Cаясат

Президент Eni S.p.A компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспары қарастырылды. Мемлекет басшысына еліміздің мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөніндегі консорциум жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Қарашығанақта қуаты 4 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Eni S.p.A компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы стратегиялық ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Геосаяси шиеленіс пен протекционизмнің белең алуы әлемдік экономиканы өзгертіп жатыр. Бұл экономиканы баяулатып қана қоймай, жаһандық өсім мен тұрақтылыққа кедергі келтіруде. Алайда кез келген дағдарыс жаңа мүмкіндікке жол ашатынын уақыт көрсетті. Орасан зор технологиялық серпін беретін «цифрландыру» осындай мүмкіндіктің бірі деп санаймыз. Цифрландыру қарқыны экономиканың дамуына зор ықпал етіп, бүгінгі күн тәртібінің бағыт-бағдарын айқындап берді. Жасанды интеллект, блокчейн, ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді. Кездесу барысында елімізде энергетика, көлік-транзиттік тасымал, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды. Кездесуде олар Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Читать далее »

Мемлекет басшысы сөз сөйлегеннен кейін CNN журналисті, форум модераторы Ричард Квесттің сұрағына жауап берді

Модератор: «Президент мырза, Сіз делегаттар мен қатысушыларды диалогқа шақыратын ашықтық пен төзімділік туралы айттыңыз. Жалпы, Форумның сәтті өтуіне қатысты көзқарасыңыз қандай?» Қасым-Жомарт Тоқаев: «Меніңше, біз қазіргі проблемалардың, адамның өміріне қауіп төндіретін мәселелердің мәніне тереңірек үңілуіміз керек. Шын мәнінде, әлемдегі қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті. Біз, ең алдымен, мұны мойындауымыз керек. Екіншіден, біз атышулы мәселелерге ғана назар аудармауымыз керек. Біз осы ...

Читать далее »

Президент Халықаралық Аралды қорғау қорын қолауға көбірек қаржы бөлуге шақырады

«Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз. Су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азия – су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік және бірлескен  тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ. Аймақтағы климат және ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана халықаралық форумының пленарлық отырысындағы сөзі «Астана халықаралық форумына қош келдіңіздер! Мұнда барлық құрлықтан достарымыз бен әріптестеріміз, сондай-ақ үкіметтердің, дипломатия, бизнес және ғылыми топтардың өкілдері жиналып отыр. Аса қадірлі қонақтарымыз – Қатар Әміріне, Қырғызстан Президентіне, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына, Өзбекстан Премьер-министріне және форумның басқа да құрметті қатысушыларына  шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің осы жиынға арнайы келуге шешім ...

Читать далее »

Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация саласында $22 млрд-қа 100-ден астам жобаны жүзеге асыруда — Әлихан Смайылов

Сочиде (РФ) Еуразиялық үкіметаралық кеңес жұмысы аясында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустиннің кездесуі өтті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестициялық өзара іс-қимыл, өндірістік кооперация, перспективалы көлік дәліздері мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту, энергетика, білім беру, мәдени-гуманитарлық салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Премьер-Министр екі ел басшыларының белсенді саяси диалогы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының барлық спектрі бойынша жоғары динамиканы қамтамасыз ...

Читать далее »

Әлихан Смайылов: ЕАЭО экономикалық негізде дамуға тиіс

Бейсенбі, 8 маусымда, Сочи қаласында (РФ) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Отырыста ЕАЭО-дағы өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті мәселесі талқыланды. Олардың қатарында сауда-саттықтағы кедергілерді жою, теміржол көлігімен жүк тасымалдауды цифрландыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар жоспарын орындау, «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттары бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту, теңіздегі өткізу бекеттерінде электрондық құжат айналымын енгізу, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің ...

Читать далее »

Әлихан Смайылов ТМД елдерінің сауда саласындағы тосқауылдар мен шектеулерді жоюды күшейтуге шақырды 

Сочи қаласына (РФ) жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер Үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.  Шағын құрамда өткен кездесуде тараптар ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялар құру, қызметі және оларды жүзеге асыру туралы келісімді талқылады. Кеңейтілген құрамдағы кездесуде Достастық елдері арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға баса ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кристалина Георгиеваға ілтипат білдіре отырып,  Халықаралық валюта қорымен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді.  – Қормен арадағы ынтымақтастығымыз табысты жүзеге асып келеді және ол алдағы уақытта да жалғасады. Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіз елеулі екені анық, – деді Мемлекет басшысы. Кездесу барысында Президентке ...

Читать далее »