Авторские архивы: admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТЕАТР ҰЖЫМЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Халықаралық театр күніне орай, 27-31 наурыз аралығында Көкшетеу қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойы аясында «Сәлем» халықаралық комедиялық театр фестивалі өтті. Аталған өнер додасынан түркістандық театр майталмандары олжалы оралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрының директоры Ержан Исатаев мәлім етті. Ержан Ибадуллаұлының айтуынша, аталған фестивальде Қазақстан, Өзбекстан және ...

Читать далее »

КЕЛЕС АУДАНЫНДА БИЫЛ ЕКІ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Келес ауданында бала туу көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Нәтижесінде мектепке баратын оқушылардың саны жыл сайын артып, қосымша мектеп салу мәселесі күн тәртібіне көтеріліп отыр. Осыған орай аудан аумағында биыл екі мектептің құрылысы аяқталып, үш мектептің құрылысы басталмақ. Биыл пайдалануға берілетін мектептердің бірі — Ошақты ауылдық округіндегі №46 Абай атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусы. Аталған құрылыс ...

Читать далее »

Түркістан: Тоғыз кәсіпкерге 226 млн. теңге айыппұл негізсіз салынған

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен 9 кәсіпкерге «Түркістан әлеуметтік — кәсіпкерлік» корпорациясы АҚ тарапынан айыппұл санкцияларын өндіріп алумен қойылған негізсіз талаптар алынып тасталды. Жеке кәсіпкерлер өз бизнестерінде туындаған проблемалық мәселелерін оңтайлы шешу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметіне жүгініп, өтініш білдірді. Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы, қалалық прокуратура және «Түркістан ӘКК» АҚ-ның қатысуымен кәсіпкерлердің шағымдарын бірлесіп қарау ...

Читать далее »

Түркістан: Бизнес өкілі лауазымды адамның әрекетімен ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыра алмаған

Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасының қызметкерімен кәсіпкерге тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге қазу жұмыстарын жүргізгені үшін негізсіз әкімшілік айыппұл салынып, есеп шоттары бұғатталған. Нәтижесінде, ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алмаған бизнес өкілінің құқықтары бұзылып, заңсыз айыппұл төлеуге әкеліп соққан. Бұл мәселе кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою мақсатында өңірлік «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдері үшін өткізілген жеке қабылдау ...

Читать далее »

Түркістан: Әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлікке негізсіз кедергі келтірген

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ішінара өзгерту бойынша әкімшілік кедергілер жасау фактісін анықтады. Бизнестің дамуына кедергілер Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлердің арыз — шағымдарын қарау барысында белгілі болды. Кәсіпкер аудан әкімдігіне бірнеше рет жолдаған өтініштері заңнамаға сәйкес іске асырылмай қалуы себебінен өтініш беруге мәжбүр болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тікелей араласуымен ...

Читать далее »

Түркістан: Жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерде негізсіз тексерулер тоқтатылды

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуымен жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды. Кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының «Көшпелі мониторингтік топ құру туралы» бұйрығы негіз болған. Түркістан облысының мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының шағымын зерделеу барысында басқарманың шығарған бұйрығында мониторинг жүргізудің тәртібі мен мерзімдерінің регламенттелмегені, мониторинг жүргізу түріндегі мектепке дейінгі ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУЫ КЕРЕК

Былтыр 16-наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Бағдарламалар аясында кең көлемді, ауқымды бастамалар көтерілді. Президент халыққа Жолдауында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау керектігін алға тартты. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Отандық БАҚ-тың ел өңірлерінде және әлем болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ӨРКЕНДЕУГЕ БАСТАЙДЫ

Мемлекет басшысы өткен жылы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Онда ірі экономикалық әрі саяси реформалар іске асатыны айтылды. Соның бірі – сайлау жүйесін жетілдіру болатын. Биыл өткен сайлауда мәжіліске депутаттар 70 пайыз партиялық тізіммен енсе, 30 пайыз мажоритарлық тәсілмен сайланды. Сондай-ақ, мәслихатқа депутаттар 50 пайыз партиялық тізіммен, 50 пайыз мажоритарлық жолмен еніп отыр. Ал ...

Читать далее »

ҚР Энергетика министрі жанармай нарығындағы жағдайды баяндады

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.  ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн.тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн.тонна шикі мұнай өнделеді. Соңғы 5 жылда Біз бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін), дизельдік отынды — ...

Читать далее »

Мақтааралда ведомствааралық топ құрылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында полицияның сервистік моделіне көшуді жүзеге асыру жөнінде тапсырмасының аясында, Түркістан облысының аумағындағы пилоттық жобаны масштабтау мақсатында аудан әкімінің өкімімен құрылған Мақтаарал ауданында Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ өз жұмысын бастаған болатын. Ведомствоаралық топ мүшелері Мырзакент кенті, С.Жаштаев көшесі №96 үйде жұмыс жүргізуде. Айта кетсек, ведомствоаралық топ ...

Читать далее »