Авторские архивы: admin

Түркістандық шаруалар өз өнімдерін астаналықтарға арзан бағада ұсынды

Түркістан облысының тауарөндірушілері демалыс күндері Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесін өткізді. Екі күндік шара Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналды. Онда жалпы құны 201,0 млн. теңгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, 80 тонна ет және ет өнімдері, 141 тонна көкөніс, 28 тонна сүт өнімдері, 90 тонна бақша өнімдері, 53 тонна жеміс-жидек, 26 тонна картоп, 10 ...

Читать далее »

Дербес дами бастады

Мақтаарал ауданы жаңадан құрылып, дербес дами бастағандықтан, Мырзакент пен Атакент кенттерінде тұңғыш рет «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмыс жасай бастады.  Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудынымыздың студент және жұмыссыз жастарын қосымша жұмыспен қамту және қоғамдық, еңбек белсенділіктерін нығайтуды жүзеге асыру, жастар бойында азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын қалыптастырған болатын. Міне, жұмыс бастағандарына 1 айға жуық уақыт болған ...

Читать далее »

Ж.Түймебаев Өзбекстаннан келген делегациямен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған мерекелік шара аясында Өзбекстан Республикасынан келген делегация өкілдерімен және ҚР Парламенті депутаттарымен кездесті. Басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің және Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісінің депутаттары, көрші елдің Министрлер кеңсесі Халықаралық байланыстар және шет мемлекеттермен достық байланыстар орнықтыру кеңесінің мүшелері, Өзбекстанның зиялы қауым өкілдері және ҚР Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық ...

Читать далее »

Жыл басынан бері 4000 тонна ет өндірілген

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының басшысы «Темірболат» шаруа қожалығына аялдады. Қожалықтың басшысы Темірболатов Рүстем 50 бас бұқаны бордақылауда. Негізінен өндірген етін ішкі нарыққа сатады. Ірі қараның ерекше тұқымын 3 ай бойы бордақылап, әрбір мал басынан орташа 300-350 келі ет өндіруде.   Рүстем Темірболатовтың 4 гектар жері бар. Қауын өсіріп, өнімін шетелге экспорттаған ол қалдықсыз өнім шығару үшін мал бордақылау алаңын ашқан. ...

Читать далее »

Мақтааралда мал бордақылау алаңдарының саны 80-нен асты

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан, мұнда малды көбейткеннен көрі бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 80-нен аса мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы аудандағы мал бордақылау алаңдарының жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.   Ең алдымен өңір басшысы «Исрайлов» шаруа қожалығына атбасын бұрып, 20-ға жуық бұқаны бордақылап жатқан Исрайлов Тәңірбергеннің ...

Читать далее »

Түркиялық компания Түркістан облысында 200 гектар аумаққа жылыжай салады

Жуырда Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» компаниясының Қазақстан Республикасы бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған өкілдері келді. Инвесторларды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания басшыларының Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстарына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. «Түркістан қаласының қазақ халқы ...

Читать далее »

Түркістан облысы мен Индонезия туризмді бірлесіп дамытады

Түркістан облысы мен Индонезия мемлекеті туризм және сауда-саттық салалары бойынша тығыз байланыс орнатады. Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Промономен жүздескен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Түркістан қаласына арнайы келген елшіні қабылдаған өңір басшысы Индонезияның әлеуеті жоғары мемлекет екеніне тоқталды. «Индонезия туризм саласында табысқа жетіп жүрген мемлекет екенін білеміз. Біздің өңір үшін осы елдің ...

Читать далее »

Мақта өңдеу зауыттарының жұмысы қарқынды

Мақтаарал ауданында мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 69 бекет қызмет көрсетуде. Зауыттардың ішінде ТМД-да теңдесі жоқ саналатын «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты 120 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын өндіріс ошағының жоғары технологиялық құрал-жабдықтары АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алынып, монтаждалған.   Өндірістік құаттылығы 60 мың тоннаны құрайды. Қолданыстағы мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл ...

Читать далее »

Ақ алтынның тоннасы 170 мың теңге болып белгіленді

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында 38 593 гектардан аса жерге мақта шиті себілген. Биыл орташа есеппен гектарынан 21-24 центнерден өнім алу көзделіп отыр. Мақтаның бағасы анықталып, ең алғашқы болып «Мырзакент» мақта зауыты ақ алтының тоннасын 170 мың теңгеден белгіледі. Бәсекелестік ортада мақтаның бағасы 200 мың теңгеге дейін көтеріледі деген болжам бар.   Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 5 мың тоннадан астам ...

Читать далее »

Сайрам ауданында 60 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Түркістан облысы Сайрам ауданында ағымдағы жылы елді мекендердің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 59 шақырымды құрайтын 60 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, аудан орталығы Ақсукентте 33 көше, Ақбұлақ, Қарасу және Манкент ауылдарында екі көшеден жалпы 6 көше, Қарамұрт елді мекенінде 3, Жібек жолыда 2 көше жөнделуде.   Қазіргі таңда, Сайрам ауданынан ...

Читать далее »