Авторские архивы: admin

Болгария Қазақстанның мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды

Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту және профилді ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Мәдениет министрі Найден Тодоровпен кездесу өткізді. Мазмұнды әңгіме барысында қазақстандық дипломат болгар әріптесіне халықтарымыздың терең тарихи және мәдени байланыстары, елдер арасындағы достықтың көпірі болып табылатын өзара мәдени орталықтар және Қазақстанда мәдениет пен өнер саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы ...

Читать далее »

«Masdar» компаниясы Жамбыл облысында жел электр станцияларын салады

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Менилбеков «Masdar» Бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті, онда келіссөздер барысында тараптар компанияның Жамбыл облысында жел электр станцияларын салу жоспарын растады. Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар ү. ж. 8-9 маусымында өтетін Астана халықаралық форумы барысында «Masdar» Қазақстанның мемлекеттік органдарымен жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қояды деп уағдаластыққа қол жеткізілді. Анықтама: 2006 жылы құрылған «Masdar» ...

Читать далее »

АҚШ-тың Cауда миссиясы Қазақстанға ресми сапармен келді

АҚШ Сауда палатасы, Сауда министрлігі және Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі ұйымдастырған сертификатталған америкалық сауда миссиясының Қазақстанға бірінші сапары өтіп, оған 20-дан астам америкалық ірі компаниялары, оның ішінде ExxonMobil, Boeing, GE, Baker Hughes, Citibank, Google, Microsoft, Apple және т.б. қатысты. Бағдарлама аясында бизнес-делегация Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстел, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы, АХҚО ұйымдастырған Астана халықаралық форумына және Astana Finance ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына келді Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент резиденциясында Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қарсы алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Режеп Тайип Ердоғанды Түркия Президенті болып сайлануымен құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты.    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен ...

Читать далее »

Әлихан Смайылов Еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичпен келіссөз жүргізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Марос Шефчович Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Премьер-Министр Қазақстан Еуропалық Одақпен инвестициялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар соңғы жылдары аса маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі де өзекті болып отыр. Әлихан Смайылов ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге және Үндістан халқына теміржол апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. – Одиша штаты, Баласор елді мекенінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. ...

Читать далее »

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің екінші кездесуіне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттердің Шолпан-Ата қаласында өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы екінші кездесуіне қатысты. Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіске қарамастан, аймақтық диалогты күшейткеніне ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, бұл істе Еуропалық Одақтың атқарған рөлі зор. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Орталық Азия мен ЕуроОдақ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасы мол.  – Өткен жылдың қорытындысы бойынша Еуропадан Қазақстанға тартылған инвестиция ...

Читать далее »

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің бірлескен баспасөз-коммюникесі

2023 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов (Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов тұлғасында) және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель Шолпан-Атада жоғары деңгейдегі екінші өңірлік кездесудің өткізілуін құптады. Ашық және сындарлы кездесу барысында қатысушылар өткен жылғы Астана қаласындағы ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде сөз сөйледі

«Былтыр қараша айында Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бірге Тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңғыртылатын сутектің құнын жасақтау тізбегі бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойдық. Біздің көпқырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін мүмкіндік мол. Географиялық жағдайын ескере отырып, Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді кооперацияны кеңейту үшін өзінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің барлық спектрін іске ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен кездесті

«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті аясында Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельмен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті. Еліміздің Еуропалық Одақпен жасаған Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде ЕуроОдақ – Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі ...

Читать далее »