Месячные архивы: Ноябрь 2022

БҰЛ САЙЛАУ — ЖАҢАШЫЛДЫҚ БАСТАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауы жоғары деңгейде әрі әділ өтті деп есептеймін. Мен еліміздің болашағын айқындау мақсатындағы отандастарымыздың белсенділігіне қызыға қарап, разы болдым. Сайлаушылардың келіп, дауыс беруі туралы ойлау — бұл биліктің міндеті емес, азаматтық қоғамның міндеті. Өйткені, өз кандидатына дауыс бере отырып, сайлаушы келешек ұрпақ үшін жаңашылдық әкеледі, болашақты айқындайды. Өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі А.Кошаков

Читать далее »

ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕККЕ ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАМДАР

20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Ел болашағы үшін маңызды саяси науқан аудан көлемінде жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Сайлауға таңертеңнен ерте барған тұрғындарымызды көріп, қуанып қалдым. Бұл дегеніміз отандастарымыздың ел тағдырына бей-жай қарамайтыдығының айқын көрінісі. Осы жерде өзім секілді жастарды көріп, шамалы әңгіме құрдық. Сайлау участкесінде жексенбі күні екеніне қарамастан бар шаруаларын жинап қойып келген жастарға қарап сүйсіндім. ...

Читать далее »

ЕРКІН ТАҢДАУ ЖАСАУ – ШЫН МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАЙДЫ

Бүгінгі күн қазақстандықтар үшін үлкен маңызға ие тарихи күн болды. Бүкіл халық болып еліміздің Президентін таңдадық. Әркім өзі қалаған үміткерге дауыс берді, сайлауалды бағдарламасы ұнағанына қолдау көрсетті. Ешкімді ешкім алдамады, дауыс беруге мәжбүрлемеді. Таң азанның ауданның сайлау құқы бар үлкен-кішісі өздерінің учаскелеріне ағылып, елінің ертеңіне немқұрайлы қарамайтыны көңіл қуантты. Саналы түрде таңдау жасалды. Міне, сондықтан да сайлауды «әділ өтті» деп ...

Читать далее »

ДҰРЫС ТАҢДАУ! ДҰРЫС ШЕШІМ ! ДҰРЫС БОЛАШАҚ

Адамзат өмірінде таңдау мәселесі өте зор орын атқарады. Кез-келген шешімнің, кез-келген таңдаудың негізінде жауапкершілік жатыр. Киімді, тұрғылықты жерді, жұмыс орнын, болашақ жұбайын таңдау – осындай таңдаулардың барлығын біз өзіміз өз қалауымызбен жасаймыз. Басқа тұлғалардың араласуына жол бермейміз. Сондықтан, бүгінгі сайлаудағы таңдау, маңыздылығы жағынан кез-келген жеке өмірлік шешімнен кем түспейді.Болашағымыз бақытқа шаттыққа толы болуын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болғанына қаласақ, ...

Читать далее »

САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТТІ

Мен Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет 20 қараша күні Қазақстан Республикасының белсенді азаматы ретінде ҚР Президентін сайлауға өз дауысымды беру үшін сайлау учаскесіне таңертең ертерек баруға әрекет жасадым. Мен ерте бардым десем менен де бұрын барған патриоттарымызды көріп, қуанып қалдым. Бұл дегеніміз елдің, халықтың Отаны үшін тек тұра алмайтынының белгісі. Осы жерде өзім секілді ақсақалдарды көріп, шамалы әңгіме ...

Читать далее »

САЙЛАУДАН КЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ КҮН

(Сенімді өкілдің серпімді ойы) Қазақстандықтар күні кеше бір ауыздан, ұйымдасқан түрде, ынтымағы жарасып, өз таңдауын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артты. Жүрегімен өзі жасаған бағдарламасы жүректерінен шыққасын ел болашағын сеніп тапсырды. Жауыр болған тақырыптардан, жеке басқа ұзақ уақыт табынудан шаршаған халық «Әділетті қоғамда», «Жаңа Қазақстанда» өмір сүргісі келді, болашақ ұрпағының қамын ойлады. Кемел Тоқаевтай жазушының ұлын соған, ел басқаруға лайық деп ...

Читать далее »

Қуатты да Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!

Түркістан төңірегі бойынша тұрғындар бұл сайлауда да үлкен белсенділік танытты. Ауыл, ел болып тұрғындардың 80% астамы дауыс беріп, Республикада алдыңғы қатардан көрінгендігіміз көңіл қуантады. Халқымыздың ел болашағына атүсті қарамайтындығы, ауызбіршілік пен ынтымақта ел мүддесі үшін жұмыс жасайтындығы байқалды. Еліміздің терең тарихтан бастау алатын, жарқын болашағы жолында өз көшбасшыларын таңдағанына куә болдық. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республикалық қоғамдық штабта Exit poll-дың қорытындысымен ...

Читать далее »

Жарқын болашақтың айқын нышаны!

Құрметті Қазақ Елі! Бүгін, міне, саяси науқанның қорытынды нәтижесі белгілі болып, кезектен тыс өткен Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасының үлкен басымдықпен жеңіске жеткеніне куә болудамыз. Бұл жеңіс — Халықтың ортақ жеңісі! Жеңісіміз құтты болсын, ағайын! Осы орайда, еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында өз үлесін қосқан әрбір қазақстандыққа басымды иіп алғысымды айтамын! Еліміз үшін тағдыршешті кезеңде бір жеңнен қол, бір жағадан ...

Читать далее »

«МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАПКЕРЛЕРІ МЕН ОЙЫНШЫЛАРЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгінгі өткен саяси науқанға мақтааралдықтар белсене қатысуда. Соның ішінде «Мақтаарал» футбол клубының бапкерлері мен ойыншылары команда болып сайлауға қатысты. Спорт саласының қызметкерлері ел болашағы үшін маңызды қадам жасағандарын айтты. Бұл сайлау — күллі қазақстандықтардың болашағын айқындайды. Айта кетейік, «Мақтаарал» футбол клубы — ҚР Премьер-лига ойындарында ойнайтын ауданнан шыққан және Түркістан облысының жалғыз командасы. Биыл мақтааралдық футболшылар 8 орынмен жылды қорытындылады.

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ АЙҚЫНДАЙМЫЗ

Президентті сайлау арқылы болашағымызды айқындаймыз. Аудан тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқығын пайдаланғаны қуантады. Мен де Қазақстанның болашағы жарқын болады деп Сарыағаш ауданындағы, Жібек жолы ауылдық округінің №625 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым.

Читать далее »