Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша теннистен әлем чемпионатының іріктеу турнирі мәресіне жетті. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар қола жүлде үшін матчта Таиланд құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Алдымен Заңғар Нұрланұлы қарсыласын 7:5, 6:0 есебімен ұтты. Әмір Омарханов 20 минут ішінде есепті 6:0, 1:0 қылды. Содан кейін таиландтық ойыншы бәсекені жалғастырудан бас тартты. ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай телеарнасына берген сұхбатында не айтты?
ҚазАқпарат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатынан үзінділер жариялайды. – Әділдікті ту еткен Жаңа Қазақстан құрғыңыз келетінін талай рет айттыңыз. Өзіңіздің ел басқару философияңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз. Жалпы, Қазақстанды қай бағытта дамытқыңыз келеді? – Мен елімнің Еуразия құрлығында жүріп жатқан үдерістердің ортасында болғанын қалаймын. Қазақстан әлемнің осы бөлігіндегі сауда жолдары мен халықаралық қатынастарды реттеуде аса маңызды рөл ...
Читать далее »Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады. Тараптар қазақстандық-америкалық әрекеттестіктің өзекті мәселелері мен перспективалары бойынша пікір алмасты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі мен алдағы іс-шаралар кестесін талқылады. Министр екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары динамикасына қанағат білдіріп, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі белсендету маңыздылығын баса атап өтті. ...
Читать далее »Саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелері Еуроодақ Елшісімен талқыланды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың (ЕО) Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Елші Кестутис Янкаускаспен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің әлеуетін толық іске асыру жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады. СІМ басшысы КӘЫК-та көзделген диалог алаңдарының тиімді жұмысын, сондай-ақ өңіраралық деңгейде қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап өтті. ...
Читать далее »Қазақстан СІМ-де Ұлыбританияның Корольдік қорғаныс зерттеулер колледжінің өкілдері үшін брифинг өтті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Корольдік қорғаныс зерттеулері колледжінің (RCDS) қатысушыларына брифинг өткізді. «RCDS» – Құрама Корольдіктің және басқа елдердің аға офицерлері мен лауазымды тұлғаларын даярлауға арналған Ұлыбританияның әскери академиясының колледжі. «Жаһандық стратегия» бағдарламасы аясында Қазақстанға келген топтың құрамына АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Катар, Кувейт, Ливан, Непал, Румыния, Ұлыбритания, Чили және басқа елдердің өкілдері кірді. ...
Читать далее »Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджуны қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджуны қабылдады. Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. М. Нұртілеу қазақ-түрік қатынастарының үлгілі сипатын атап өтіп, сауда-экономикалық ықпалдастық пен өндірістік кооперацияны одан әрі нығайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қажеттілігін мәлімдеді. ...
Читать далее »Халықаралық қатынастар жүйесінде 30 жылдан астам жұмыс істеген дипломат
Бүгін Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы бірінші Тұрақты өкілі, бұрынғы Сыртқы істер министрі, Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова 75 жылдық мерейтойын атап өтуде. Аса құрметті Ақмарал Хайдарқызының Тәуелсіздік таңында егемен Қазақстанның дипломатиялық қызметінің қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі, халықаралық саяси қызметтегі, әлемдік қоғамдастықта ұлттық мүдделер мен игі бастамаларды ілгерілету жөніндегі іс-шаралардағы белсенді еңбегі, сондай-ақ мемлекетіміздің игілігі үшін жанқиярлығы ...
Читать далее »Түркістандық қолөнершілер Әзірбайжандағы халықаралық фестивальде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді
Қазақстан түркі елдерімен мәдени байланысты нығайта түспек. Осы орайда, Әзірбайжан Республикасының Шуша қаласында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен «Түркі әлемінің мәдени астанасы — Шуша 2023» іс-шарасы және «Хары-бюльбюль» халықаралық фольклорлық фестивалі өтіп жатыр. Аталған іс-шараларға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды түркітілдес мемлекеттердің өкілдері де қатысып жатыр. Бүгін Шушадағы мәдени іс-шараларға түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлері арнайы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының ...
Читать далее »Түркістан облысының делегациясы Қытайға іссапармен барып, маңызды келіссөздер жүргізді
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, бірнеше қалаларындағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен танысты. Экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде енгізу, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру – басты мақсат. Жұмыс сапары барысында ауқымды Қытай нарығының тәжірибесін пайдалана отырып, Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі мен ...
Читать далее »100 игі іс: Halyk мұқтаждығы бар елорда тұрғындарының үйіне газ жүргізеді
Астана және Halyk әкімдігі «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы Меморандумға қол қойды. Газдандыру халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары (ХӘОТ) санатындағы азаматтардың тұрғынүйлеріне, олардың арасында жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға жүргізіледі. Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында іске асырылуда. 2023 жылы Halyk Bank қаражаты есебінен мұқтаждығы бар отбасыларға 230-ға жуық тұрғынүйі – Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында тұратын 130 үйді газға толықтай қосу үшін қаржыландыру жоспарлануда. «Астанада «Алматы» және «Сарыарқа» аудандары газбен толық қамтамасыз етілген. Бұл шамамен – 12 мың отбасы. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудеміз: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-аққұны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледі. Бұрын банкпен пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Енді Halyk-пен елордадағы 100 үйдітегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек. Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі ХӘОТ санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін ұсынды. Оларға материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді. Банк Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, Halyk бірнеше жыл бойы газдандыру мәселесін шешуге өз ресурстарын салуда: «Біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін – банктік қызметтерін жетілдіру арқылы да, бүкіл республика бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы да үнемі жұмыс істеп келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырды, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен несие берудің жеке бағдарламасын іске қосты. Газдандыру жобасын жалғастыра және кеңейте отырып, біз бірден екі міндетті – отандастарымыздың неғұрлым осал топтарына көмектесуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға барынша үлес қосуға тырысамыз». Қазақстанның барлық аймақтары үшін газдандыру мәселесіөзекті күйінде қалып отыр. Жыл басында Үкіметотырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының елдегі газдандыру деңгейін 60 пайызғажеткізу туралы тапсырмасын еске салды. Ол үшін 11,8 миллионнан астам тұрғыны бар 1800-ден астам елді мекен газдандырылуы тиіс. Банк мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың бірлескен және жан-жақты күш-жігері қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оң өзгерістерге әкелетініне сенімді.
Читать далее »