Әлеумет

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда

Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғамда өткір тұр. Сондықтан да аталған мәселенің алдын алу үшін құқық қорғау органдары тарапынан қызу жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда балалар мен әйелдердің денсаулығын, өмірін қорғау туралы мәселелер қозғалды. Ал отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар бойынша Түркістан облысы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан ...

Читать далее »

Бейнежазба бірнеше үйге ұрлыққа түскен ұрыны анықтауға ықпал етті

Әлеуметтік желіде блогер болғысы келген жасөспірімдердің түсірген бейнежазбасы кеңінен таралуда. Себебі, бұл ерекше бейнежазба полицейлерге бірнеше үйге ұрлыққа түскен ұрыны анықтауға ықпал етті. Нақтырақ айтсақ, аталмыш оқиға Түркістан облысы Жетісай ауданында орын алған. Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жүрген жасөспірімдер кенеттен, көрші үйде бөтен біреу жасырынып отырғанын байқап қалады. Бір қызығы көршінің қақпасы құлыпталып тұр. Мұны көрген жасөспірімдер, қызықты бейнежазба түсіру ...

Читать далее »

3D принтерлер және Arduino. Атыраудағы болашақ ғалымдарға арналған орталық

Атырауда 600-ден астам оқушы STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) тегін білім беру бағдарламасын аяқтады. Курс Абай атындағы Оқушылар сарайында орналасқан JasSpace кеңістігінде өтті. Білім беру кеңістігі «Шеврон» компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қорының JasSpace:»Атырау жастарын дамыту бастамасының бөлігі» ретінде жұмыс істейді. JasSpace мынадай бағыттар бойынша тегін курстар ұсынады: анатомия, химия, робототехника, техникалық ағылшын тілі, сөйлесу бағытындағы ағылшын тілі, экология, ...

Читать далее »

КАНДИДАТ НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Маңғыстау облысына сапармен барып, Жанаөзен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейі ғимаратында сайлаушылармен кездесу өткізді. Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, мұнай-газ саласы ел бюджетінің басым бөлігін құрайды. Дегенмен өңірде инфрақұрылым мәселесі бар. Кандидат облыстық әкімдерді сайлауды енгізу арқылы бұл тығырықтан шығуға болады деп ...

Читать далее »

«BIR TOLQYNDA»: ЖАСТАР ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының кезекті отырысында жастар белсенділері Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады. «Жастар Рухы» белсендісі Аида Қалуова Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру және жастар саясаты саласындағы бастамаларына баса назар аударды. «Жастардың проблемаларын өздерінен артық ешкім білмейді, сондықтан олардың өзекті мәселелерін шешуде сіздердің пікірлеріңізді елемеуге болмайды. Сапалы білім – жастардың табысының, елімізді алға жылжытатын талантты мамандардың қалыптасуының ...

Читать далее »

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен жемқорлыққа қатысты заңды қатаңдату қажет екенін айтты. Кандидат бұл ұсынысын Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысқан кезде ортаға салды. Жиынға қатысқандар сыбайлас жемқорлықтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін, осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шетелдік тәжірибені талқылады. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (CPI) халықаралық рейтингісінде Қазақстан 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ...

Читать далее »

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВТЫҢ ШТАБЫ ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілдері Айдар Әлібаев пен Талғат Омаров Елорда тұрғындарымен, сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында олар Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Айдар Әлібаев кандидат бағдарламасында білім беру саласының дамуына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Медицина және білім беру салаларына ІЖӨ-ден жылына ...

Читать далее »

ҚАРАҚАТ ӘБДЕН: ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ НАСИХАТТАЙМЫЗ

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Шымкент қаласының сайлаушыларымен жүздесіп, жиналған жұртты өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қала тұрғындары, туристік сала мамандары, қазақ ұлттық тағамдарына негізделген мейрамханалардың өкілдері мен кәсіпкер әйелдер қатысқан кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер мен отандық туризмді дамыту сұрақтары талқыланды. «Шымкент қаласының ішкі және сыртқы туризмді дамытуда әлеуеті өте зор. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен инфрақұрылымның жақсаруы – туризмді дамытудың ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен шетелдік инвесторлармен және ірі кәсіпорындардың жеке иелерімен жасалған барлық шарттың ашық болуын талап етіп отыр. Теміртауға сапары барысында ол «Арселор Миттал», жеке құрылыс, коммуналдық, күзет компанияларының қызметкерлерімен, сондай-ақ салалық кәсіподақтардың өкілдерімен кездесті. М.Қажыкен меншікті атап айтқанда, жеке шетелдік азаматтарға тиесілі кәсіпорындарды ұлттандыру туралы заң жобасын әзірлеу жөнінде айтты. Қазіргі уақытта компаниялардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жекелеген ...

Читать далее »

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВТЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының республикалық қоғамдық штабының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат науқанының барысы талқыланды. «Ауыл» партиясы үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық 20 өңірін қамтығаны айтылды. Өңірлік штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлесе, оның 70 пайызы өткізілді. Еліміз бойынша 305 билборд орналастырылып, еріктілер 200 мың плакат, парақша таратқан. Штабтар сайлау күні үшін сенім ...

Читать далее »