Шымкентте жалпы саны 1 252 көпқабатты тұрғын үй аулалары бар. Бүгінгі таңда олардың 52 пайызы абаттандырылған. 2019 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 219 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылған. Көпқабатты тұрғын үй аулаларында 163 ойын және 79 спорт алаңшалары жөнделеді. Нәтижесінде, 2020 жылы абаттандырылған аулалар саны 80 пайызға жетеді. Сонымен қатар Ташкент, Түркістан және Бозарық бағыттарындағы қалаға кіре беріс жолдардың бойы абаттандырылады. ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін…
Шымкент қаласында 2020 жылдың 2 айында 316 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде: Тұрақты жұмыс орындарына жолданғандар — 205; Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданғандар — 81 азамат; Әлеуметтік жұмыс орындарына — 4 азамат; Жастар практикасына — 13 азамат; Жеке кәсіпкерлігін ашқандар — 3 азамат. Жаңа жұмыс орындары: 2020 жылға 15 115 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 285 МЫҢ ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ
Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға 285 мың дана медициналық бетперде таратылды. Бұл бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген. Мұнан бөлек қала аумағындағы дәріханаларға жергілікті жерде өндірілген 185 мың дана бетперде түсті. Тиісті органдар бетперде бағасының негізсіз қымбаттамауын қадағалап отыр. Індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ, НАН ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты. Брифингте Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Б. Дүйсебеков, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директоры Н. Қабыштаев қатысқан брифингте азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстар жайлы баяндады. – Тұрақтандыру қорында 2 млрд 200 млн теңге бар. Тұтынуға ең қажетті деген 11 ...
Читать далее »Шымкенттегі Арбат демалыс аймағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Әл-Фараби алаңы, Орыс драма театрының маңайы және «Арбат» демалыс аймағында сақтық шаралары күшейтілді. Жалпы, қалада медицина мамандары коронавирустың алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеуде. Дәрігерлер қаладағы ХҚКО-ның 11 бөлімшесінде кезекшілікке түсіп, орталыққа келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қызмет талабына сай ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 20 МЫҢ БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «Қалаларымыздың негізгі көшелерінде бетперделер азаматтарға тегін таратылуы тиіс» деп тапсырма берген болатын. Осыған орай шымкенттік «Mega Pharma» ЖШС 20 000 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 600 аскорбинді қышқыл дәруменін таратты. Компания басшылығы акцияның мақсаты Шымкент қаласының тұрғындарына қолдау көрсету екенін атап өтті. Бетперделер шаһарда адам көп шоғырланған орындарда, ...
Читать далее »Төтенше жағдай кезінде 500 мыңға жуық адам азық-түлікпен қамтамасыз етіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық алушылардың тізімін жасады. Оған жалпы саны 500 мыңға жуық адамды құрайтын 4 санаттағы азаматтар енгізілген. Атап айтқанда, еліміздің барлық аумағында атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз отбасылардың, оның ішінде көпбалалы отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық ұсынылатын болады. ...
Читать далее »Шымкентке кіретін автожолдарда 12 арнайы блок-бекеті қойылды
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Шымкентте сақтық шаралары күшейтілуде. Бұл бағытта Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылды. Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Коронавирус індетіне қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр. Блок бекеттерге тоқталсақ, олар: Ақжар, Жылан бұзған, Абдул Абад, Өтеміс Шапырашты, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым ауылы (А-2 ...
Читать далее »№4 қалалық емханасының мамандары күшейтілген тәртіп бойынша сақтық шараларын жүргізуде
Аталған дерттің таралуына жол бермеу үшін №4 қалалық емханасында күшейтілген тәртіп бойынша жұмыс жүргізілуде. Емхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ТмКҚСмББ мамандары және ОҚМА ЖТД кафедра меңгерушісімен бірлесіп коронавирус инфекциясының алдын алу, таралу жолын, емдеу оқшаулау, зертханалық сынама алу әдісі және аса қауіпті жұқпалы ауруларға арналған бірінші типтік костюмдердің киіп шешу тәртібін көсетіп барлық дәрігерлер мен медбикелер оқытылды. Сақтық шаралары мен ...
Читать далее »Дәрігерге үйден шықпай-ақ хабарласыңыз
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, енді үйден шықпай-ақ емхадағы дәрігерлерге хабарласуға болатынын мәлімдейміз. Назарларыңызға қаладағы мемлекеттік емханадағы жауапты медицина мамандарының жұмыс және ұялы телефон нөмірлерін ұсынамыз. Ескеретін жәйт, емхананың жұмыс кестесі күнделікті 09:00-20:00 аралығында. Қалалық №1 емхана: 53-97-36; 8 747 277 19 85 Қалалық №2 емхана : 56 -85-71; 8 707 819 11 38 Қалалық ...
Читать далее »