Әлеумет

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ 2581 АЗАМАТ ТІРКЕЛГЕН

  Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері тұрғын үй кезегіне 2581 азамат тіркелген. Қазіргі таңда, қалада жалпы саны 44 850 азамат тұрғын үй алу тізімінде кезекте тұр. Ал жыл басында бұл көрсеткіш 42 269-ды құраған болатын. Яғни ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғын үй кезегіне тіркелушілер саны едәуір артып отыр. Тұрғын үй кезегінде тұрған 44 850 азаматтың ішінде жетім және ата-анасының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 300-ДЕН АСТАМ АРЫЗ ТҮСІП, 22 МЛН ТЕҢГЕ ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ

  Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А.Қожамұратованың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Айман Ақанқызы Департамент тарапынан ағымдағы жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстарды баяндады. –Департаментке жыл басынан бері 300-ден астам арыз-шағым келіп түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65 пайызға жоғары. Мәселелер мекеме мамандарымен қаралып, Шымкент қаласының тұтынушыларына 22 млн теңгеден астам ...

Читать далее »

«Д» — есепте тұратын барлық науқасқа екпе егу міндетті екендігі айтылды

Шымкент қаласындағы №1 қалалық емханада комплаенс-офицер Н.Төлебайдың қатысуымен емхана қызметкерлері арасында COVID-19 қарсы екпе егу жайлы жиналыс өтті. Жиналыс барысында бірінші орында медициналық қызметкерлер 100 пайыз, «Д»-есепте тұратын барлық науқастардың екпе егулерін міндетті түрде алу керектігі және вакцинация паспортын фикциялық түрде берілмейтіні туралы айтылды. Екі компонентті де толық алған әрбір адамға қалауы бойынша қолына анықтама берілетіні және EGOV-порталы арқылы цифрлық ...

Читать далее »

«QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының үшінші кезеңі басталды

Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының үшінші кезеңі басталды. «Qolda 3.0» үшінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға тиімді ден қою және өткір әлеуметтік мәселелерді шешу әлеуетін жақсартуға көмектесуге бағытталған. «Qolda 3.0» байқауына қатысуға Шымкент пен Қазақстанның 14 облысында төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсететін, өткір әлеуметтік мәселелерді шешетін және волонтерлік қызметті дамытатын үкіметтік емес ұйымдар ...

Читать далее »

Ерлі зайыпты зейнеткерлер қауіпті індетті жеңіп шықты

  Шымкенттік дәрігерлер 80 жасқа таяған зейнеткерлерді толық емдеп шықты. Қауіпті індетті жұқтырған ерлі-зайыпты 5 мамырда Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем көлігімен ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер екі науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, өкпе тінінің 90 пайызы зақымдалғанын анықтаған. Бұған қоса өкпесі зақымданған науқастарда екі жақты пневмония анықталып, қант диабеті және гипертония сынды созылмалы аурулары болған. Коронавирус жұқтырғандары да ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ХҚО-ДА ДАЙЫН ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет енді Шымкентте қолжетімді. Енді курьер сізге дайын құжаттарды қажетті мекенжай бойынша жеткізеді. Бұл қызметтің құны — 970 теңге.   Қазіргі таңда жеткізу сервисі арқылы 144 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді, оның ішінде – жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелерінің актілері, білім туралы құжаттарды апостильдеу, Мұрағат анықтамалары, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар ...

Читать далее »

Түркістан қаласында жер кезегінде тұрған азаматтарға жер телімін беру мәселесі шешілуде

«Жер қатынастары» бөлімінің тікелей эфирде өткен тоқсандық есеп беру барысында айтылған Нариман Қасымбековтың баяндамасына сәйкес, Түркістан қаласының жер кезегінде 34 886 азамат кезекте тұр. Қазіргі таңда бөлімде кезектілік базасы енгізіліп, оның ішінде 1600 азаматтың аты-жөндері қайталанып, қайтыс болған және өтініш білдірген азаматтардың мүлкі бар болуына байланысты комиссия құрылып, кезектілік базасынан алып тастау жұмыстары ұйымдастырылуда. Одан өзге, жер учаскелерін дайындау бойынша ...

