Авторские архивы: admin

Римде қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларының таныстырылымы өтті

Қазақстанның Италиядағы Елшілігінде «Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында» атты тақырыпта қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларының таныстырылымы өтті. Оған итальяндық дизайнерлер, өнертанушылар, суретшілер, дипломатиялық корпус өкілдері, журналистер және т.б. бар 100-дем аса адам қатысты. Таныстырылымның мақсаты – итальяндық аудиторияны сәндік-қолданбалы өнерде болып жатқан үрдістер арқылы Қазақстанның ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру, себебі ол кез келген мәдениеттің құрамдас бөлігі және қалыптасу құралы ...

Читать далее »

Бакуде қазақтың даңқты мұнайшысы С. Өтебаевтың барельефі ашылды

Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде (ӘММӨУ) қазақтың әйгілі мұнайшысы, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым және техника қайраткері Сафи Өтебаевқа арналған барельефтің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Іс-шараға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінің ректоры Мұстафа Бабанлы, «Теңізшевройл» компаниясы бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов, Сафи Өтебаевтың ұлы Мақсұт Өтебаев, ӘММӨУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Ә. Байел ...

Читать далее »

Испаниядағы ең ірі кітап жәрмеңкесінде Қазақстанның әдеби жауһарлары ұсынылды

Испаниядағы әдебиет сүйер қауымға арналған ең ауқымды шара саналатын Мадрид кітап көрмесінде қазақ поэзиясының, прозасының інжу-маржандары, сондай-ақ қазақтың ұлы ойшылы Абайдың философиясы ұсынылды. Көрменің ашылу салтанатына Испанияның Мәдениет және спорт министрі Микель Исета, Мадрид қаласының мэрі Хосе Луис Мартинес-Альмейда және басқа да саяси және мәдени истеблишменттің көрнекті өкілдері қатысты. Биыл Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі мен «VISOR» баспасының қолдауымен испан тілінде жарық ...

Читать далее »

СТАМБҰЛДАҒЫ АРАСТА БАЗАРЫ

Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде атты әскерлерге қажетті заттарды сатқан базар бүгінде жершілікті және шетелдік туристер жақсы көретін тарихи мекенге айналған. Шағын базардың ішінде түрлі кәдесыйлар, кілем, Изник қаласында өндірілген керамикалық заттар, орамал, төсекорын жабдықтары, киім-кешек, басқа да текстиль өнімдері, түріктің ұлттық тәттілері мен дәмдеуіштері сатылатын 70-тен ...

Читать далее »

СТАМБҰЛДАҒЫ УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ

Биыл 10 маусымда Стамбұлдағы Ататүрік Олимпиада стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді. Сұлу да сиқырлы шаһарға ойын тамашалауға келген жанкүйерлер қауымы футболмен бірге рухани азық алып қайтады. Қызықты мәдени және көркем өмірімен, дәмді дәмімен, тарихи орындарымен, қайталанбас қалалық сәулетімен, қыз-қыз қайнап жататын түнгі өмірімен және ойын-сауық-сауда орындарымен баурап алатын Стамбұл туристер мен жанкүйерлерді асыға күтеді. Чемпиондар фестивалі УЕФА Чемпиондар ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Мемлекет басшысы Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянға ілтипат білдіре отырып, бүгінгі кездесу екі елдің ынтымақтастығын нығайту жолдарын талқылауға орайлы сәт екенін атап өтті. – Биыл жыл басында Әмірліктерге жасаған сапарымды және ел басшылығымен өткізген кездесулерімді жылы сезіммен еске аламын. Қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел халықтарының игілігі үшін қызмет етіп жатқанын ерекше атам өтемін. ...

Читать далее »

Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсаукесері өтті

Қытай астанасында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің көрнекті қайраткерлері Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және басқалардың 30 белгілі музыкалық шығармасын қамтитын қытай тіліндегі танымал қазақ әндерінің алғашқы аударма жинағының тұсаукесері өтті. Әндерді аударуды Музыка халық баспасының жәрдемімен белгілі жазушы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Әкбар Мәжитұлы жүзеге асырды. Іс-шараның қонақтары Қытайдың мемлекеттік органдары, академиялық және ...

Читать далее »

Еуропалық парламенттегі дөңгелек үстелде Қазақстан мен Моңғолиядағы конституциялық реформалар талқыланды

Еуропалық парламентте аймақтағы саяси өмірді демократияландырудың өзекті үрдістеріне арналған «Қазақстан мен Моңғолиядағы конституциялық реформалар үдерісі: тағылымы мен көкжиегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Еуродепутат Влодзимеш Чимошевичтің бастамасымен өткен іс-шараға Еуропалық парламенттің және мүше мемлекеттердің ұлттық парламенттерінің депутаттары мен қызметкерлері, Еуроодақтың өзге де негізгі институттарының, дипломатиялық корпустың, ғылыми-зерттеу құрылымдарының, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан дөңгелек ...

Читать далее »

Еуропалық парламенттегі дөңгелек үстелде Қазақстан мен Моңғолиядағы конституциялық реформалар талқыланды

Еуропалық парламентте аймақтағы саяси өмірді демократияландырудың өзекті үрдістеріне арналған «Қазақстан мен Моңғолиядағы конституциялық реформалар үдерісі: тағылымы мен көкжиегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Еуродепутат Влодзимеш Чимошевичтің бастамасымен өткен іс-шараға Еуропалық парламенттің және мүше мемлекеттердің ұлттық парламенттерінің депутаттары мен қызметкерлері, Еуроодақтың өзге де негізгі институттарының, дипломатиялық корпустың, ғылыми-зерттеу құрылымдарының, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан дөңгелек ...

Читать далее »

Италия діни қауымдастығының өкілдері Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің қорытындыларын талқылады

Әлемдегі ең көне университеттердің және Италияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Римнің Сапиенца университетінде 2022 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Италия дінбасылары, Сапиенца университетінің профессорлар құрамының мүшелері, мәдениеттанушылар, дінтанушылар, журналистер, аспиранттар, студенттер және т.б. қатысты. «COREIS» исламдық діни қауымдастығы мен Сапиенца университеті ұйымдастырған дөңгелек үстел аясында Әлемдік ...

Читать далее »