Осы аумақтағы үлкен шатқалдың іші қала тұрғындары мен қонақтары демалатын орынға айналмақ. Бұл орындар да болашақта тұрғындардың демалыс орынына айналуы мүмкін.Ал жаңа саябақтың іші абаттандырылып, жарық шамдар орнатылады және веложолдар төселеді. Құны 310 млн. теңгеге бағаланған демалыс орнының құжатары мемлекеттік сараптаудан өткен. Бәйдібек би және С. Бәйтереков көшелерінің ортасындағы сайдың ішінде субұрқақ, шулы әуен болмайды. Себебі жақын маңда қорым бар. ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Жаңа саябақтар қатары көбеймек
Шымкент қаласында биыл жаңадан 4 саябақтың құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жаңа саябақтар бұрынғы қоқыс полигоны аумағында, Әкімшілік-іскерлік орталығында, №1 автожол бойында және «Қасірет» мемориалының жанында салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Ташкент, Түркістан және Бозарық бағыттарындағы қалаға кіретін жолдардың бойы да көркейеді деп күтілуде. Сонымен қатар, 2020-2022 жылдар аралығында Шымкентте 586 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Оның ішінде 2020 жылы 9 016 ...
Читать далее »Жаз айында жұмыс қызады
Бүгінде Шымкент қаласының тазалығына «ЛТД Тұрмыс», «СМД-Құрылыс», «Бәйтерек-ЛБ», «Югдорсервис» ЖШС мердігер мекемелері жауапты. Олар шаһардағы 156 орталық көше, 8 саябақ, 32 гүлзар, 46 ескерткіштің тазалығына қарайды. Қаламызда 2 мыңнан астам көше, 2010 көпқабатты тұрғын үй, 1400-ге жуық аула бар. Қазіргі таңда 1, 2, 3 санатты 156 көшенің тазалығына санитарлық-тазалық мекемелері жауапты. Жаз айларында аталған компаниялардың жұмыстары қыза түсетіні анық. Себебі ...
Читать далее »Жаңа саябақ жанға сая
Үшінші мегаполисте жыл жылжыған сайын саябақтар қатары артып келеді. Халықтың игілігіне айналған демалыс орындарын қатарын толықтырған саялы саябақтың айналасы бүгінде көгалдандырып, гүл отырғызылған. Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданындағы Спорт шағынауданы А.Байтұрсынов көшесі бойындағы саябақ былтыр жыл соңында пайдалануға берілген болатын. 100 күнде салынып біткен саялы мекенде ыңғайлы орындықтар, қала тазалығы үшін кішігірім қоқыс жәшіктері орнатылған. Ал ортасында субұрқақ орналасқан. ...
Читать далее »Тазалықты ту еткен…
Қазақстаның басқа аймақтарына қарағанда көктем оңтүстік өңіріне ертерек келетіні белгілі. Бұл өз кезегінде тал дарақтың ерте түлеуіне септігін тигізеді. Тазалықты ту еткен наурыз мерекесі қарсаңында бау-бақшаларды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Біздің басты мереке — бұл ең алдымен үміттер мен рухани жаңару мейрамы. «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ауласында жуырда тазалық шарасы өткізілді. Шымкенттегі әрбір мекеме қала тазалығына осылайша ...
Читать далее »Қала тазалығы басты назарда
Қала тазалығына мекемелер ғана емес, қала тұрғындарының барлығы да жауапты. Бүгінде шырайлы Шымкенттің одан да бетер гүлденіп, көркеюі үшін қолынан келген көмегін аянбайтын азаматтар қатары артып келе жатқаны қуантады. Күні кеше Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы әкімдігіне қарайтын Ә. Жангелдин көшесінің бойында орналасқан №14, 16, 18, 22, 22 а, 26 көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының ұсынысы бойынша, осы аулаларда тазалық ...
Читать далее »Әлеуметтік қолдауға алғысын білдірді
Бүгінде Шымкент қаласының әлеуметтік дамуы үшін атқарылып жатқан шаруалар шаш етектен. Қала тұрғындарының әлеуетін арттыру мақсатында әкімдік тарапынан игі істер қолға алынған. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан кепілдендірілген әлеуметтік пакетке қол жеткізген қала тұрғыны алғысын білдірді. Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданындағы «Бозарық» елді-мекенінің тұрғыны, жеті баланың анасы Ақмарал Жүнісова басқарма қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. «Мен былтыр мамыр айында атаулы әлеуметтік көмекке құжат ...
Читать далее »Заңсыз жарнамамен күрес күшеюде…
«Шымкент -ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы жариялануына орай бүгінде қалада қарбалас жұмыс басталған. Ең алдымен қала тазалығын сақтап, көркейту мақсатында ауқымды тірліктер атқарылуда. Қала келбетіне кіреуке түсіретін заңсыз жарнамалармен күресу жалғасын табуда. Шымкенттегі Абай ауданы әкімі аппараты мен қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен Республика даңғылы мен Темірлан тас жолы бойында ретсіз сауда орындары мен заңсыз жарнамаларды жою бойынша ...
Читать далее »Басты мақсат — тазалық
Карантинге байланысты қалада 50 адамнан жоғары қоғамдық тамақтану орындары жабылған. Десекте халықтың сұранысына ие кондитерлік нысандар мен шектеу шеңберіне жатпайтын дәмханалар өз жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы.Шымкент тіл үйіретін тәттілер мен таңдайдан дәмі кетпес ас ауқаттың отаны. Шаһар орталығы Әл-Фараби ауданының өзінде 169 қоғамдық тамақтану орыны бар. Оның 16-сы келбетіне көз тоймайтын тойханалар. Төтенше жағдайға байланысты салтанат сарайларда думан ...
Читать далее »Зарарсыздандыру жұмысына әскери қызметшілер тартылды
Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданының аумағында орналасқан №35748 әскери бөлімнің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен аудан аумағындағы маңызды нысандарды атап айтқанда: қала көшелері, тротуарлар, аялдамалар, саябақтар және басқа да қоғамдық орындарды арнайы қорғаныс киімін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдарымен дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Қолданылып жатқан ерітінді адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз. Қаланың санитариялық тазалығы үшін алдағы уақытта да жұмыстар ...
Читать далее »