Месячные архивы: Сентябрь 2018

Мақташылар мақсаты – мол өнім

 Қыркүйек келді дегенше, мақташы қауымның жұмысы қызды деңіз. Өйткені, тап қазір диқан қауымының ерте көктемнен еткен еңбегінің жемісін көретін шақ. Мақта теру науқаны Түркістан қаласы мен іргелес жатқан Иқан ауылында да қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Иқандық диқандардың көксегені- мол өнім жинап, ризығын арттыру. Мақтаны ірі шаруашылықтар да жеке тұлғаларда егеді. Күш – қуаттарында да айырмашылық болғанымен, бейнеті ...

Читать далее »

Түркістан облысында жеңіл өнеркәсіп саласы желкен керді

Түркістан облысында жеңіл өнеркәсіп саласы желкен керді.  Әсіресе, аяқкиім тігу өндірісі ілгері басып келеді. Айталық, таяуда ғана іске қосылған «LUX SHOES» серіктестігі аяқ киімнің 100-ден астам түрін тігіп жатыр. Күн өткен сайын өнім түрлері де көбейе түсуде. Кәсіпорын күніне 100-150 жұп аяқ киім шығаруға қауқарлы, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Бүгін қаладағы бірқатар аяқкиім сауда нүктелерін аралап шықтық. Бір байқағанымыз халық ...

Читать далее »

Ырысы тасыған Ақтөбе

Түркістан облысы Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округінде 14 елді мекен бар. Атап айтқанда Жуантөбе, М.Горький, Жаңадәуір, Ынтымақ, Көгерту, Қызыләскер, Ақжар, Қаратөбе, Көкбұлақ, Ғ.Мұратбаев, Қияжол, Құйған, Бозсу, Ескіқорған елді мекендері. Жалпы тұрғын үй саны — 3105, халық саны — 23533 адамды құрайды.  Ауылдық округ бойынша 9 орта, 2 бастауыш мектептері, 1 ауылдық аурухана, 4 ауылдық дәрігерлік емханасы, 2 мемлекеттік және 8 ...

Читать далее »

Түркістан облысы – көкөніс өндіру авангарды

Қазақстанның оңтүстік аймағының жауын-шашынсыз күндерін барынша тиімді пайдалану, ашық алқапта жылына 3 рет көкөніс өнімдерін өндіруге жету – ауыл дихандарының алға қойған басты мақсаттарының негізгісі болып келген. Осы мақсатты іске асыру үшін көкөніс өнімін алудың ілгерілемелі жаңа технологиялық үдерістері бойынша зерттеулер жүргізу қажеттігі өткір сипат алды. Осы мәселемен Техника ғылымдарының кандидаты Бердияр Есбатырұлы өзінің туған өлкесі – Түркістан облысындағы Келес ауданында ...

Читать далее »

Жаңа техника алу жеңілдеді

Түркістан облысындағы шаруаларға жаңа техника алу жеңілдеді.  «Ырыс» қаржы ұйымы жаңа жобаны қолға алды. Тың бастама тозған техниканы жаңалауға жәрдемдесіп, қажетті құрылғыларын сатып алуға септеседі, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Биыл ғана қолға алынған жаңа жоба «Ырыс Өркендеу» деп аталады. Бағдарлама игілігін кез-келген шаруа қожалық иесінің көруіне мүмкіндік бар. Ол үшін бас ауыртудың қажеті жоқ. Тек қана қожалықтың жұмыс істейтінін айғақтайтын ...

Читать далее »

Темір-бетон өнімдеріне сұраныс көп

Экономиканың өзегі — өндіріс. Оның ел дамуына қосар үлесі зор. Түркістандағы темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыт осы үдеден шығып келеді, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Кәсіпорын 2005 жылы «Нұр-строй ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып құрылған. Негізінен отандық шикізатқа иек артқан зауыт өнімдері тек ел аумағына тарайды. Қазір мұнда 130-дан астам жұмысшы екі ауысымда еңбек етеді. Жасыратыны жоқ, өтпелі кезеңдегі қиындық бұл зауытты ...

Читать далее »

Атомға иек арту – энергия тапшылығын жояды

Соңғы 10 жыл көлемінде елімізде энергия құнының айтарлықтай қымбаттағаны байқалады. Егер, алдын-алмаса бұл үрдіс тоқтамайды. Қайта үдей түсуі ықтимал. Сондықтан Қазақстан энергетикалық тапшылықтан құтылу үшін атом саласының дамуына қарқын беруі қажет. Өйткені, атомнан қуат алу Қазақстан үшін арзанға түседі. Елдегі баға саясатына талдау жасап жүрген саясаттанушы түркістандық Сәкен Мәжімбековтың пікірі осы. Ол — Атомды тек қырып жою қаруы деп қарамай, ...

Читать далее »

Түркістан түлеп келеді

Түркістан күн өткен сайын түлеп келеді. Қазір мұнда тазалық пен абаттындыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Онымен шаһардағы «Жарық Тазалық» серіктестігі айналысуда. Қазір бұл іске 200-дей жұмысшы мен 40-қа жуық техника жұмылдырылған. Қала тазалығы үшін мекеме қызметкерлері 24 сағат бойы екі ауысыммен жұмыс істейді, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Жалпы, қала тазалығы мен көріктендіру-абаттындыру жұмыстарына биылғы жылдың өзінде 320 миллион теңге қаралған. Ол ...

Читать далее »

Баспана мәселесі оң шешімін тауып келеді

Баспаналы болу — әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды мазалайтын ең басты проблема. Үйің болмай, күйің болмайды. Тұрғындарды тұрғынүймен қамту жолында да Арыс қаласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алдағы 2 жылда бұл аймақта 600 пәтер беру жоспарланған, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Арыс қаласының солтүстік шығыс бағытындағы Көктем—2 мөлтекауданы бүгінде құрылыс алаңына айналған. Мұнда әрқайсысы 36 пәтерлі 6 үй салынуда. Бұл үйдің әрқайсысының жобалық ...

Читать далее »

Түйе сүтінен сапалы ұнтақ өндірілуде

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында түйе шаруашылығын дамыту, сүт өнімін қайта өңдеп, сапалы құрғақ сүт өндіруге арналған семинар болып өтті, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Кеңеске сала мамандары мен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының түйе шаруашылығы мен айналысатын шаруашылық басшылары қатысты. Сондай-ақ, бұл жиынға біздің облысымызда жаңадан ашылған құрғақ сүт өңдейтін «ГОЛДЕН КЭМЭЛ ГРУПП ЛТД» ЖШС зауытының өкілдері шақырылды. Семинар-кеңестің күн тәртібінде ...

Читать далее »