Авторские архивы: admin

Қазақстан БҰҰ-ның қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде кезекті жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шара Нью-Йорктегі дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың өкілдері және жергілікті тұрғындар үшін маңызды мәдени оқиға болып табылады. Аталған іс-шара дәстүрлі түрде БҰҰ Бас хатшысы жұбайының қамқорлығындағы «БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің елшілері мен дипломаттар жұбайларының клубы» атты әйелдер қауымдастығымен ұйымдастырылады. Ашылу салтанатында БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының төрағасы Чаба Кёрёши құттықтау сөз ...

Читать далее »

Сербияның туристік өңірі – Златибор округінде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

 Консулдық округіне Златибор әкімшілік округі кіретін Сербияның ең көрнекті өңірлерінің бірінде Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Сербия Республикасының Еңбек, әлеуметтік қорғау және ардагерлер істері бойынша министрі Никола Селакович, Сыртқы істер министрінің орынбасары Мирьяна Живкович, Ужице қаласының мэрі Елена Ракович-Радивоевич және Златибор округінің басшысы Десимир Попович, сондай-ақ Сербияның іскерлік, академиялық және шығармашылық топтарының өкілдері қатысты. Қазақстан Елшісі Мәди ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты. Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы ...

Читать далее »

Дархан Сатыбалды Қытайдың Бас консулымен кездесті

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй бастаған көрші ел өкілдерімен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері мен екіжақты ауқымды жобалар мен тауар айналымы турасында пікір алмасты. Облыс әкімі жуырда Түркістан облысы делегацияның Қытай еліне жасаған іссапарынан соң бірқатар келісімдер жасалғанын атап ...

Читать далее »

ТҮРКИЯ ҮШІН ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ БӨЛЕК

Туризм саласын дамытуда Түркия әлем бойынша жетекші орында. Ел экономикасынан түсетін басты кірістердің бірі туризм саласына тиесілі. Бұл туралы Алматыда қазақ журналистермен кездескен Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы кеңесшісі Алпарслан Акынджы мырза мәлімдеді: “2022 жылғы деректерге сәйкес, былтыр Түркияға келген туристер саны 51,4 миллионнан асты. Бұл індет басталмай тұрғанда (2019 жылы) рекорд болған 51,8 миллионның ...

Читать далее »

Анталияның Финике ауданы Cittaslow тізімінде

Анталияның тарихи ауданы Финике табиғи сұлулығымен, дәмі тіл үйіретін тағамдарымен және тіршілік ағысының баяулығымен Халықаралық Gittaslow қауымдастығының назарына ілікті. Аталған ұйымның мәлімдеуінше, Түркияда адамдар асықпай өмір сүретін 22 баяу қала мен аудан бар. Үш жылдан астам талпыныс пен кеңестің нәтижесінде Анталияның сүйікті қалаларының бірі Финике қоршаған орта, инфрақұрылым, қалалық өмір сапасы, әлеуметтік келісім және қонақжайлылық критерийлеріне сай болғандықтан, «баяу қала» ...

Читать далее »

Стамбұл: Шығыс және батыс мәдениеті үйлесім тапқан шаһар

Жұмыс барысында Стамбұл қаласына жол түсті. Жүз естігенше, бір көрген артық деген. Бұл саяхаттың негізгі мақсаты – әсем шаһардың көрікті жерлерін аралап, тарихына қанығу. Алғашқы барған нысан – Сұлтанахмет немесе Көкмешіт. Бүгінде Түркияның символына айналған, әлемнің сәулет өнеріндегі ұлы туындылардың бірі – бұл мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген. Көк мешіт 1616 жылы Византия королі өмір сүрген қамалдың орнына салынған, құрылысы жеті жыл бойы жүргізілген екен. Әшекейлеген тасының ...

Читать далее »

Стамбұлда әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бас қосады

Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда өтеді. 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына басқосу өтеді. Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) және қауымдастықтар мен конференциялар форумымен (AC) бірлесіп ұйымдастырылатын екі күндік бағдарлама ICCA және ...

Читать далее »

Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияров арнайы брифинг өткізді

Мазмұны: Алдағы Астана халықаралық форумы туралы; Босния мен Герцеговина Президиумы Төрағасының алдағы сапары туралы; АҚШ сауда миссиясының Қазақстанға алдағы сапары туралы; Алғашқы қазақстандық-француз декарбонизация күні туралы; Халықаралық ұйымдар өкілдерінің сапарлары туралы    Алдағы Астана халықаралық форумы туралы 2023 жылғы 8-9 маусымда Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған Астана халықаралық форумы өтеді. «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс ...

Читать далее »

Қазақстан БРИКС+ форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында өткен БРИКС+ форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты. Жоғарыда аталған іс-шараға БРИКС-ке мүше мемлекеттер (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) және арнайы шақырылған елдер – «БРИКС достары» (Қазақстан, Аргентина, Бангладеш, Бурунди, Габон, КДР, Мысыр, Иран, Индонезия, Комор аралдары, БАӘ, Сауд Арабиясы, Уругвай) қатысты. Қазақстан осы форумға АӨСШК-нің ...

Читать далее »