Cаясат

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

Тәуелсіз еліміз бүгінгі таңда жаңа әрі қуатты Қазақстан мемлекетін құру жолында маңызды әлеуметтік-саяси реформаларды жүзеге асырып келеді. Биыл Конституциямызға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды, Президенттің жеті жылға және бір мерзімге сайлануы туралы өзгерістерді ел жылы қабылдады. Қазақстан Републикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы еліміздің дамуында маңызды рөл атқармақ. Өйткені, Қазақстан жаңа кезеңге қадам басты. Ендігі Қазақстан жаңғыру мен жаңару арқылы бағыт-бағдары айқындалған, ...

Читать далее »

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ: ОТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІПКЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУ КЕРЕК

«Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасының президенттігінен үміткер Жигули Дайрабаев «Danmard» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің мәселелерін талқылады. Әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігумен айналысатын кәсіпорын бүгінде өндірісін дамытып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Кездесуде кандидат өзінің сайлауалды науқаны аясында еңбек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыруға баса мән бергенін айтты. Сонымен қатар ...

Читать далее »

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ САЙЛАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қаншалықты нәтижелі атқарылып жатқанын нақты айту қиын. Мемлекет қаржысына қол сұққан шенеуніктердің темір торға қамалуы мәселенің шешіліп жатқанын аңғартпаса керек. Проблеманың себеп-салдарымен күресу маңызды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Астана қаласында өткен сайлаушылармен кездесуде айтты. Оның пікірінше, мемлекет алдында тұрған басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету. ...

Читать далее »

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ШТАБЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді. Екібастұз қаласында штаб мүшелері әлемдегі ең үлкен «Богатырь» ашық көмір кенішінің еңбек ұжымымен кездесіп, кеншілерге кандидаттың бағдарламасындағы жұмысшылардың құқықтарын қорғау және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты басымдықтары туралы айтып берді. — Азаматтардың адал өнімді еңбегі құрметтелуі, қорғалуы және оған лайықты еңбекақы төленуі маңызды. Қызметкерлердің мансаптық болашағы мен ...

Читать далее »

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ҚОСТАНАЙДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ЗАҢГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Мен әйелдерге арналған квоталармен мүлде келіспеймін». Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткер Салтанат Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен және заңгерлермен өткен кездесуде осылай деп мәлімдеді. Кездесу кезінде кандидат елдегі басшылық қызметтегі әйелдердің құзыреттілігі төмен екенін жасырмады. «Қазақстандағы басшылық лауазымдардағы гендерлік өкілдіктің жағдайы аса мәз емес. Әйелдер ел халқының басым бөлігін құраса да, басшылық қызметтегі әйелдер саны өте аз. Құзыреттілік жоқтығынан әйелдердің пікірі ескерілмейді», ...

Читать далее »

ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті. Жақын және шалғай жатқан елді мекендердің жағдайымен танысып, Арал қаласына барды. Қарақат Әбден облыстағы үлкен аймақтардың бірі болып саналатын Арал қаласында жергілікті халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұдан бөлек, кандидат осы өңірде ұлттық және отбасылық құндылықтарды негізге алып, кәсібін дөңгелетіп отырған отбасылық бизнес өкілдерімен әңгімелесті. Арал өңірінде қозғалған маңызды тақырыптар Қызылорда қаласындағы ...

Читать далее »

ТАҒДЫРШЕШТІ КЕЗЕҢДЕ ҚАЛЫС ҚАЛМАЙЫҚ

Алда Қазақстан Республикасының кезектес тыс Президент сайлауы күн санап жақындап келеді. Мен үшін бұл сайлаудың жауапкершілігі мен маңызы ерекше! Қазір кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары барлық өңірді қамтуда. Жаңа саяси кезеңдер мен бетбұрыстарға бастайтын Жаңа Қазақстанның алғашқы қадамдарының бірі алдағы сайлау болмақ. Осы орайда, қоғамдық-саяси өмірімізге жаңа бастамалар әкелетін тағдыршешті кезеңде сіздер де қалыс қалмауларыңызды сұраймын! Сондай-ақ, әр қазақстандық саяси науқанға бейжай ...

Читать далее »

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ДАУЫС БЕРУ МАҢЫЗДЫ

2022 жылдың 20 қарашасында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Саяси науқанның нәтижесінде жүйені жаңғыртып, жаңа міндеттерді мейлінше жүзеге асыруға үлкен жол ашылады. Президенттік мандат мерзімін 7 жылға дейін шектеу, Қазақстандағы демократияның нағыз көрінісі. Азаматтық белсенділікті дамыту — заман талабымен уақыт үдерісінен туындап отырған қажеттілік. Қазақстандықтар егемен еліміздің жарқын болашағына мол үміт артып, нық сеніммен қарайды. Сол себепті де Жаңа ...

Читать далее »

САЙЛАУ ХАЛҚЫМЫЗДЫ ОРТАҚ МҮДДЕ ЖОЛЫНДА БІРІКТІРЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Қазір елімізде саяи науқанға қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл сайлау президенттің 7 жылға бір ғана мерзімге сайланатынымен ерекшеленеді. Маңыздылығы да осында. Жаңару алдындағы үлкен бастама болғалы тұр. Еліміздің дамуы үшін – игі қадам. Елімнің ертеңі, ұрпағымның келешегі, мемлекетіміздің мәртебесі үшін мен бұл сайлауға белсене қатысамын. Мемлекетте болып ...

Читать далее »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларымен кездесті. Штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында облыс шаруаларының және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің мәселелерімен танысты. Іс-шара барысында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген, алдағы жеті жылда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар талқыланды. — Соңғы үш жарым жылда Қазақстан ауыр сын-қатерлермен бетпе-бет келді. Пандемия, қасіретті қаңтар оқиғасы, бүгінгі геосаяси ...

Читать далее »