Читать далее »

Майдангерлерге құрмет көрсетті

9- мамыр «Жеңіс күніне» екінші дүниежүзілік соғыста теңестірілген фашистік Гетто концлагерінің бұрынғы тұтқыны Репина Ирина және Ленинград блокадасының тұрғыны Шаламберидзе Людмила ардагерлерді қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Құрманбекова Гүлнәр арнайы шаңырағына барып, сый-сияпат жасады. Қос қартты құттықтап барған Гүлнәр Мамытқызы бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлерге жылы лебізін білдірді. 1941 жылы Ресейдің сол кездегі Ленинград қаласы қоршауға алынғанда Ирина ...

Читать далее »

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

Halyk Bank және AYALA қоры Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігін, оның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубаторды, 5 реанимациялық үстелді, 6 фототерапия шамын және 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді. «Бұл өте маңызды қайырымдылық жоба, себебі әңгімебіздің еліміздің болашақ ұрпағы – сәбилердің, жаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отыр. Сондықтан Банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша біздің бұрыннан келе жатқан серіктесіміз AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталық мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіп, дүниеге жаңа келген сәбилерге өмірлік жолдама беретініне сенімдіміз» – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев. Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы – еліміздегі ең ірі перзентхана. Жыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанады, оның 12 пайызы – мерзімінен бұрын босанатындар. «Біздің орталық 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастады. Бірақ 10 жыл ішінде медициналық жабдықтар моральдық жағынан ескірген, сондықтан үнемі қымбат жөндеуді талап етіп, жиі істен шығады. Бізде орнатылған көптеген модель өндірістен алынып тасталды, бұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатады. Әсіресе, құрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде өте өзекті. Енді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауыныңарқасында неонатология бөлімшесінің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылды. Дәрігерлердің, ірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі», – деп атап өтті Алматы қаласы Перинатологияжәне балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Александровна Лисогор. Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені болған. Қарқынды терапияға арналған инкубатор жылудың реттелуі жаңа туған нәрестелердің дене температурасын, қажетті ылғалдылықты және оттегінің деңгейін бір қалыпты ұстайды. Ашық реанимациялық жүйе шала туған балаларды емдеу үшін оңтайлы микроклиматтық жағдайларды ұстап тұруүшін арнайы құрылған. Әдетте олар шала туады (салмағы өте аз) және нәрестелерге терідегі ұсақ тесіктер арқылы буланып кететін ылғалды жоғалтпай ұстауы керек. Дененің қалыпты температурасы 37,5С аспауы, ал іш температурасы 36,2 – 36,5С шегінде болуы тиіс. Ашық реанимациялық жүйеде осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін керуеттің, ауаның температурасының жайлы деңгейі мен сәулелі жылу берудің қуаты белгіленеді. Фототерапия шамы жаңа туған нәрестелерді емдеуге көмектеседі. Сәби терісінің сарғаюы – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына әсер ететін уытты билирубин деңгейінің ұлғаюы. Әсіресе ол шала туған балалардың арасында жиі кездеседі. Қандағы уытты билирубиннің жоғары деңгейі дамудағы кідірістерді, атетоидты церебралды сал ауруын, ішінара немесе толық сал ауруын, құрысуды, есту проблемаларын қоса алғанда, баланың бас миының қайтымсыз зақымдануына себеп болуы мүмкін.

Читать далее »

Шымкент: Жылжымалы егу пункттерінде коронавирусқа қарсы вакцина салынуда

Шымкент қаласындағы опера және балет театрында ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Осындағы жылжымалы егу пунктінде №14 емдеу орталығының мамандары театр қызметкерлері мен ерікті түрде келген қала тұрғындарына ковидке қарсы екпе егуде. Медицина мамандары мұнда 19-20 сәуір күндері жұмыс істейді. Сондай-ақ, қаладағы №8 емхана қызметкерлері «ЦУМ» сауда орталығындағы жылжымалы егу пунктінде жұмыс істеуде. Мұнда медицина мамандары сауда орталықтың қызметкерлері мен дүкенге ...

Читать далее »