұмыстары ...

Читать далее »

Ағын судың артықшылығы көп

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы бойынша 182 елді мекеннің 168-і (304 922 адам) орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген, 14 елді мекенде су жүйелері салынбаған (1738 адам, 273 отбасы). Аудан бойынша құбыр суымен 304922 адам қамтылған, бұл аудан тұрғындарының 99,4 пайызын құрайды. Су құбырымен қамтылған 168 елді мекенге 8 су беруші мекеме қызмет көрсетеді. Олардағы абонент саны – 49 мың 233-ті құрайды. ...

Читать далее »

75-80 центнерден өнім беруде

«Түркістан облысындағы Шардараның күріші басқа облыс пен республикаларда өсіріліп жатқан күріштерден әлдеқайда сапалы екенін шаршамай айтып келемін. Былтыр облыста өткен бір жиында тек Шардара ауданының өзінен 1000 тонна күріш шетелге экспортқа шығарылғанын басшылар айтып өтті. Ауылшаруашылығын әртараптандыру бойынша да күріштің пайдасы көп. Бұл дақылды еккен жерге арамшөп шықпайды, күріштен кейін оның орнына егілген кез-келген дақылдың өнімділігі бұрынғыдан әлдеқайда артық болатыны ...

Читать далее »

Көптің игілігіне – көгілдір отын

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында 182 елдімекен бар болса, соның бүгінде 73-і көгілдір отынмен қамтылмаған. Бұл аудандағы елдімекендердің жалпы санының 40,1 пайызын құрайды. Өткен жылы облыстық бюджеттен 2 088,9 млн теңге 15 нысанның (13 елді мекен, 2 жеткізуші газ құбырлары) құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 14 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға қабылданды, 1 нысанның құрылысы 2018 жылдың соңында тәмәмдәлады.Сонымен қатар 17 елдімекенге жобалау-сметалық ...

Читать далее »

Экологиялық жағынан ең таза өнім

Кеңестік кезеңде Шардара ауданындағы Ұзын ата ауылында 3-3,5 мың гектар алқапқа күріш егілген. Кейін жекешелендіру басталып, әркім өз бетінше күн көріп кеткен соң бұл дақылды егушілер де күрт азайып кеткені белгілі. Енді соңғы 4-5 жыл бедерінде күрішке қайта ден қоюшылар қатары көбейіп келеді. Қожалық төрағасы Рахымберді Айтмырзаевтың айтуынша бұл ауылдағы күріш экологиялық жағынан ең таза күріштердің қатарынан саналған. «Ұмытпасам, 1988 жылдары ...

Читать далее »