Месячные архивы: Июль 2020

Медициналық көмек алуға құқылы болады

Еліміз бойынша шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам қызметкері 1 қазанға дейін медициналық сақтандыру жарналары аударымдарынан босатылған. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Азамат Өміртаев мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жеңілдік кезеңі аяқталды. Тұрғындар осы уақытқа дейін шартты түрде сақтандырылып, МӘМС пакеті шеңберінде медициналық көмек алуға құқылы болады. Бұл медициналық қызметтің ...

Читать далее »

Шымкентте тұңғыш каскадерлық мектептің негізі қаланды

Шымкент қаласында алғаш рет каскадерлар дайындайтын спорттық клуб ашылды.  Жетекшісі — актер, режиссер, каскадер Мұқағали Әбдішәріп. Клубтың мақсаты: спортқа және киноға әуесі бар қыз жігіттерді жинап, спорттық және каскадерлық элементтерді үйретіп, клубтың атынан жұмыс жасау, яғни кино түсірілімдерін жасау, үлкен киноларға өзін ұсынып қазақ киносын кеңінен дамыту. Қазір таңда клуб жұмысын бастады. Алғашқы қатысушыларды дайындап жатыр. Алдағы уақытта клубтың атынан ...

Читать далее »

Ұлттық Домбыра күні

Елбасының Жарлығымен елімізде шілденің бірінші жексенбісі Қазақ халқының киелі де қасиетті музыкалық аспабы Ұлттық домбыра күні деп белгіленді. Бұндай тағылымы терең, мазмұнды мерекенің өтілуі — Ұлтымыздың терең тамырлы мәдениетін асқақтатып, рухын көтерері анық. Домбыра – ол қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасырлық серігі болғаны тарихтан белгілі. Сондай-ақ, күй күмбезін көкке өрлеткен көненің көзі, тәңірдің құдіреті саналған. Домбыраның ...

Читать далее »

Шымкентте жаңа перзентхана бой көтермек

Алдағы 5 жылда Шымкент қаласында жаңа перзетхана бой көтереді. Қаланың бас дәрігері сын сағатында жағымды жаңалықтармен де бөлісті, д,п хабарлайды «Отырар.кз». Нысан құны 900 млн. теңгеге бағаланған. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін шаһардағы 11 медицина орталығы мен 8 емхана қайта жөндеуден өткізілмек. Рустам Албаев, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:  «14 млрд. теңгеге жаңа аппараттар алуды да көздеп отырмыз. Осылайша емханалар ...

Читать далее »

Жаңа мүмкіндіктер мен келешекке сенімділік сыйлайды

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлығының заманауи мамандықтарды меңгеруін қамтамасыз ету үшін «ITeachMe» құзыретті дамыту орталығы» Қоғамдық қорының бірқатар жобалары бар. Орталық қызметкерлері заманауи IT-мамандықтарды мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғамның әлсіз топтарына қолжетімді етіп, олар үшін жаңа мүмкіндіктер мен келешекке сенімділік сыйлайды. Бұл жолы біз «ITeachMe» ҚҚ директоры Бегалиева Захирамен тілдесіп, жобаның мақсаттары мен мүмкіндіктерін, инклюзивті лагерьдің жұмысы жайлы білдік. Орталығыңыздың ...

Читать далее »

Жолдарға күрделі жөндеу жүргізілуде

Шымкент қаласындағы «Тассай» шағынауданы Тауке хан көшесін (Жібек жолы көшесінен Кіші айналма жолына дейін) қайта құру жұмыстары жүргізілген болатын.  Көшенің ұзындығы – 3 шақырым, ені – 15 м; Жаяу жүргіншілер жолы – 3 шақырым, ені – 2,25 м; Мердігер: «Отау Строй» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Бүгінгі таңда жол құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Читать далее »

Қаланы көгалдандыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда

Шымкент қаласының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 29 азамат жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда келісімшарт міндеттемелерін орындамаған 13 тұлғаға қарыздарын мәжбүрлеп төлету жұмыстары жүргізілуде. Талапқа бағынбағандардың ісі Шымкент және Нұрсұлтан соттарына жолданды. Бүгінде қаланы көгалдандыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Ал, орман өртіне қарсы 976 га жер учаскесіне минералды жолақ жүргізілді. 2020 жылы қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер түсімі 975,916 теңге ...

Читать далее »

Түнгі жарық шамдар орнатылуда

Бүгінде Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық даму қарқынды жүргізілуде. Жолдар жөнделіп, мектептер салынып, әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Көпірлер жөнделіп, түнгі жарықшамадр орнатылуда. Абай ауданына қарасты «Қызылжар» тұрғын алабындағы Фабричная көшесінен бастап, Игілік тұрғын алабына дейінгі 4.7 шақырымға түнгі жарық шамдар орнату жұмыстары жүргізілуде.

Читать далее »

«Үздік педагог-2020» анықталды

Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби қызметін насихаттау, шығармашылық деңгейінің өсуін қамтамасыз ету, мәртебесін арттыру мақсатында қашықтықтан ұйымдастырылған қалалық «Үздік педагог-2020» байқауына Шымкент қаласы №52 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Камалова Ұлжан Әбдіқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иемденді. Бұл жетістік мектебіміз үшін биылғы оқу жылындағы тағы да бір әдістемелік жұмысының оңды ...

Читать далее »

Шымкент: «Азат» шағынауданында ауыз су құбырлары тартылуда

Шымкенттегі Қаратау ауданы “Азат” шағынауданы тұрғындары ауыз су мәселесімен шағымданған еді. Әлеуметтік желіге жарияланған материалды ақпараттық-коммуникациялық орталық назарға алып, тиісті жұмыстар атқарылды. Анықталғандай шағынаудандағы ауыз су жүйесі жекеменшік балансында. Қазіргі таңда шағынауданда су қысымының төмендегені анықталып, жұмыс жүргізілуде. Дегенмен осы мәселені түбегейлі шешу мақсатында “Азатқа” мемлекет тарапынан су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Читать далее »