Месячные архивы: Июль 2018

Өңірімізде өнім көлемі артқан

Аграрлы Түркістан облысында  биыл ауыл шаруашылық өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 25 млрд. теңгеге артып отыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Бұған қосымша өңірде  айналасы 5 жылда еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортын кемінде 2,5 есеге арттыру жоспары бекітілген. Экономикалық даму концепциясы мен Елбасының биылғы Жолдауында көзделген нақты тапсырмалар  рет-ретімен орындалуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан берілген тапсырмаға сай, 2017-2021 ...

Читать далее »

Ауданда құрылыс қарқын алды

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында құрылыс қарқын алуда. Жақын күндері 6 бірдей нысан ел игілігіне берілмек. 30-ға тарта көшенің күрделі жөндеуден өтуі, тұрғынүй мен мектептердің бой тіктеуі жергілікті тұрғындардың қуанышын еселеп отыр. 300-ге тарта азаматқа жұмыс болған құрылыс нысандары басында біздің түсірілім тобы болып қайтты. Бейнесюжетке назар аударсақ. Қазығұрт ауданының орталығы ғана емес, шеткі ауыл-аймақтарының да бүгінде ажары кірген. Көше ...

Читать далее »

Түркістан облысы инновациялық қызметтің игілігін көре бастады

Шардаралықтар жаңа инновациялық жүйенің шапағатын көріп отыр. Еліміз бойынша алғашқы болып, Түркістан облысы Шардара аудандық орталық ауруханасында «Триаж» жүйесіне негізделген жедел медициналық көмек көрсету орталығы ашылды. Жеке ғимарат етіп салынған орталықта өміріне қауіп төнген науқасқа шұғыл түрде жәрдем беріледі.   «Триаж» жүйесіне негізделген жедел медициналық көмек көрсету орталығында науқастарға шұғыл көмек көрсетіледі. Яғни жедел жеткізілген науқас алдымен тіркеуге алынып, одан кейін ...

Читать далее »

Шардарада инновациялық жүйелерді пайдаланатын шаруалардың қатары артқан

Түркістан облысы Шардара ауданында инновациялық жүйелерді пайдаланатын шаруалардың қатары артып келеді. Ауданның негізгі даму бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан, аймақта 64 мың гектар суармалы жер бар. Онда негізінен күріш, мақта және бақша дақылдары егіледі. Мәселен, шаруашылық 300 гектар жерге мақта егіп, бірнеше жылдан бері тамшылатып суғару әдісін қолданады. Олар инновациялық жүйенің арқасында суды 3 есеге дейін үнемдеп, ал өнімділікті екі есеге ...

Читать далее »

Мал бордақылайтын алаңдар ашылмақ

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жайылымы мол, мал ұстауға қолайлы аймақ. Тау бөктерлей орналасқан ауыл халқының барлығы дерлік қорасынан төрт түлігін үзбеген. Түлкібас ауданында алдағы уақытта 3000 бас ірі қара мал бордақылайтың алаңдар іске қосылмақ. Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ елді мекенінде «Адал» шаруа қожалығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған алаңдарды ашуды жоспарлап отыр. ...

Читать далее »

Бренд өнім: қолжетімді бағада

«Алем БT» ЖШС — бұл өндірісінде Оңтүстік Кореялық жоғары сапалы жабдықтарды пайдаланатын шұлық бұйымдарының «бизнес» және «эконом» санаттарының ең ірі өндірушісі. Зауыттың жалпы аумағы 12000 шаршы метрден астам аумақты құрайды. Зауыттың Түркістан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасуы жергілікті халықты сапалы өніммен қамтуға, сонымен қатар өнімді экспорттауға зор мүмкіндік береді. Өнім өндірісі екі есеге ұлғаю мүмкіндігімен жылына 15 миллионнан астам жұпты ...

Читать далее »

Диханның еңбегі еселі

Түркістан – аграрлы аймақ. Бүгінгі таңда өңірден көрші елге ет, көкөніс өнімдері экспортталуда, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі де артып келеді. Түркістан — ауыл шаруашылығына икемді аймақ. Бұл жердің тұрғындары қол қусырып қарап отырмай… қысы-жазы аянбай тер төгеді. Есхан ауылында 16 410 тұрғын бар. Жергілікті халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. 20-ға жуық мал бордақылау алаңы бар. ...

Читать далее »

Мақтааралдың қауынын ресейліктер алқап басынан алып кетуде

Дәмі тіл үйіретін Мырзашөлдің қауындары сұраныссыз қалған кезі жоқ. Бал татитын қауындары Ресейге экспортталуда. Биыл Достық ауыл округінде ерте егілген қауын пісіп жетіліп егіс алқаптарында терім жұмыстары қыза түскен. Биыл өңір дихандары 27 мың гектарға бау бақша дақылдарын ексе, оның ішінде   19500 гектарына қауын, 7 мың гектарға қарбыз еккен. Соңғы жылдары Достық ауылының шаруалары қауыннан түсетін пайданың тәп тәуір болатынына ...

Читать далее »

Индикаторлық жоспар 105 пайызға орындалды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы биылғы жарты жылдықты тоолайым табыстармен аяқтап отыр. 2018 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен ауыл шаруашылық саласында 11 миллиард 414 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,6 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 10 миллиард 615 миллион 800 мың теңге, 101,7 пайыз, егін шаруашылығы 708 миллион 200 мың теңге,яғни, 100 ...

Читать далее »

Асыл тұқымды қой басы 21 559-ға жетті

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы мал шаруашылығын дамытуда бүгінде алдыңғы лекке шықты. Етке арналған кәдімгі қойдан гөрі асыл тұқымды малдың толайым табысы көп болатынын түсінгендер көп. Ауданда мал басын асылдандыру бағытында 4 шаруашылық жұмыс істеуде. 2018 жылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша бүгінгі таңда Ордабасы ауданында асыл тұқымды қой басы 21 559-ға жеткен. Мәселен, «Сералы» шаруа қожалығы  «Ордабасы» асыл тұқымды қой ...

Читать далее »