Месячные архивы: Ноябрь 2018

Жастардың шаңырақ құрудағы жауапкершілігін нығайту мақсатында шаралар ұйымдастырды

Жеті қырдан асып, құда болу, жеті атадан ары құдандалы болу бұл елдігіміздің, ұрпақ жалғастығына апарар ежелден келе жатқан жол.  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе өткізген — «Құда бола қалсаңыз» этнотанымдық іс-шара Арыс жағасындағы «Ауыл» демалыс аймағында өтті.  Құдалықтың көнеден жеткен жөн-жоралғылары- қамшы ілу, ...

Читать далее »

Бала тәрбиесінің баспалдағы- отбасы

«Тұрмыстық зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық іс-шаралар жобасы аясында тұрмыстық зомбылықты болдырмау және оның алдын алу үшін тиімді шараларды аңықтау мақсатында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Бала тәрбиесінің баспалдағы- Отбасы» атты семинар-тренинг болып өтті.  Тұрмыстық зомбылық әлемдік мәселе. Бұл қылмыстың біздің қоғамда кездесетіні жасырын емес. Асқынып бара жатқан кеселден қалай айығамыз? Бұдан шығар жол қайсы? Қалай алдын аламыз? Осы сұрақтарға жауап алу үшін іс-шараға ...

Читать далее »

Отбасында зәбір көрсету бала психологиясына зиян

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» және бала құқығын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел семинар-кеңес өтті. Семинарда республикада және облысымызда қабылданып жатқан жол картасы талқыланды. Дөңгелек үстелге аудан, қалалардан келген әлеуметтік сүйемелдеу сектор басшылары, балалар үйлерінің басшылары және ҚР Қоғамдық даму министрлігінің отбасы және жастар істері жөніндегі комитетінің өкілі Е.Халбаев қатысты. Кеңесте әрбір маман өз ұсыныстары мен бөлісіп, талқыланды. ...

Читать далее »

«Жас отау» — жастарды жақсы отбасын құруға тәрбиелейді

  Түлкібас ауданы бойынша Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Жас отау» айдары ашылып, жиынға аналар алқасы қатысып өздерінің ақыл кенестерін айтып бағыт бағдар беріп, жанадан тұрмыс құрған  Қамбарбек Ардақ Мадиярұлы жұбайы Татеева Сабина Болатқызы және Куланов Дониер Алишерұлы жұбайы Махсудова Умида ...

Читать далее »

Мақтарал ауданы, Нұрлыбаев ауылының әкімі жастармен кездесті

Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» комунналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі округ жастармен кездесті. Кездесуге жергілікті округке қарасты мектептерден оқу озаттары, аудан, облыс, республика көлемінде танымал жастар, талантты жастар және жұмыссыз жастар мен ата-аналар комитетінің төрағалары, ауыл ақсақалдары арнайы қатысты. Кездесу барысында ел ағалары мен ақсақалдары өз ойла­рын ортаға салып, әлемде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға қа­тысты пікір­лерін ...

Читать далее »

Састөбелік оқушыларға психолог кеңес берді

  Түлкібас ауданы Састөбе поселкесіне қарасты Макаренко атындағы ЖОМ 7-11 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықпен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу екі бағытта жүргізілді. Бірінші бағытта «Құқық бұзушылықтың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді. Екінші бағытта «Келеңсіз оқиғалар мен жат қылықтардың алдын алу» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг жүргізілді. ...

Читать далее »

Ана отбасының жылуы

Аналарды ардақтап, құрмет тұту – жалпыға ортақ парыз. Отбасы берекесінің ұйытқысы болған асыл жандарға  Қазығұрт билігі ерекше құрмет көрсетті. Шанақ, Ақжар ауылдарында тұратын Қазығұрттық 50 батыр ана Түркістан облысының орталығымен танысып, киелі жерлерді аралады.   Алтын құрсақты аналар алдымен, көне Отырардағы Арыстанбаб кесенесіне табан тіреді. Ондағы сәулеті келіскен ескерткіштің тарихымен танысып, баба рухына құран бағыштады. Қасиетті жердің кереметімен танысқан аналар қауымы  ...

Читать далее »

Түркістанда18 балалы отбасы бар

«Бір баласы бардың шығарда шықпас жаны бар, он баласы бардың орда бұзар қолы бар». Бүгінде Жұмашевтар әулиеті Түркістан облысына түгел мәлім. Кентау қаласының тұрғындары 18 баланы тәрбиелеп, ұлдарына отау құрып, қыздарын құтты орнына қондырған мерейлі отбасы. Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған жанұяның негізі84 жастағы Ысқақ қария мен жұбайы Гүлжахан Керімбайқызы. Қиын қыстау заманда бас құрап, 5 баланы дүниеге әкелген қариялар ...

Читать далее »

Тәрбие негізі балабақшадан бастау алады

Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелерi назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесi — мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзiнiң Жолдауларында егемен елiмiздiң азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рөлi барын баса айтып келедi. Баланың қоғамдық әлеуметтiк дамуына мектепке дейінгі мекемлердің алар орны орасан. Себебі, жас шыбықтай иілгіш бүлдіршіндердің нағыз қалыптасар шағы балабақша жасында екені даусыз. Сондықтан бөбекжайлардың санын арттырып, ...

Читать далее »

735 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

2018 жылдың 10 айында Түлкібас ауданы бойынша 735 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 735 отбасыдағы адам саны 3829 . Оның ішінде шартты ақшалай көмек тағайындалғандар саны 564 отбасы. 564 отбасыдаға адам саны 3105. Олардың ішінен 233 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 3 адам жеке кәсібін ашты, 11 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 14 адам қысқа мерзімді оқуға, 65 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды және ...

Читать далее »