Әлеумет

9 жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт қайдан табылды?

Түркістан облысы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстарды ашып, күдіктілерді анықтаудан бөлек жоғалған адамдарды да табу үшін жедел іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Бұған дәлел мына оқиға. 2012 жылы Түлкібас АПБ-ға Арыс қаласындағы балалар үйінің басшылығы арызданып, Түлкібас ауданында лагерьде жүрген 15 жасар тәрбиеленушісінің із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізеді.   Жасөспірім жоғалған соң аудан сақшылары болған жайтты бірден тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісіп кетеді. ...

Читать далее »

Түркістан: Жаңа жылда 59 сәби дүниеге келді

Табалдырықтан аттаған жылдың алғашқы түнінде Түркістан облысында 59 сәби дүние есігін ашты. Барыс жылы дүниеге келгендердің 28-і ұл, 31-і — қыз бала.   Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша республикада көшбасшылар қатарында. 2021 жылы облыста 64 мыңға жуық бала дүниеге келген. Олардың арасында 631 егіз, 12 үшем бар.  

Читать далее »

«Кімнің жалақысы өседі?»: Астролог 2022 жылға болжам ұсынды

Жалпы барыс жылы барлық зодиак белгісі үшін жақсы жыл болғалы тұр, дейді астролог Лилия Любимова Астролог Лилия Любимова барыс жылы Жер, Су, Ауа және От белгісіндегі адамдар үшін қалай өтетінін айтты. Sputnik радиосына берген сұхбатында ол Барыс жылы Жер (тоқты, бикеш, тауешкі) белгісіндегі адамдар үшін мансап тұрғысынан қайшылыққа толы болатынын атап өтті. «Сәтті кезеңдер де болады, күш салатын, жүйке мықты ...

Читать далее »

Картоптың бағасы қатты таң қалдырды

Жаңа Жыл қарсаңында Шымкентте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда ет өнімдерінен бастап көкөністер, жеміс жидектер мен тәттілер саудаланды. Баға да әр қилы, деп хабарлайды Елтұмар.кз порталы Отырар.кз сілтеме жасап. Қажымұқан стадионы алдындағы алаңда өтіп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне келгендердің қарасы қалың. Бәрі де жаңа Жылдық дастарханға қажетті өнімдерді сатып алуға асығыс. Ал өз өнімін көңілге қонымды бағада саудалап отырған ...

Читать далее »

Өздеріңізді және жақындарыңызды коронавирустан қорғайтын тиімді жол – вакцинация

Шымкент қалалық №1 емханасында 15 қарашадан бастап жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға Комирнати (Pfizer) вакцинасы салынуда.   Бүгін 12 жас пен 18 жас аралығындағы №35 орта мектебі мен №1 «Дарын» мектептерінің оқушылары ата-аналарының рұқсатымен вакцина салдырды. Бала емізетін аналар өз еріктерімен вакцина салдыруда. Екпе салдырар алдын барлығы дәрігердің қарауынан өтті. Екпе алушыларда ешқандай жанама әсер байқалған жоқ.   ...

Читать далее »

Қайтарымсыз грант алып берем деген алаяқ 12 млн. теңге жымқырып кеткен

Қайтарымсыз қаржының қайырымы бар ма? Бүгін Шымкентте мемлекеттен қайтарымсыз грант аламыз деп, алданып қалған бір топ азаматшалар жиналды. Айтуларынша, танысы жеңіл ақшаға қарық қыламын деп уәде беріп, сан соқтырған. Базынасын айтып, құқық қорғау органдарына барса, олар да қыңқ етпейтін көрінеді. Оңай олжаға кенелемін опық жегендермен тілдескен едік, деп Отырар.кз.  сілтеме жасап eltumar.kz хабарлайды. Бүгін Шымкентте алаяққа алданып, сан соғып қалған ...

Читать далее »

Шымкентте «Е-helper» экзоскелет жылжымалы құрылғысы әкелінді

Шымкент қаласындағы №2 оңалту орталғы жаңа құрылғымен толықты. Ауруханаға, неврологиялық науқастарды емдеу үшін Ресейлік «Е-helper» экзоскелет жылжымалы механизмі орнатылды, деп хабарлайды Отырар.кз. Ақ халаттылардың айтуынша, клиникалық орталыққа Егемендігімізге отыз жыл толына орай әкелінген бұл аппараттың науқастарға тигізер пайдасы орасан зор. Жаңа құрылғының ерекшелігімен, оң әсері жөнінде толығырақ…. Шымкент қалалық №2 оңалту орталығына «Е-helper» экзоскелет аппараты орнатылды. Мамандар неврологиялық науқастарды оңалту ...

Читать далее »

Шекарадан өтпекші болған шетелдіктің сөмкесінен шыққан зат елді шошытты

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, ҚР-ның өткізу бекетінен өту кезінде, Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына қарай өтіп бара жаткан орта жастағы ер азаматқа «Имерек» атты қызметтік ит үріп белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырған.   Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған жедел уәкілдер тобы ер адамның Өзбекстан ...

Читать далее »

Шымкентте Аяз Ата автобус айдап жүр

Қоғамдық көлік тізгініндегі Аяз Ата шымкенттіктерді таң тамаша қалдырды. Қала орталығына қатынайтын №15 автобус Шымкент көшелерімен жүйіткіп жүр. Тек Аяз ата ғана емес, автобустың өзі жаңа жылдық жылтырақтармен безендірілген.  Сондай-ақ жаңа жылдық жарықшамдармен жарақтандырылған қоғамдық көлік жолаушыларға қатты ұнаған. Бұрын соңды мұндай жаңа жылдық тосынсый болмағандықтан қала тұрғындарына алғашында таң көрінгені де рас.  Қоғамдық көлік Айна базарынан Таскен шағынауданына дейінгі ...

Читать далее »

Конвертке ақша салып кеткен: Толықтай бір көше тұрғындарына жұмбақ адам ерекше сыйлық тарту еткен

Жапонияның Осака қаласындағы көше тұрғындарын пошта жәшіктеріне салынған белгісіз конверттер таңғалдырды. Олардың ішіне ақша салыныпты, деп хабарлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне eltumar.kz сілтеме жасап. Бір көшенің тұрғындары пошта жәшіктерінен әртүрлі ақша сомасы салынға жұмбақ конверттерді тауып алған. Алғаш рет қоңыр конвертті бірнеше ай бұрын тұрғындардың бірі тапқан. Көп ұзамай көшенің басқа тұрғындары осы сияқты конверттерді ала бастаған. Тұрғындар келесі айда да түрлі ...

Читать далее »