Авторские архивы: admin

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕ КЕЛГЕН ШЕТЕЛ ТУРИСТЕРІНІҢ САНЫ 5 ЕСЕ АРТТЫ

Түркістан облысына шетелден келетін қонақтардың саны артып отыр. Е-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіштерге сүйенсек, биылғы жылдың І тоқсанында 4485 шетел турисі келген. Олардың қатарында Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Франция, ҚХР, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея, Үндістан елінің тұрғындары бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 есе көп. Өткен жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш – 980, 2022 жылы 358 болған. Шетелдіктердің басым ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИЛІК ШАРУА ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІП, ПАЙДАҒА КЕНЕЛІП ОТЫР

Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғыны Зылиха Маусымбекова құлпынай өсіруді қолға алған зейнеткер. Ол үй іргесіндегі 5 соттық жерге 2 500 түп құлпынай егіп, аудандағы осы жеміс түріне артқан сұранысты тиімді пайдаланып отыр. — Құлпынай — жидектердің нағыз ханшайымы. Шырынды жидекті өсіруді былтырғы жылы бастадық. 2023 жылдың тамыз айында еккен құлпынайымыз қараша айында өнім берді, — деді зейнеткер. ...

Читать далее »

Түркістан облыстында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 20-ға жетті

Бүгінде Түркістан облысында жалпы 20 ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан. Олардың қатарында Арыс қаласындағы — Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері, Бәйдібек ауданындағы — Түйетас елді мекені, Жетісай ауданындағы — Алмалы елді мекені, Келес ауданындағы — Шұқырсай және Мақташы елді мекендері бар. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы — Табысты елді мекені, Ордабасы ауданындағы — Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған елді мекендері, ...

Читать далее »

 КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР ЖИҺАЗДАН АЙЫНА 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ТАБЫС ТАБАДЫ

Келестік кәсіпкер Талғат Нәби ағаштан үй жабдықтары мен жиһаз жасап, айына 1 миллион теңгеден астам табыс табады. Шикізатты Ресей мемлекетінен алдырады. Жеке цехында жергілікті 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, тапсырыстың 80 пайызы ас үй жиһаздарына түседі. Сондай-ақ, шебер айына 10-ға жуық өнім дайындап, еліміздің барлық аймағына жөнелтеді. Бұл кәсіптің түрімен 7 жылдан бері айналысып келе жатқан ол биыл ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

  Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында 27 наурыздан бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында штабтар ашылып, тұрғындардың көмектерін қабылдауда. Қарғын су апаты аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлар мен облыс тұрғындары игі іске өз үлестерін қосты. Алғашқы күннің өзінде тұрғындар, мәслихат ...

Читать далее »

СЕНАТОРЛАР ЖЕРГІЛІКТІ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН ЖӘНЕ ӨҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ДЕ КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына сапар аясында Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен де кездесті. Өз сөзінде Палата Төрағасы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда белгілеп берген бастамаларға кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ облыс тұрғындарымен бірге өңірдегі өзекті мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын талқылады. «Облыста өңірді дамытуға арналған бірқатар маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Инвестиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс саласында және басқа да бағыттарда ...

Читать далее »

БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ

Бүгін Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Түркістан облысының әкімдігі «NAURYZFEST» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысып, сәттілік тіледі. Концерт алаңына жиналған қауымға ұлттық тағамдар ұсынылып, өңірдің туристік әлеуеті қамтылған үнпарақтар таратылды. Облыстың шығармашылық ұжымдары қазақ халқының таңдаулы ән-күйі мен биін көрермендерге паш етіп, қошеметке бөленді. Атап айтқанда, «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрі, «Яссы» ...

Читать далее »

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІ ЖЫЛЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАТЫСУДА

2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған сапарының нәтижесінде «2024 жыл — Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылы» болып жарияланды. Осыған орай, Бейжің қаласында 28-29 наурыз аралығына жоспарланған Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылының ресми ашылуы басталды. Халықаралық жиынға Қазақстанның делегациясы келіп қатысуда. Құрамында Премьер-Министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ әкімдіктердің, «Kazakh Tourism» Ұлттық ...

Читать далее »

Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 13 жасар ұлы үйге қайта оралмағанын айтып, көмек сұраған.     Полицейлер хабарламаны бірден тіркеуге алып, жоғалған баланы табу үшін толық жұмылдырды. Тәртіп сақшылары оқиға орны мен оған жақын аумақты түгел тексерді. Жасөспірімнің достары мен сыныптастарынан жауап алды. Іздеуге ауыл тұрғындары қосылды.     Нәтижесінде бейнебақылау камерасы арқылы оның жүрген жері анықталды. ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

  Рамазан айы қарсаңында мақтааралдық кәсіпкер, «Cotton мақта» ЖШС-ң директоры Абдухашим Боев көпбалалы екі отбасыға баспана сыйлады. Кәсіпкер екі үйді сатып алу үшін 26 миллион теңге қаржы жұмсаған. Сондай-ақ жомарт жан Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы аз қамтамасыз етілген 200 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді.   Айта кетерлігі, аудандық кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға үнемі көмек көрсетіп келеді. Тек Рамазан айында ғана емес, өзге уақыттарда ...

Читать далее »