Әлеумет

ШЫМКЕНТТІК ХҚО-ДА ДАЙЫН ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет енді Шымкентте қолжетімді. Енді курьер сізге дайын құжаттарды қажетті мекенжай бойынша жеткізеді. Бұл қызметтің құны — 970 теңге.   Қазіргі таңда жеткізу сервисі арқылы 144 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді, оның ішінде – жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелерінің актілері, білім туралы құжаттарды апостильдеу, Мұрағат анықтамалары, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар ...

Читать далее »

Түркістан қаласында жер кезегінде тұрған азаматтарға жер телімін беру мәселесі шешілуде

«Жер қатынастары» бөлімінің тікелей эфирде өткен тоқсандық есеп беру барысында айтылған Нариман Қасымбековтың баяндамасына сәйкес, Түркістан қаласының жер кезегінде 34 886 азамат кезекте тұр. Қазіргі таңда бөлімде кезектілік базасы енгізіліп, оның ішінде 1600 азаматтың аты-жөндері қайталанып, қайтыс болған және өтініш білдірген азаматтардың мүлкі бар болуына байланысты комиссия құрылып, кезектілік базасынан алып тастау жұмыстары ұйымдастырылуда. Одан өзге, жер учаскелерін дайындау бойынша ...

Читать далее »

Майдангерлерге құрмет көрсетті

9- мамыр «Жеңіс күніне» екінші дүниежүзілік соғыста теңестірілген фашистік Гетто концлагерінің бұрынғы тұтқыны Репина Ирина және Ленинград блокадасының тұрғыны Шаламберидзе Людмила ардагерлерді қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Құрманбекова Гүлнәр арнайы шаңырағына барып, сый-сияпат жасады. Қос қартты құттықтап барған Гүлнәр Мамытқызы бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлерге жылы лебізін білдірді. 1941 жылы Ресейдің сол кездегі Ленинград қаласы қоршауға алынғанда Ирина ...

Читать далее »

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

Halyk Bank және AYALA қоры Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігін, оның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубаторды, 5 реанимациялық үстелді, 6 фототерапия шамын және 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді. «Бұл өте маңызды қайырымдылық жоба, себебі әңгімебіздің еліміздің болашақ ұрпағы – сәбилердің, жаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отыр. Сондықтан Банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша біздің бұрыннан келе жатқан серіктесіміз AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталық мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіп, дүниеге жаңа келген сәбилерге өмірлік жолдама беретініне сенімдіміз» – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев. Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы – еліміздегі ең ірі перзентхана. Жыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанады, оның 12 пайызы – мерзімінен бұрын босанатындар. «Біздің орталық 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастады. Бірақ 10 жыл ішінде медициналық жабдықтар моральдық жағынан ескірген, сондықтан үнемі қымбат жөндеуді талап етіп, жиі істен шығады. Бізде орнатылған көптеген модель өндірістен алынып тасталды, бұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатады. Әсіресе, құрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде өте өзекті. Енді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауыныңарқасында неонатология бөлімшесінің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылды. Дәрігерлердің, ірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі», – деп атап өтті Алматы қаласы Перинатологияжәне балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Александровна Лисогор. Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені болған. Қарқынды терапияға арналған инкубатор жылудың реттелуі жаңа туған нәрестелердің дене температурасын, қажетті ылғалдылықты және оттегінің деңгейін бір қалыпты ұстайды. Ашық реанимациялық жүйе шала туған балаларды емдеу үшін оңтайлы микроклиматтық жағдайларды ұстап тұруүшін арнайы құрылған. Әдетте олар шала туады (салмағы өте аз) және нәрестелерге терідегі ұсақ тесіктер арқылы буланып кететін ылғалды жоғалтпай ұстауы керек. Дененің қалыпты температурасы 37,5С аспауы, ал іш температурасы 36,2 – 36,5С шегінде болуы тиіс. Ашық реанимациялық жүйеде осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін керуеттің, ауаның температурасының жайлы деңгейі мен сәулелі жылу берудің қуаты белгіленеді. Фототерапия шамы жаңа туған нәрестелерді емдеуге көмектеседі. Сәби терісінің сарғаюы – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына әсер ететін уытты билирубин деңгейінің ұлғаюы. Әсіресе ол шала туған балалардың арасында жиі кездеседі. Қандағы уытты билирубиннің жоғары деңгейі дамудағы кідірістерді, атетоидты церебралды сал ауруын, ішінара немесе толық сал ауруын, құрысуды, есту проблемаларын қоса алғанда, баланың бас миының қайтымсыз зақымдануына себеп болуы мүмкін.

