Месячные архивы: Октябрь 2018

«Отбасы» аллеясында балалар алаңшасы ашылды

Шымкенттегі «Отбасы» аллеясында балалар алаңшасы ашылды. Игілікті іске мұрындық болған «Қазақстан Халық Банкінің» Түркістан облыстық филиалы балғындарға қуаныш сыйлады. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған шара қаржы компаниясының «95 жыл – 95 игі іс» жоспары аясында жүзеге асып отыр. «Отбасы» аллеясы Қошқар ата өзенін бойлай орын тепкен. Сəн-салтанаты жарасқан саялы демалыс орны мегаполис тұрғындары үшін таптырмайтын серуен алаңы. Мұнда жергілікті ...

Читать далее »

Өндірісін өркендетпек…

Бүгінде кәсіпкерлік саласынды жүргендердің дені кондитерлік өнім шығаратын шағын цехтардың тізгінін ұстап отыр. Тәтті нарығында ең өтімді өнім саналатындықтан алармандары жетерлік. Жұмсақ, дәмі бал татитын тәтті торттар, қытырлақ печеньелер өтімсіз болған емес. Түркістан облысындағы Жетісай ауданындағы «Мерейсұлу» кондитерлік цехы бүгінде ауданға ғана емес, көршілес өңірлерге де танымал. 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан цехта 18 түрлі кондитерлік өнім шығарылады. ...

Читать далее »

Жаңа технологияның артықшылығы көп

Түркістан облысында кәсіпкерлік саласы мықты дамыған аудандардың бірі Сайрам ауданы. Жылыжайлардың басым бөлігі, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары ең көп ауданның бірі саналады. Мал шаруашылығын дамытуға да күш салып отыр. Ет өндірумен қатар Сайрам ауданы сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда тұр. Оның үстіне, мемлекеттік бағдарламалармен алынып жатқан қаржыға, жергілікті кәсіпкерлер тек қана мал алуда. Аудан халқына сүт өнімдерін өткізу аса ...

Читать далее »

Үйдің берекесін кіргізетін әйел

Қариясы бар үй — қазына.  Әсіресе, әулеттің әрін келтіріп, кейінгі ұрпағының құлағына  ізгі ақылын құйып, өмірдің жөн—жосығын көрсете жол сілтеп отырар аяулы әжең болса, ол бір алтын көмбемен тең ғой. Осы күні әлдеқандай қария кісіні жазғыратындар, көпе—көрінеу сөгетіндер де табылады. Мұндайда әдемі қартая білу де өнеге ме дерсің?!             Көкірегі өсиет пен шежіреге толы, көненің көзін көрген, үрім-бұтағы десе аузында ...

Читать далее »

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» дәрісханасы ашылды

Шымкент аграрлық колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 жаңа есім» жобасы аясында колледж ұжымының 100 жаңа есімге енген ұлағатты ұстазы, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Досымбек Алмаханбетұлы Сыдық атындағы «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» дәрісханасының ашылуы салтанатты түрде өтті. Дәрісхананың ашылуына Түркістан облысының білім басқармасының басшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлы қатысты. Дәрісхана өсімдік шаруашылығы пәні бойынша ...

Читать далее »

Шаруалар 25 центнерден өнім жинауда

Түркістан облысындағы Жетісай ауданында мақта терімі қызу қарқын алды. Шаруалар үшін ақ алтынның алымы да жаман емес. Баға да әзірге көңіл толарлықтай. Әр келісі үшін 183 теңгеден бекітілген. Гектарынан 25 центнерден өнім алып жатқан шаруаларға дәл қазір ауа-райы қолайсыздық танытып отыр. Биыл Жетісай ауданында 48 226 гектар ақ алтын егілген болатын. Қазір күнделікті орта есеппен 95 гектарға жуық мақта теріліп ...

Читать далее »

Жарықтың жарқырауына инвестициялық бағдарламаның септігі мол

Биыл Мырзашөл өңірінде 100 шақырымға жуық жаңа электр желілері тартылды. Бұл игі тірлік «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 2016-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды otyrar.kz. Жаңғырту жұмыстарының барысында су жаңа 11 трансформатор орнатылған. Осының арқасында жергілікті халық тұрақты да, сапалы электр энергиясына қол жетікізіп отыр. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында ауқымды тірліктер Мырзашөл өңірінде ...

Читать далее »

Жұмыс нәтижелі, өсім бар…

Түркістан облысына қарасты Төле би ауданында облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысына 1 млрд 179,9 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 1 млрд 571,4 млн теңге болатын 5 мектептің жоба-сметалық құжаттамалары дайын. Одан басқа, 2 мектептің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жұмыспен қамту саласы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді ...

Читать далее »

Туристтік нысандарының жарнамасы көрсетіліп тұратын болады

Төлеби ауданы ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесінен кейін, аудан әкімінің Омарбеков Бауыржан Бақытұлының және аудандық мәслихатының хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлының, сондай ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, қала ардагерлерімен және Қала әкімі Болат Әділбековтің қатысуымен Ленгер қаласында жаңадан құрылған нысандардың таныстырылуы өтті. Таныстырылымда аудандық және арнайы шақырылған Облыстық БАҚ өкілдеріде болды. Бірінші кезекте Төлеби-Оқжетпес көшелерінің қиылысында орналасқан ҚР-ның мемлекеттік ...

Читать далее »

Жалпы өңірлік өнім 62 млрд. теңге

Бүгін кәсіпкерлер мектебі ғимаратының залында Түркістан облысына қарасты Төле би ауданы әкімінің 8 айдағы әлеуметтік-экономика дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы баспасөз брифингі өтті. Брифингке аудандық және облыс Бақ өкілдері мен тиісті бөлім басшылары қатысты. Брифинг басында Аудан әкімінің 8 айда атқарған жұмысы бойынша бейне жазба көрсетілді. Әрі қарай Аудан басшысы Омарбеков Бауыржан Бақытұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барысы жайында баяндады.  Төлеби ...

Читать далее »