ОҚО-НЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕ ӨСІМ БАР

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім байқалып келеді.Атап айтқанда, индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған жобалардың 94 %-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 101 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Нәтижесінде, оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 %-ға өсті.
Мұнан бөлек, өңірде жаңа өнім түрлерін өндіретін жаңа өндірістік нысандар іске қосылды. Облысымызға импортталатын өнімдер — су насостары, керомограниттік плиталар, кілемдер, МДФ тақтайлар және өзге де тауарлар өңірімізде шығарылса, цемент, мотор майы, кілем, мата, дәрі-дәрмек, трансформаторларды экспорттау қолға алынды. Облысқа 79,4 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2016 жылдың тиісті кезеңінен 2 есе артып отыр.Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 37 млрд.теңгеге 17 жобаны іске қосып, нәтижесінде, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Облыс өнеркәсібі өнімінің көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізу, яғни, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 900 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделуде.Ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа драйверіне айналдыру жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, осы жылы егістік көлемі 792,5 мың га жеткізіліп, интенсивті бау аумағы ағымдағы жылы 1 500 га ұлғайтылады. Сонымен бірге, 300 га жерге жаңғақ, 200 га бадам бауларын отырғызу жоспарлануда. Жылыжайлар алаңы 1 323 га құраса, 3 013 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары, 722 бірлік жанұялық сүт фермалар, 14 бірлік шағын құс фермалары, 4 бірлік балық шаруашылықтары ашылады деген болжам бар.Шымкент қаласын үшінші ірі мегаполиске айналдыру жұмыстарының барысы да айтарлықтай. Бүгінгі таңда шаһарда 19 көпқабатты үйдің, 1 200 орынды мектептің және басқа да нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр.«Shymkent City» жобасы басталып, онда инженерлік-коммуникациялық жүйелер мен жолдардың, 10 көпқабатты тұрғын үйдің, 49 га саябақтың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Шымкентті жасыл қала мәртебесіне айналдыру мақсатында «Шатқалдар» жобасы бойынша 141 га аумақ анықталып, 5 қоғамдық демалыс орындары ашылмақ. Ал тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 700 мың шаршы метрді құрайтын 8 052 пәтер пайдалануға беріледі.Салық түсіміне келсек, 2017 жылдың 3 айында мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 72,3 млрд. теңгені құрап, жоспардан 12,4%, өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,3% артты. Жергілікті бюджетке 27,4 млрд. теңге түсіп, жоспардан 14,4% және өткен жылдың тиісті кезеңінен 7,3% артты.Жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 21 192 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіліп, жалпы 3 330 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлікті дамытуға ұсынылатын шағын несие көлемі 2 есеге көбейді.

338 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*