Әлеумет

Мұғалімдерді бұдан былай қосымша адам саны ретінде пайдаланбайды — Аймағамбетов

ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді іс-шара кезінде қосымша адам санын көбейту үшін пайдалануды тоқтатқанына сендірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.   «Іс-шаралар кезінде мұғалімдерді қосымша адам санын көбейту үшін пайдалануды тоқтату маңызды бағыт саналады. Бұл туралы президенттің өзі де бірнеше рет айтқандай барлық іс-шаралар ұстаздарымыздың міндетті түрде қатысуымен өтіп келді. Біз мұндай жосықсыз тәжірибені іс жүзінде тоқтаттық деп ойлаймын. Мұғалімдерді әдеттен тыс ...

Читать далее »

2022-2023 оқу жылына арналған кесте өзгерді

  Қазақстанда биылдан бастап оқу жылы 2 аптаға ұзартылды. Енді оқушылар жазғы демалысқа әдеттегі 26 мамырда емес, 1 маусымнан бастап шығады. Сонымен қатар тоқсан арасындағы демалыс уақыттары да қысқарған. Stan.kz оқушылардың жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесін ұсынады. Жаңа оқу жылында күзгі демалыс 31 қазаннан 6 қарашаға дейін, яғни 7 күн демалады.  ІІ тоқсаннан кейінгі қысқы демалыс 31 желтоқсанда басталып, 9 қаңтарға дейін ...

Читать далее »

Мұғалімдер мен оқушылар қай күні демалады?

Елімізде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылған болатын. Бүгін Республикалық Тамыз конференциясына қатысқан Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылын ұзарту арқылы білім саласындағы бірқатар мәселені шешуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. «25 мамыр – 31 мамыр. Былай қарағанда, санаулы күндер. Алайда бұл санаулы күндер қандай мәселені шешейін деп жатыр? Біріншіден, алты күн оқып жатқан, яғни сенбі күні демалмай жүрген бір ...

Читать далее »

100 миллион теңге: Алматыда бір шабадан алтын бұйымдар табылды

Алматы полициясы ұрланған алтынның жасырылған орнын тапты. Алматы полициясы ұрланған алтынның жасырылған орнын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.   Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 12 тамызға қараған түні қаладағы базарлардың бірінде алтын-күміс әшекей бұйымдарының ірі ұрлығы жасалған. – ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй базардың алтын сататын қатарына түнде кіріп кеткен. Ол сегіз ...

Читать далее »

Оқу жылы ұзартылды

Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова оқушылардың жазғы демалыс уақытына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Экспресс К. Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды. Жаңа оқу жылы 36 аптадан тұрады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Жаз бойы балалар демалады, — дейді Шолпан Каринова. Сонымен биылғы оқу жылындағы демалыс күндері келесідей болады: 1–11 сыныптарда: ...

Читать далее »

Мектеп түлектері үшін әкімдіктердің грантына құжаттар қабылданып жатыр

Мемлекеттік білім грантына құжат тапсырып, алайда жолы болмаған түлектер тағы бір мүмкіндік туып отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер, жергілікті атқарушы органдардың білім беру гранттарына құжаттар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Өтініштерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қарайды. Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктен немесе олардың ресми сайтынан алуға болады. «Жыл сайын мамандарды мақсатты даярлауға жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) бюджетінен білім беру ...

Читать далее »

«Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы өтті

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен Арыстанұлының бастамасымен игі шара өтті. Шара аясында кәсіподақ басшылығының қолдауымен жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балаларға мектепке қажетті құрал жабыдықтар толы сөмке таратылды. Игі бастама «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы аясында өтті. «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, материалдық қолдауға мұқтаж отбасылардың тізімін жасаған. ...

Читать далее »

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың өлшемшарттары қандай?

Естеріңізде болса, алдыңғы постымда мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді лауазымға тағайындау туралы жазған болатынмын. Бүгін сіздердің назарларыңызға педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидатты бағалаудың өлшемшарттарын ұсынғым келеді. Бұл туралы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.   Өлшемшарттар қандай? Білім деңгейіне қойылатын балл саны: Техникалық және кәсіптік = 1 Жоғары ...

Читать далее »

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау туралы

Болашақ – білімді ұрпақтың, ал білімді ұрпақ – педагогтің қолында. Сол үшін әрбір білім ошағындағы сапалы ұстаздар мен сапалы оқушылардың қатары арта түссе, келешегіміз көркейе түсері сөзсіз. Ал осы ретте мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді қабылдау тәртібі қалай? Бұл туралы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.   «Ең бірінші кезекте, ...

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАНДА ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КУРСТАР БАСТАЛДЫ

Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Оларды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері EdCrunch Academy-мен бірлесіп әзірледі. Мамандар 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірледі. Еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 40 000-нан астам математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш сынып мұғалімдері курстан өтеді. «Курстар басталған күні 6 603 мұғалім оқуға кірісті. Курстарды бастамас бұрын ...

Читать далее »