Читать далее »

Шымкент: Жылжымалы егу пункттерінде коронавирусқа қарсы вакцина салынуда

Шымкент қаласындағы опера және балет театрында ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Осындағы жылжымалы егу пунктінде №14 емдеу орталығының мамандары театр қызметкерлері мен ерікті түрде келген қала тұрғындарына ковидке қарсы екпе егуде. Медицина мамандары мұнда 19-20 сәуір күндері жұмыс істейді. Сондай-ақ, қаладағы №8 емхана қызметкерлері «ЦУМ» сауда орталығындағы жылжымалы егу пунктінде жұмыс істеуде. Мұнда медицина мамандары сауда орталықтың қызметкерлері мен дүкенге ...

Читать далее »

НИКОТИНІ БАР ӨНІМДЕРДІ САТУҒА ШЕКТЕУ

Қазақстанның сауда кәсіпорындарының қауымдастығы кәмелеттік жасқа толмағандарға құрамында никотин бар өнімдер сатуды шектеу туралы “Adal nietpen” жобасының нәтижелерін жариялады. Аталған жобаның басты мақаты – кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі және құрамында никотин бар өнімдерді (ҚНБӨ) өткізудің алдын алу мақсатында бөлшек сауда дүкендеріндегі сатушылардың жауапкершілігін арттыру. Жоба үй жанындағы дүкендердің өкілдеріне, соның ішінде меншік иелеріне, сатушыларға, кассирлерге – ҚНБӨ және 21 жасқа ...

Читать далее »

Халықаралық  ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізіледі

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ                                                                                  АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ                ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА  УНИВЕРСИТЕТІ                     АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ   АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ 2021 жылғы 14 — сәуірде  «Генетикалық тіл ғылымы – гуманитарлық білімнің заманауи жаңа бағыты: зерттелуі, мәселелері, болашағы» атты  халықаралық  ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізіледі Конференцияның мақсаты: замануи гуманитарлық білімінің жаңа бағыты болып табылатын генетикалық тіл ...

Читать далее »

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына газ тарту үшін пайызсыз несие беріледі

Елордада Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және «ECOJER» қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газдандыруға жәрдемдесу бойынша жоба іске қосылды. Ол Halyk Bank-тен елордада алғашқы жүз тұрғынның үйлерін газбен жабдықтаудың орталық желілеріне қосу үшін пайызсыз кредит беруді көздейді. Халықтың экологиялық таза көгілдір отынға көшуін жеделдету үшін қаржылық ынталандырудың қосымша шараларын енгізу қажет. Осыған байланысты Halyk ...

Читать далее »

«DENSAULYQ» КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ИГІ ІСТЕРІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы бойынша 18-наурыз «Игі істер күні» деп белгіленген. Осыған орайда Түркістан облыстық «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Нақтырақ айтқанда, кәсіподақ атынан әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға азық-түлік таратылды. Мұндай әлеуметтік қолдау 200-ден аса отбасыға көрсетілді. Игі іс шараның мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИНГАПУРДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСТІ

  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасының Сингапур, Аустралия одағы және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Арыстановпен және сингапурлық кәсіпкерлермен онлайн форматта кездесті. Кездесуде тараптар екі жақ ынтымақтастық, инвестиция мәселесін қозғап, Шымкент қаласын одан әрі дамытудың жолдарын талқылады. Қала әкімі Шымкенттің республикалық маңыздағы қала мәртебесін алуы экономика секторына инвестициялық ағымның түсуіне қосымша серпін бергенін айтып өтті. — ...

Читать далее »